Бүгінгі таңда азаматтардың өтініштерін өңдеу кезінде менің жұмысым барысында жиі тап болатын алаяқтық схемалардың бірнеше түрі кеңінен таралған.
Бірінші схема – телефон алаяқтары.
Ықтимал құрбанның мобильдік нөміріне банктің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, полиция немесе прокуратура «қызметкерінің» атынан қоңырау түседі. Қоңырау шалушы сіздің атыңызға кредит алып үлгерген алаяқтардың әрекеттері туралы хабарлайды. Оның күшін жою үшін сізге дереу «қарсы» кредит ресімдеу қажет. Ол үшін банк бөлімшесіне бару немесе дұрысы банктің мобильдік қосымшасына кіріп, жаңа кредит ресімдеп, барлық ақшаны (кредиттік және меншікті қаражатты) өз шоттарыңыздан, соның ішінде депозитте сақталған ақшаны «қауіпсіз» шотқа немесе «сақтандыру ұяшығына» аударуыңыз керек-мыс. Мұндай терминдерді тек алаяқтар қолданады!
Азаматтар өз еркімен ақша аударғаннан кейін оны қайтару мүмкін емес, себебі қылмыскерлер қаражатты дереу басқа банк карталарына аударады, содан кейін ақшаны банкоматтар арқылы шешіп алады немесе криптовалютаға айырбастайды.
Екінші схема – «меншікті қаражатты ірі компаниялардың жобаларына инвестициялау» және кейіннен жоғары кіріс алу
Интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде, жоғары және кепілдендірілген кіріс алуды уәде ете отырып, банктердің, қайта өңдеуші компаниялардың атынан ірі жобаларға ақша қаражатын инвестициялауды ұсынатын «жалған қаржы компанияларының» жалған ақпараты таратылады.
Үшінші схема – тегін хабарландыру сайттарында жарнама берген тауар сатушыларды алдау. Алаяқтарды өздерін сатып алушымыз деп таныстырады және сатушылар фишингтік сілтемелер бойынша өтіп, жалған сайттарда өздерінің жеке және төлем деректерін қалдыруына қол жеткізу үшін түрлі сылтауларды ойлап табуға тырысады.
Алаяқтардың айла-тәсілдеріне барлық жастағы дерлік және әр түрлі әлеуметтік топтағы адамдар, әсіресе мүгедектер мен қарт азаматтар түсіп қалып жатады.
Есіңізде болсын, банк ешқашан клиентті асықтырмайды, себебі күдік пайда болған уақытта банк операцияларды бұғаттайды және содан кейін ғана клиентке қоңырау соғады. Банк қызметкері ешқашан қорқытпайды және клиентке қысым көрсетпейді.
Егер сізге сіздің картаңыз, шотыңыз бойынша жүргізілген рұқсатсыз операциялар туралы хабарлайтын болса және қаражатты «қауіпсіз шотқа», «сақтандыру ұяшығына» аудару туралы өтініш жасаса, онда бұл – алаяқтар.
Егер сізге кредиттің сіздің атыңызға заңсыз ресімделгені жайында хабарлап, оның «күшін жою» мақсатында «қарсы» кредит ресімдеуіңізді өтінсе, хабарласқандар – алаяқтар.
Тек алаяқтар ғана ұялы телефоныңызға Any Desk, TeamViewer, Skype қосымшаларын орнатуыңызды/жүктеуіңізді өтінеді. Оларға бұл сіздің банктік қосымша орнатылған ұялы телефоныңызға қашықтан қосылу және сіздің қатысуыңызсыз және келісіміңізсіз ақша қаражатын ұрлау үшін қажет. Алаяқтар ғана сіздің дербес әрі төлем деректеріңізге иелік ету үшін, әртүрлі фишингтік сілтемелер жібереді. Сол үшін де, кепілдік берілген жүлделердің әртүрлі ұтыс ойындарын және ақша үшін, оның ішінде тиімді «инвестициялық жобаларға» қатысу үшін сауалнама өткізетін сайттарда картаңыздың нөмірін, оның қолданыс мерзімін және үш таңбалы кодты (CVV/CVC), сондай-ақ SMS-хабарламадан тұратын кодты енгізбеңіз.
Егер сіз алаяқтарға өзіңіз әрі өз картаңыз жайында конфиденциалды ақпаратты хабарлап үлгерсеңіз, онда өз банкіңізге шоттарды бұғаттау үшін болған жайды дереу хабарлап және құқық қорғау органдарына ресми өтінішпен жүгінуіңіз қажет!
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды