Мүгедектігі бар адамдар және халықтың қауқары аз өзге де топтары қатарынан жеке тұлғалардың шоттарындағы ақшаға қатысты қаржылық шығындардың алдын алу және алаяқтық операциялар жасау тәуекелін төмендету, сондай-ақ аталған топтарға қашықтан (цифрлық) арналар арқылы қаржы өнімдерін (қызметтерін) ұсынған кезде клиенттердің аталған топтарына қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Осы Мүгедектігі бар адамдар және халықтың қауқары аз өзге де топтары қатарынан жеке тұлғалардың шоттарындағы ақшаға қатысты қаржылық шығындардың алдын алу және алаяқтық операциялар жасау тәуекелін төмендету, сондай-ақ аталған топтарға қашықтан (цифрлық) арналар арқылы қаржы өнімдерін (қызметтерін) ұсынған кезде клиенттердің аталған топтарына қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) мүгедектігі бар адамдар (бұдан әрі – МБА) және халықтың қауқары аз өзге де топтары (бұдан әрі – ХЖТ) қатарынан жеке тұлғалардың шоттарындағы ақшаға қатысты қаржылық шығындардың алдын алу және алаяқтық операциялар жасау тәуекелін төмендету бойынша шараларды күшейту мақсатында әзірленді.
1. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаттары үшін мүгедектігі бар адамдар (МБА) деп тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам түсініледі. Халықтың қауқары аз топтары (ХҚТ) деп егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұруында, көрсетілетін қызметтерді, ақпарат алу кезінде немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көретін, оның ішінде балалар арбасын және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар түсініледі.
2. Әдістемелік ұсынымдар екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – кредиттік ұйымдар) үшін олар МБА және ХҚТ-ға қаржы өнімдерін (қызметтерін) ұсынулары кезінде әзірленді.
3. Кредиттік ұйымдарға МБА және ХҚТ қатарынан клиенттерге (бұдан әрі – Клиент, Клиенттер) қаржылық көрсетілетін қызметтерді қашықтан көрсету (цифрлық) арналарын, оның ішінде Клиенттің аталған арналарды пайдалануға тікелей ерік білдіруі бар қаржылық қызметтер көрсету туралы шартты алуы және (немесе) жасасуы талабымен шоттардан (салымдардан) ақша аудару, қарыздар, микрокредиттер беру жөніндегі қызметтерді пайдалана отырып, көрсету ұсынылады.
4. Клиенттермен қаржылық қызметтер көрсету туралы шартты мұндай Клиент немесе оның өкілі (оның өкілеттігін растайтын сенімхат негізінде), ерікті негізде оның таңдауына (толық не ішінара) мынадай мүмкіндіктерді беретін кредиттік ұйымға жеке баруы жағдайында жасасу ұсынылады:
4.1. Ақша аударымын не шоттарды, салымдарды жабу, қарыздарды, микрокредиттерді, төлем карталарын ресімдеу, валюта-айырбастау операциялары, қашықтан (цифрлық) арналар арқылы басталған инвестициялық операциялар бойынша бір операция үшін және (немесе) белгілі бір уақыт кезеңі үшін ақша аударымының ең жоғары сомасын қоса алғанда, белгілі бір түрдегі операцияларды жүзеге асыруға шектеулер белгілеу;
4.2. Қашықтан (цифрлық) арналар арқылы басталған онлайн-сатып алулар сомасы бойынша онлайн-сатып алуларды жүзеге асыруға тыйым салу не шектеулер белгілеу;
4.3. Кредиттік ұйымның ресми интернет-ресурсында (бұдан әрі – кредиттік ұйымның сайты) немесе клиенттің барлық не жекелеген шоттары бойынша және қашықтан (цифрлық) арналар қосылған жағдайда мобильдік қосымшада (бар болса) жеке кабинетте ақпаратты көрсетуге (ақпаратты жасыруға) тыйым салу;
4.4. Пайдасына қашықтан (цифрлық) арналар арқылы бастамашылық жасалған ақша аударымын жүзеге асыру мүмкін болатын тұлғалардың жабық тізбесін қалыптастыру;
4.5. Клиенттің кредиттік ұйымға/өкілге (оның өкілеттігін растайтын сенімхат негізінде) жеке өзі барған кезде не тиісті шартта белгіленген тәртіппен кредиттік ұйымға жазбаша өтініш беру арқылы Клиент бұрын жасырған белгілі бір шоттарды, салымдарды және (немесе) төлем карталарын қашықтан (цифрлық) арналарда көрсетуді қайтаруды қамтамасыз ету.
5. Клиенттің белгілі бір шоттарды, кредиттік ұйымның сайтындағы Жеке кабинеттегі немесе мобильді қосымшадағы салымдарды жасыру туралы талабы орындалғанға дейін (бар болса) – клиенттің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, оған қолжетімді тәсілдермен шоттардың, салымдардың көрсетілуін қайтарудың жоғарыда көрсетілген тәсілі туралы хабардар ету және тиісті ақпаратты жасыру туралы талапты оның келісімін (ресми өтінішті (еркін нысанда) кредиттік ұйымға жеке сапары кезінде) алған жағдайда ғана, шоттардың, салымдардың көрсетілуін қайтару тәсілімен орындау ұсынылады.
Кредиттік ұйымның Клиенті стандартты режимде қашықтан (цифрлық) қызмет көрсету арналарын қосудан бас тартуға (мысалы, мобильдік қосымшада және (немесе) интернет-банкте тіркеуге) құқылы.
Кредиттік ұйымға қаржылық қызметтер көрсету туралы тиісті шарт жасасқанға дейін Клиентке осындай мүмкіндіктердің бар екендігі туралы хабарлау ұсынылады. Мұндай ақпарат филиалдарды (үй-жайларды) қоса алғанда, қызмет көрсету орындарында, филиалдар болмаған кезде – кредиттік ұйымның орталық кеңсесінде, кредиттік ұйымның ресми интернет-ресурсында, Клиенттің жеке кабинетінде, мобильдік қосымшада (бар болса) орналастырылады. Ақпаратты Клиенттің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып қолжетімді нысанда ұсыну ұсынылады.
6. Алаяқтық әрекеттердің салдарынан қаржылық шығындар тәуекелдеріне әкелетін операцияларды жүргізуді болдырмау мақсатында Клиент Көмекші болған кезде – Еріп жүруші ретінде белгіленеді.
7. Кредиттік ұйымдарға Еріп жүрушіге оның жеке қатысуымен не оның өкіліне (оның өкілеттігін растайтын сенімхат негізінде) филиалда (үй-жайда), филиалдар болмаған кезде – орталық кеңседе кредиттік ұйымның клиенттері (бұдан әрі – «Көмекші қол» сервисі) қатарынан ерікті түрде Еріп жүрушімен айқындалатын Көмекшіні тағайындауға өтініш ресімдеуді қамтамасыз ету ұсынылады. Бұл ретте осы кредиттік ұйымның қызметкері Көмекші бола алмайды.
7.1. Еріп жүретін Клиент өзінің өтінішіне мүгедектікті растайтын құжаттарды (мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасы) қоса береді.
7.2. Кредиттік ұйым адамды іздеуді және іріктеуді жүзеге асырмайды, олардың арасынан Еріп жүруші Көмекшіні таңдай алады.
7.3. Кредиттік ұйымға Еріп жүрушінің мүдделерін қорғау және Көмекші тарапынан алаяқтық тәуекелдерін болдырмау мақсатында кредиттік ұйымның операциялық күні ішінде ішкі нормативтік құжаттарға және антифрод-жүйеге сәйкес Көмекшіні тексеру және сәйкессіздік анықталған жағдайда «Көмекші қол» сервисін ұсыну туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасудан бас тарту ұсынылады.
7.4. Кредиттік ұйым Клиент қашықтан (цифрлық) қызмет көрсету арналарын пайдаланудан бас тартқан жағдайда оған «Көмекші қол» сервисін қоспайды.
8. Көмекші филиалда (үй-жайда) өзінің тікелей қатысуымен, филиалдар – орталық кеңседе болмаған кезде, Әдістемелік ұсынымдардың 14-тармағына сәйкес қаржылық операцияларды жүзеге асыру үшін Еріп жүрушінің (кредиттік ұйымда пайдаланылатын әзірленген және(немесе) қабылданған үлгі бойынша) нотариалды куәландырылған сенімхаты негізінде Клиентті ертіп жүруге келісім беру туралы өтінішті ресімдейді.
9. Еріп жүруші Көмекшімен бірге кредиттік ұйымда өзінің тікелей қатысуымен Әдістемелік ұсынымдардың 7, 8-тармақтарында көрсетілген өтініштер негізінде кредиттік ұйыммен шарт жасасады. Шартта кредиттік ұйымның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Еріп жүрушінің, Көмекшінің және кредиттік ұйымның құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.
10. Шартқа қол қойылған уақыттан бастап 24 сағаттан аспайтын уақыт ішінде кредиттік ұйым Еріп жүруші мен Көмекшіге «екінші қол» сервисін қосады және оларға push-хабарламалар/SMS-хабарлар жіберу (Шартта көрсетілген ұялы телефон нөміріне) арқылы хабарлайды.
11. Тараптар арасында Шарт Әдістемелік ұсынымдардың 7-тармағында көрсетілген Еріп жүрушінің өтінішінде көрсетілген мерзімге жасалады және Еріп жүруші өзіне қызмет көрсететін кредиттік ұйымға арнайы барған кезде оның тиісті өтініші негізінде ұзартылады. Еріп жүруші қызмет ету қабілетін жоғалтқан не ол қайтыс болған кезде Еріп жүрушінің Көмекшісі немесе өкілі (оның өкілеттіктерін растайтын сенімхаттың негізінде) Еріп жүрушінің қызмет ету қабілетін жоғалтқаны не қайтыс болғаны туралы растаушы құжаттарды алғаннан кейін Шартта көрсетілген тәсілдермен кредиттік ұйымға хабарлайды. Еріп жүрушінің Көмекшісі не өкілі хабарлаған және тиісті растаушы құжаттарды өткізген күні кредиттік ұйым Шарттың қолданысын және «екінші қол» сервисінің қызмет көрсетуін тоқтатады.
12. Кредиттік ұйымдарға Шартқа қол қойылғанға дейін оның қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, сервисті қолжетімді нысанда ұсыну мәселелері бойынша Еріп жүрушіге консультация беру ұсынылады.
13. Көмекші қосымша бақылау жүргізеді, Әдістемелік ұсынымдардың 14-тармағында көрсетілген Еріп жүрушінің операцияларын растайды немесе бас тартады.
13.1. Еріп жүрушінің операциясын растауды Көмекші кредиттік ұйым жүйесіндегі «Растау/Операцияны растау» батырмасын басу және кредиттік ұйымның сайтындағы жеке кабинетте немесе мобильдік қосымшада (бар болса) бір реттік SMS-парольді енгізу арқылы жүзеге асырады.
13.2. Еріп жүрушінің операциясынан қабылдамауды Көмекші кредиттік ұйым жүйесіндегі «Қабылдамау/Операцияны қабылдамау» батырмасын басу және кредиттік ұйымның сайтындағы жеке кабинетте немесе мобильдік қосымшада (бар болса) бір реттік SMS-парольді енгізу арқылы жүзеге асырады.
13.3. Еріп жүрушінің операциясын растауды/қабылдамауды Көмекші Төлемдер және төлем жүйелері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, кредиттік ұйымның операциялық күні ішінде жүргізеді, бұл ретте егер операцияны операциялық күн ішінде Көмекші растамаса, онда кредиттік ұйым операцияны жүргізуден бас тартуға құқылы.
14. Шартқа сәйкес кредиттік ұйымдар Көмекшінің тексеруі және растауы үшін қолжетімді болатын, Еріп жүруші таңдаған операциялар тізбесіне мыналарды енгізеді:
14.1. Үшінші тұлғаларға, оның ішінде ұйымдарға аударымдар (мемлекеттік ұйымдарға коммуналдық төлемдерді, алимент төлеуді, салықтарды, мемлекеттік баждарды және өзге де төлемдерді төлеуді қоспағанда);
14.2. Шоттарды, салымдарды жабу;
14.3. Қарыздарды, микрокредиттерді, төлем карталарын ресімдеу;
14.4. Валюта айырбастау операциялары;
14.5. Инвестициялық операциялар;
14.6. Кредит ұйымының қарауына қарай басқа операциялар.
15. Кредиттік ұйымдарға «Көмекші қол» сервисін қосқанға дейін Клиентті оны ажырату тәсілі туралы, оның ішінде Әдістемелік ұсынымдардың 20, 21 және 22-тармақтарында жазылған ақпаратты ескере отырып хабардар ету және оны қосқанға дейін «Көмекші қол» сервисін осы тәсілмен ажыратуға Клиенттің жазбаша келісімін алу.
16. Көмекшіні Еріп жүрушінің операциялар жасауы туралы хабардар ету Шартта көрсетілген қолжетімді тәсілдермен жүргізіледі және оның ішінде оған PUSH-хабарламалар/SMS-хабарлар жіберу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
17. Көмекшінің оның операциясын қарау нәтижесі туралы Еріп жүрушіге хабарлауы Еріп жүрушінің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, Шартта көрсетілген оған қолжетімді тәсілдермен жүргізіледі және оның ішінде Еріп жүрушіге PUSH-хабарламалар/SMS-хабарлар жіберу арқылы жүзеге асырылады.
18. Көмекшіге жіберілген операцияны растауға арналған сұратуды жіберу фактісі мен мазмұны туралы, сондай-ақ Көмекшінің операцияны растауға арналған сұратуды қарау нәтижелері туралы ақпарат сақталуы тиіс Негізгі құжаттардың тізбесіне және оларды кредиттік ұйымда сақтау мерзімдеріне[1] сәйкес, оның ішінде ықтимал даулы мәселелерді шешу кезінде пайдалану мақсатында белгіленген мерзімдерге сәйкес сақталуы тиіс.
19. Кредиттік ұйымның төлем/аударым мақсатына қарай «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағының ережелерін ескере отырып, Көмекшінің «Көмекші қол» сервисі шеңберінде Еріп жүрушінің келісімімен оларға қатысты Көмекшінің растауы талап етілетін, Еріп жүрушінің аударымдары/төлемдері туралы мынадай ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету ұсынылады:
19.1. Операция типі;
19.2. Операция жасалған күн;
19.3. Операция сомасы;
19.4. Операция жасағаны үшін комиссия;
19.5. Алушы-ұйымның атауы немесе алушының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегінің бірінші әрпі, алушының картасының/шотының (бар болса) немесе телефон нөмірінің соңғы төрт саны;
19.6. Алушы банктің атауы.
Бұл ретте Көмекшіге Еріп жүрушінің шоттарындағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ Еріп жүрушінің шотына келіп түсетін аударымдар туралы ақпаратты ашып көрсетуге тыйым салынады.
20. Кредиттік ұйымға Еріп жүрушінің жазбаша өтініші негізінде оның жеке немесе оның өкілінің (оның өкілеттігін растайтын сенімхат негізінде) филиалда (олардың үй-жайлары), филиалдар болмаған кезде кредиттік ұйымның орталық офисінде қатысуымен «екінші қол» сервисін ажыратуға бастама жасау және Шартты бұзу мүмкіндігін қамтамасыз ету ұсынылады.
21. Кредиттік ұйымға Көмекшіні Еріп жүрушінің жазбаша өтініші негізінде оның Шартта көрсетілген тәсілмен немесе PUSH-хабарлама/SMS-хабар жіберу арқылы «екінші қол» сервисін ажыратуы туралы хабардар ету ұсынылады.
22. Кредиттік ұйым Көмекшінің тарапынан алаяқтық әрекеттердің фактілері мен белгілерін анықтаған кезде Еріп жүрушіні Шартта көрсетілген тәсілдермен міндетті түрде хабардар ете отырып, оған «екінші қол» сервисін ажыратуға дербес бастама жасау ұсынылады.
23. Кредиттік ұйымдар алаяқтық әрекеттерді дербес анықтаған жағдайда, ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес оның Еріп жүрушінің операцияларын тоқтата тұруға және тиісті рәсімдер жүргізуге құқығы бар.
24. Еріп жүрушінің операцияларына қатысты алаяқтық әрекеттердің фактілері мен белгілері анықталған кезде кредиттік ұйым Еріп жүрушінің және (немесе) Көмекшінің жазбаша өтініші негізінде ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес тиісті рәсімдер жүргізеді.
25. Кредиттік ұйымға:
25.1 Клиенттерге қызмет көрсету үшін меншікті бейімдеу шешімдерін әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибені ескеру;
25.2 Клиенттерге биометриялық көрсеткіштерді тексеру (мысалы, Клиенттің саусақ таңбасы, дауысы, Клиенттің торқабығы, беті) жолымен қашықтан арналар арқылы тәуекелі жоғары операцияларды растау мүмкіндігін беруге, бұл ретте тәуекелі жоғары операцияларды анықтаған кезде қашықтан арналардағы операциялардың барлық қолжетімді түрлерін ескеру;
25.3 Клиенттерге банктік қызметтерді/сервисті ұсыну мәселелері бойынша барлық ықтимал салдарды/тәуекелдерді қолжетімді нысанда түсіндіре отырып, олардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеріп, консультация беру ұсынылады.
[1] «Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 қаулысы
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма