Алаяқтарды үнемі қорғаушылардың алдында бір қадам алда жүреді дейді. Олар ахуалға тез икемделеді, кез келген жүйенің осал жерлерін тауып алады және оларды азаматтарды сеніміне кіріп, олардың баю ниетін пайдалана отырып өз мүддесіне пайдаланады. Әлемдік шырмауықтың пайда болуы олардың міндетін жеңілдетті. Және де алдауға түсіп, ақшаға алданғандар алаяқтықтың бір торынан шыққанша, «қаржы қарақшылары» аса қарсыластыққа кез болмай-ақ, ақшаны арам жолмен алудың басқа тәсілдерін табады.
Заманауи коммуникация құралдары: интернет, электрондық пошта, қалалық және мобильдік телефондар бөтен шоттарға кеңінен ашылған есік болады. Алаяқтар өздерінің құрбандарының байланыс деректерін оңай тауып алады. Олар мұны қалай істейді? Мұны шешу – арнайы қызметтердің құзыреті. Біздің міндетіміз алаяқтардың қармағына түсіп қалмау, себебі олар хат жазысып немесе телефонмен сөйлесе отырып сенімді түрде, қулықпен, көлгірсіп әрекет жасайды, ал адам өзінің барлық қажетті ақпаратты беріп отырғанын білмей қалады. Сонымен, егер қаржы қарақшылары сізге шабуыл жасаса, не істеу керек?
Жанашыр адвокаттың көмекке келуі
Бұл бастапқыда бастан өткен кезең сияқты болып көрінеді: электрондық мекенжайларға алыстағы Нигерияда (немесе қандай да болсын бөтен басқа елде) сіздің туысқаныңыз қайтыс болды, сізге мұра қалдырды, Адвокат – мистер Х. ауқымды зерттеу жүргізіп, сізді тауып алды деген хаттар келеді. Егер хатта қандай да болсын кездейсоқ, мысалы, сіздің анаңыздың қыз кезіндегі тегі немесе сіздің бұрынғы жұмыс орныңыз туралы ақпарат болса, таңданбаңыз: бұлар ақпаратты іздеп табуға шебер адамдар. Одан әрі қарапайым өтініш жасайды: мұраны алу үшін оның елінде мұраның сомасымен салыстырғанда түкке тұрмайтын салық төлеуіңіз керек. Ол үшін осы соманы көрсетілген шотқа аударуыңыз қажет…
Ақшаны аударғаннан кейін ойын аяқталуы не аяқталмауы да мүмкін: «адвокат» картаның нөмірін, CVV-кодтарды және тіпті PIN-ді сұрайды… сондай-ақ осы жерде сіздің сенгіштігіңізді пайдаланады және Бендер жолдас айтқандай, сізден пәтеріңізден кілтін, ақшаның қайда жатқанын сұрайды.
Осы жағдайда не істеген дұрыс, – «Нигериялық атаны» және оның адвокатын жедел оқшаулап тастау керек. Бірақ, сен оларды есіктен қусаң, олар тесіктен кіреді, – деген сияқты …
«Сәттіліктің» таңдауы сізге түсті
Бейтаныс aftsm@priorbank.by электрондық поштасы арқылы жолданған хатта: «Сіздің балансыңызға 1000$ түсті», – деп қуана хабарлайды және «Биткойн қайтадан рекорд орнатты! Енді Сіз біздің командамыздасыз және пайданың бір бөлігін өзіңізге ала аласыз. Бұл - тәулігіне шамамен екі дана көк қағаз деген сөз. Көк қағаздың біріншісін Сіз кассадан ұзамай-ақ алуыңызға болады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, бұл Сіздің қазіргі жалақыңыздың кем дегенде 3-4 бөлігі, егер Сіздің күмәніңіз болмаса, Сіз бұл соманы 24 сағаттың ішінде бір рет алып отырасыз. Барлығы айқын, бәрі заңға сәйкес. Крипто елді жаулап алады, біз де шетте қалмадық. Сіздермен бөліскіміз келеді. Сәттілікті алыстан іздемеңіз, ол өз жаныңызда, айналаңызда. Ұнамаса, бұрылып кете беріңіз. Егер ұнап жатса, достарыңыз бен туыстарыңызды шақырыңыз ... ».
Мұндай хабарламалар мыңдаған қазақстандықтардың мекенжайларына келеді. Мысалы, беймәлім nsvxav@pop3.ru өз адресаттарына: «аккаунтыңыздың балансына ****** тенге төлемі аударылды. Алғыңыз келе ме? Толық ақпаратты click.mail.ru сілтемесі бойынша білуіңізге болады» деген хабарлама жібереді.
Ал, мынау kui@front.ru сайтынан алынған «үлгі»: «Біз сізді мүлдем кездейсоқ таңдадық! Сіз 55 000 тенге дейінгі бонустың ұтысында жеңімпаз атандыңыз! Дөңгелекті жылдам айналдырыңыз!» Мұнда да «айналдырыңыз» деп үндеген гиперсілтеме! Бірақ қандай жағдайда да бұлай істемеңіз. Сіз виртуалды барабанды қаншалықты айналдырсаңыз да, әккі алаяқты жеңе алмасыңыз анық.
Қаржы жағынан сауатты көптеген пайдаланушылар бұл хаттарды асқан сақтықпен жояды және мұндай алаяқтық фактілері жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкі мен құқық қорғау органдарына хабарлайды. Олар мұндай жомарттықтың астарында не жатқанын жақсы біледі. Алайда, сілтемені ашатын, жалған бақыттың виртуалды дөңгелегін «айналдыратын», хат алмасатын және адресаттарға банк деректемелерін жиі жіберетіндер де бар. Бақытты адамның қалай таңдалатындығы туралы сұрақтар туындап жатса, кәнігі алаяқтар олардың мекенжайы, телефон нөмірі немесе аты-жөні кездейсоқ сан әдісі арқылы таңдалғандығын, Сәттіліктің дәл өзіңізге күліп қарағандығын айтады.
Интернетте осындай Сәттілікке оп-оңай тап боласыз, ол жерде Сізге банктердің ұтыс ойындары мен акцияларына қатысу ұсынылады. Фейкньюс тек саяси жаңалықтарда немесе сары баспасөзде ғана тиімді емес. Сондай-ақ фейк жүлделер қаржы алаяқтары үшін де аса тиімді, өйткені ол жерде ойынға тұрарлық ақша мөлшерлемелері бар. Интернетте жасанды сайттар, бір-бірінен аумайтын сайттар, белгілі қаржы институттарына қатты ұқсайтын күмәнді сілтемелер сан алуан. Әдетте, олар бір қарағанда белгілі банктер мен компаниялардың сайттарына өте ұқсас болып келеді. Оларды түпнұсқасынан ерекшелейтін мекенжайындағы бір ғана әріп болып табылады. Мысалы, егер сіз интернет-дүкен туралы ақпарат іздесеңіз, оның мекенжайы http:// емес, https:// болып басталатынына көз жеткізіңіз.
Әдетте, осындай сілтемелер бойынша ауысу пайдаланушыларды түпнұсқа ресурсының көшірмесіне немесе фишингтік сайтқа алып келеді. Егер сіз фишингті бір көргеннен байқай алмасаңыз да, қаржы тұзағына түсіп қалмауға мүмкіндік беретін қарапайым қағидаларды есте ұстағаныңыз жөн. Егер сіз сол сайтқа өтіп кетсеңіз, алдымен өзіңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде CVV-кодты қоса алғанда, төлем картасының деректемелерін енгізу жөніндегі ұсыныс күмән тудыруы керек. Осы кезеңде жұмысты бірден тоқтатып, сайттан тез арада шығып кеткен жөн, сосын өзіңіздің пароліңізді немесе логиніңізді ауыстыру керек.
Айдағы жер телімі үшін көп төледіңіз бе? .... өтемақы алыңыз
Ақшаны алдап алу бизнесі көбінесе адамдардың сенгіштігінен ғана емес, қаржылық жағынан сауатсыздығынан да орын алып жатады. Мәселен, осы мәселелерден шамалы хабары бар адам елдің орталық банктері, халықаралық қаржы институттары жеке тұлғалармен жұмыс істемейтінін, олармен ешқандай қаржы операцияларын жасамайтынын жақсы біледі. Сондықтан егер сізге қоңырау шалып, Ресейдің Орталық банкінің, Еуропа Орталық банкінің, АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің, ҚР Ұлттық Банкінің немесе басқа да ұйымдардың қызметкерлері болып өздерін таныстырса және артық төленген салық сомасын, қандай да бір өтемақыны, коммерциялық банктен алынған айыппұлды, дұрыс ұйымдастырылмаған демалыс үшін сақтандыру сомасын аудару ниеті туралы хабарласа, телефон тұтқасын тастай салыңыз. Бұл – өзіңізге тиесілі Айдағы жер телімінің төлемі сияқты мүмкін болмайтын нәрсе. Егер сізге тиесілі соманы алу үшін осы мекемелердегі шоттарға тіпті азғантай соманы: он бес - жиырма мың теңгені аударсаңыз, есесіне сіздің карт-шотыңызға 327 891 доллар немесе осыған шамалас ақша алу үшін аударуыңыз немесе менеджердің қызметтері үшін қандай да бір комиссияны аударуыңыз қажет болса, сөзіңізді қысқа қайырыңыз.
«Құлақтарыңызға алтын сырға» демекші, Қазақстанның Ұлттық Банкі жеке тұлғаларға ақша аудару операцияларын жүзеге асырмайтынын тұрақты негізде ресми түрде еске салып отырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің мамандары Сізге үлкен қаржылық қиындықтардан құтылуға көмектесетін бірнеше кеңес береді.
Мәселен, алаяқтың құрбаны болмау үшін қарапайым ережелерді орындаңыз:
· компьютер мен мобильді құрылғылардың қауіпсіздік функцияларын (вирусқа қарсы қорғау, оларды мезгіл-мезгіл ауыстыра отырып күрделі құрамдас парольдер, компьютерде немесе мобильді құрылғыда жеке деректерді ашық түрде сақтамаңыз);
· интернетте жеке және банктік деректерді жариялаудан аулақ болыңыз;
· өздерін қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз. Ешқандай жағдайда оларға жеке деректеріңізді, әсіресе PIN-кодтарын, CVV-кодтарын ашпаңыз. Тіпті олар сіздің банкіңіздің қызметкерлері болып табылса да.
· белгісіз немесе күдікті мекенжайлардан алынған электрондық хаттарды ашпаңыз;
· егер сіз онлайн-сатып алуды жиі жасайтын болсаңыз, интернет-сатып алулар үшін жеке карта ашқаныңыз абзал;
· өзіңіздің төлем карталарыңызға SMS-хабарлама сервисін қосыңыз;
· өзіңіздің төлем картаңыздан 3D-Secure функциясын ешқашан өшірмеңіз;
· Сізге күмәнді дереккөзден электрондық пошта, әлеуметтік желілерде немесе SMS бойынша жіберілген сілтемелер бойынша өтпеңіз;
· PIN-кодтарды карточкалармен бірге сақтамаңыз, әрі оларды ешкімге жарияламаңыз;
· егер: өз шоттарындағы ерекше белсенділікті байқасаңыз; өз шоттарыңызға қашықтан қол жеткізу мүмкін болмаса; сіздің картаңызды қызмет көрсетуге қабылдамаса, өз банкіңізге шұғыл хабарласыңыз.
Сеніп қалу, қаржылық сауаттылықтың жеткіліксіз болуы, тез әрі қиналмастан жақсы табыс табуды қалау – қаржылық істердегі жаман әдеттер, бірақ алаяқтардың көздегені болып табылады. Бейтаныс мекенжайдан немесе телефоннан өзіңізге беймәлім Фортунадан кезекті хабар алған кезде, бұл туралы естеріңізден шығармаңыздар.
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды