Fingramota.kz жобасының сарапшылары Kazakhmys Вarlau компаниясының қызметкерлері үшін оқу жүргізді. Дәрістер курсы Қарағанды облысындағы геотехникалық полигонда тікелей дала жағдайында өткізілді, өйткені технологиялық процесті тоқтатпау және мамандарды жұмыстан ажыратпау өте маңызды.
Үш күндік курс аясында қатысушылар қаржы реттеушісінің қызметі туралы, қаржы өнімдерімен, бірінші кезекте – кредиттермен сауатты жұмыс істеу туралы білді. Қатысушылардың нақты кейстері мен проблемалық жағдайлары талданып, алғашқы консультативтік және құқықтық көмек көрсетілді.
«Қызметкерлердің құзыретін кәсіби тұрғыда ғана емес, жеке өсу, құқықтық және қаржылық сауаттылық шеңберінде де дамыту өте маңызды. Өйткені, сауатты қызметкер – тиянақты және сенімді қызметкер. Ол өзінің қаржылық жағдайына алаңдамайды және негізгі қызметке көбірек көңіл бөледі», - деп атап өтті Kazakhmys Barlau HR-қызметінің басшысы Ердос Жомартбеков.
Қатысушылар сондай-ақ қаржылық лайфхактарды білді, бюджеттеумен және қаражаттың сапалы бөлінуімен танысты, сондай-ақ өз уақыттарын сауатты бөлуді және мақсат қоюды үйренді. Курс сонымен қатар қолда бар кредиттерді жылдам өтеу дағдыларын, сондай-ақ қаржылық алаяқтыққа қарсы пайдалы ақпаратты қамтиды.
Fingramota.kz жобасының өкілі Дмитрий Акмаев, сондай-ақ, банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтардың кредиттер бойынша проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай және міндетті тәртібі туралы айтты.
Оның басты артықшылығы – кредит беруші бірден сотқа жүгіне алмайды немесе қарызды сата алмайды. Алдымен ол қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алатын талаптарды табуға тырысуы керек. Яғни белгілі бір ымыраға келу жолын табуы қажет.
Бұл тәртіп Қазақстанда 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданыста және 1,5 млн қарыз алушыға кредит беру шарттарының талаптарын өзгертуге көмектесті. Қазір тұтынушылық кредит беруде шамадан тыс кредит алуға және тәуекелдерді азайтуға ықпал ететін түзетулердің жаңа блогы қабылданды.
«Жақын арада біз басқа кәсіпорындар үшін осындай оқыту курстарын іске қосуды және әр түрлі қаржы өнімдері туралы қызметкерлеріміздің білімдерін тереңдетуді жоспарлап отырмыз», - деді Ердос Жомартбеков.
Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт