Сіз 3-5 жастағы баланың дүкендегі ойыншықты алып бер деп жылаған сәтіне тап болғаныңыз немесе осындай көріністі сырттай бақылағаныңыз шүбәсіз. Не болмаса, жасөспірім ата-анасына «қоқан-лоқы көрсете» және «бойкот жариялай» отырып, өзіне жаңа ұялы телефон сатып алып беруін талап етеді.
Баланс туралы
Балалардың қаржылық талаптары мен наразылығы олардың жасына қарай әртүрлі боп келеді, бірақ себебі біреу ғана: ата-аналар әуел бастан өзінің баласына қаржылық мәдениет пен сауаттылық негізін қалыптастыра алмаған. Бұған қоса, отбасы табысының жоғары, орташа немесе төмен екендігі маңызды емес. Ақша тақырыбы отбасында оқыту пәні ретінде жиі қарастырылмайды.
Сонымен бірге бұл мәселе балаларды қаржылық сауаттылықтың қыр-сырына үйрету үшін жүйелі тәсілді талап етеді. Балалық шақта қалыптасқан дұрыс қаржылық әдеттер болашақта өзінің жеке немесе отбасылық бюджетін жүйелі түрде жүргізуге: кірістер мен шығыстарды теңгере білуге, көшіруге, инвестициялауға, дербестік пен жауапкершілікке дағдылануға көмектеседі.
Тағы бір мәселе, ата-аналардың көбі осы мәселені қалай шешуді біле бермейді. Ғаламтор мен әлеуметтік желілерді шарлай отырып, балаларды қаржылық сауаттылық негіздеріне оқыту жөніндегі қызу пікірталастың және кейде бірін-бірі жоққа шығаратын кеңестер мен ұсынымдардың үстінен түсе аласыз. Пікірсайысқа педагогтар, психологтар, қаржыгерлер тартылған. Fingramota.kz қарсы дау айту қиын ұсыныстарды таңдап алды.
Ақша туралы – табусыз
Бұл біреулерге оғаш боп көрінуі мүмкін, алайда осы жасқа дейін ата-аналардың жалақысы, отбасылық бюджет тақырыбының байыбына жетіп көрмеген және осы уақытқа дейін бас тартудың не екенін білмеген 14 жастағы жасөспірімге қарағанда, 4 жасар балаға неге барлығын бірден сатып алуға болмайтынын айтып, түсіндіру оңайырақ.
Жас балаға да, жасөспірімге де қандай міндетті шығындар бар екенін және қанша бос ақша қалатынын көрсете отырып, олармен отбасы табыстары және сатып алу жоспарлары жөнінде талқылау керек. Барбиге арналған киімдерді немесе Өрмекші адамға арналған жаңа масканы немесе барлық «Кек алушылар» командасына арналған құрал-жабдықтарды ғана сатып алмай, сондай-ақ «тамақ», «су», «дәрі-дәрмек» сатып ала отырып, «электр энергиясы» немесе «көлік» үшін төлемақы төлей отырып, баламен көрнекілік үшін дүкен ойынын ойнаған жөн.
Барлық міндетті шығыстарды төлегеннен кейін бюджеттен қалатын ақшаны анықтау үшін жасөспіріммен бірге есеп айырысуларды калькуляторда есептеген, пәтер ақысын төлейтін түбіртекті толтыруды жүктеген, басқа да ұсақ төлемдерді орындаған жөн. Мұны сабақ не практикум ретінде көрсетуге болмайды. Бұл үшін мынадай іскерлік себептер бар: ата-ананың қолы тимейді, әжесі көзілдірігін жоғалтып алды, атасы жаңа компьютерді игере алмай жүр.
Сатып алу туралы өтінішті ашумен немесе қатаң түрде бас тартумен басып тастамаңыз. Мәселені және сатып алу мүмкіндігін сабырлы, дәлелді түрде талқылаңыз. Сатып алу жарты жылдан немесе бір жылдан кейін жоспарланатын болса бала кішкентай болса да түсінеді. Егер бала қалта ақшаға немесе туған күнге немесе Жаңа жылға ақшалай сыйлықтарға орай соманың қандай да бір бөлігін өзі жинайтынын білетін болса. Шын мәнінде, сый алушы (оның ішінде бала) үшін 35 жұп қолғап мен шұлыққа қарағанда ақша салынған конверт немесе карточкаға ақша аударған жақсы болатын еді. Мұны алдын ала келіскен жөн.
Қалта ақша туралы
Бұл ата-ананың қасиетті міндеті. Бала бір нәрсе сатып алу үшін ақша керек екендігін айтатын болса, онда қалта ақша сияқты осындай шығыс бабын отбасы бюджетіне батыл түрде қосуға болады. Оны күн сайын беруге болады – мұндай жүйелілік – жоспарлауға және баланың ысырапшыл болуына жасалған бірінші қадам.
Ұсақ ақша үйдің барлық жерінде шашылып жатпас үшін, ата-ана беретін бірінші «қалта ақша» төлемімен бірге балаға жинақ сандықша сыйлау артық болмайды. Бір жағынан бұл оны ақша мәселесіне қатысты ұқыптылыққа және үнемшілікке үйретеді. Екінші жағынан – өзі қалаған нәрсені сатып алу үшін ақша жинауға ынталандырады. Жинақ сандықшасын сатып алуға жұмсау ата-ата үшін күрделі үстеме ақша жұмсауға апаратындығы түсінікті, бірақ «өзінің ақшасына» сатып алынған ойыншықты, кітапты, гаджетті немесе өзге де нәрселерді бала ұқыпты ұстайды және ұзақ есінде қалады.
Жасөспірімге арналған қалта ақша – бұл қажеттілік: оған мектептегі таңертеңгілік асқа, көлікте жүруге, киноға немесе театрға, балмұздаққа немесе достарымен кафеге баруға ақша керек. Ата-аналар бұл соманы өздерінің табысына және балаға қажетті ақшаға орай айқындайды.
Жасөспірімге ақшаны өз қолына беруге де, сондай-ақ оны ата-анасының картасына байланған белгіленген лимиті бар банк карточкасын пайдалануға үйретуге болады. Кейбір банктер жоғары сынып оқушыларына, басқа елде немесе басқа қалалада оқитын студенттерге өте ыңғайлы қызметтер ұсынады. Мұндай карталар бойынша жеке кабинетте жинақтау немесе мақсатты салым жасау сияқты опцияларды пайдалануға болады. Ата-анамен бірге немесе олардың рұқсатымен жасөспірім бөлінген лимит шеңберінде ақша жинақтай алады.
Егер ол жасөспірімнің өмір сүруін қамтамасыз етуге: жолына, түскі асқа арналған болса, балаға «қалта ақшасынан» айырамын деп қоқан-лоқы көрсетпеңіз: олай еткен жағдайда ата-ана өзін өзі «бұрышқа тұрғызады». Қалай болған күнде де, балаға жолына немесе тамақтануына ақша беруге тура келеді, міне, осы кезде жаза өз құндылығын және тәрбиелік мәнін жоғалтады. «Қалта ақшасы» осы мақсаттарға жеткілікті сомадан асып кеткен жағдайда, айтарлықтай теріс қылығы үшін мұндай шара пайдалы болуы мүмкін.
Алғашқы табыс туралы
Бұл жайында үнемі дау туындап жатады. Балаға не үшін ақша төлеуге болады: ойыншықтарын жинағаны, ыдыс жуғаны, құлпынай тергені, дүкенге барғаны, жақсы баға алғаны, әжесінің үйін жинағаны үшін бе? Жалпы алғанда – осылардың бәріне ақы төлеуге болады, бірақ алдын ала өлшемшарттарды нақты анықтап алу қажет: көмек деген не, міндет деген не, табыс деген не? Мысалы, үш жаста өзінің ас ішетін ыдысын жуып, «бес теңге» табу - бұл табыс. Және бұл «бес теңге» оның қаржылық білім алуында жүздеген басқа «бес теңгелерге» сатып алынған ойыншыққа қарағанда айтарлықтай үлкен рөл ойнайды. 13 жаста – бұл міндет.
Үлкендердің барлығы бірдей өлшемшарттарды анықтап, оларды бір жүйеге түсіріп, бастысы, осы ережелерді өздері сақтай алмауы мүмкін. Егер осындай шешімге келе алсаңыз, балалармен алдын ала келісіп алу керек. Бейнелі түрде айтқанда, әжеге дәрісін әперіп, оны ішетін суды дайындап беру – көмек; жақсы оқу (немесе жақсы оқуға тырысу), төсек-орнын жинау, мектеп киімін шашпау, ыдыс жуу, бұл – міндет.
Ал табыс табу, нақты жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырған кезде бағаны бірден белгілеп, келісіп алған дұрыс. Тоқсан қорытындысы бойынша сыйлықақы; апта сайын пәтерді жинау; міндетті түрде итті серуендету; мысықты немесе тотықұсты күту (олар баланың өтініші бойынша сатып алынса да); үйдің бірінші қабатындағы дүкеннен тізім бойынша азық-түлік сатып алу, кіші іні-қарындастарына қарау және т. б.
Бұл бір реттік жұмыс немесе тапсырмалар болуы мүмкін. Шынымды айтсам, бала үшін адал ақша табу мүмкіндігі өте шектеулі: осыдан 15 жыл бұрын кең тараған тегін газет тарату немесе жарнама орналастыру артта қалды. Балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына (саяжайдан басқа) жібере алмайсыз, ал жас қызметкерлерді жұмысқа алатын компаниялар әлдеқашан ауысып кеткен. 10-14 жастағы балаларға ақша табу көздері туралы идеяларымен бөлісетін адам аз. Осыдан кейін Интернет арқылы ғана ақша табу көзі қалады, қазіргі таңда жастардың басым көпшілігі осы жолды терең меңгерген, иә бұл үйде отырып-ақ қосымша ақша табу көзі болып табылады, алайда бұл ұсынысты нақты деп айта алмаймыз.
Көптеген адамдар үшін үйде отырып істейтін жұмысқа ақы алу қолайсыз болып көрінеді: мысалы ас үйден шықпайтын ана өзі дайындаған түскі ас үшін, ал әке балаларын мектепке апарғаны үшін ақы алмайды дегендей... Алайда, біз американдық фильмдерді көріп отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін жеңіл қабылдаймыз: мысалы, көршінің баласымен немесе өзінің інісімен күтуші ретінде 2 сағатқа бірге отырғаны, әжесінің газонын орғаны үшін ақы алу, дәріханаға барып одан қалған ақшаны өзіне қалдыру.
Әрине, ақы төлеу идеясын әртүрлі әсірелеуге немесе оны мағынасыздыққа дейін жеткізуге болады, бірақ балалар өздері жұмыс істеп тапқан ақшаны ата-аналары берген ақшаға қарағанда жоғары бағалайтындығы ешкімге дау туғызбайды және ол ақшаны ойланып, ұқыпты жұмсайды. Мақсаттарды белгілі бір жүйелілік және жоспарлау мүмкіндігі пайда болған кезде қоюға болады: велосипед, коньки, тау шаңғысын, ойын құралын және тіпті жаңа ноутбукқа жинау. Мұнда ең бастысы ата-аналар «ойын ережелерін» көңіл-күйіне қарай өзгертпеуі тиіс.
Ақшаны жұмсай білу өнері
Баланы қалта ақшаны немесе тапқан ақшасын дұрыс жұмсай білуге үйрету – бұл да ата-ананың міндеті. Бәрі де бірден болмайды: мысалы ақшасын футбол формасын алуға жинайды, алайда бар ақшасын інісіне ойын құралын сатып алуға жұмсайды. Жаңа смартфон алуды армандайды, алайды сыныппен бірге туристік сапарға баруды жөн көреді. Алға қойған мақсаттың өзгеріп кетуі ересектерде де кездеседі. Тек осындай жолдардан өту арқылы ғана жеке тәжірибе жинақталады.
Бұл ретте «қалта ақша» күнделікті қажеттіліктерге берілетіндігін және таңғы немесе түскі ассыз қалу құптарлық жайт еместігін еске салу маңызды. «Қалта ақша» қайда кеткенін нақты білу үшін (бақылаудың қажеті жоқ) балаға шығыстар жазбасын және өзінің жұмсаған ақшасының есебін жүргізуге кеңес беріңіз. Бұл жағдайда ол үнемі мұқият болуы неғайбыл, алайда мұндай дағды егер ол ірі сатып алу жасауына ақша жинауға шешім қабылдаса қажет болады. Егер бала алдына тұрарлықтай мақсат қойған болса, онда оған көмектесуге болады: мысалы ірі сатып алу құнының үштен бірі немесе жартысы мөлшерінде «сыйлықақыға» сөз беру. Ереже қарапайым болғанымен, қолжетімді.
Айтпақшы, бүгін жас қаржыгерлер үшін ақшаның есебін жүргізуді, олардың шығысын бақылауды ғана емес, сонымен қатар инвестициялауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін көптеген тамаша интернет-қосымшалар ұсынылды. Ата-аналар бүкіл операцияларды бақылай алады және балаларына өз кеңестерін жібере алады.
Ақша жинаудың соңы сараңдыққа әкелмеуін қадағалаңыз. Қайырымды іске жұмсау деген сияқты қарапайым қағида да бар. Жасөспірім үшін бұл мысыққа тағам, қарындасына ойыншық немесе жай ғана анасына гүл сатып алуға шығыстар болуы мүмкін. Бала өзінің жинаған ақшасын қандай да бір маңызды сатып алуға, оқиғаға немесе «айлыққа дейін» отбасына беріп көмектесе алады. Алайда бұл жерде ата-аналардың жауапкершілігі – бірінші мүмкіндік болысымен балаға ақшаны қайтаруды ұмытпағаны дұрыс.
Әрине бала ата-ана үйінде тұрады, ол жаңа теледидар немесе т.б. қажеттіліктер сатып алуға сіз сияқты қызығуы ықтимал, алайда оның ақша жинауының мақсаты мен міндеті мүлдем өзге. Ол ақша табуды, жинауды және жұмсауды жай ғана үйреніп жатқан жоқ. Ол есепті жақсы көретін қаржылық қарым-қатынастардың әліппесі мен қағидаттарын зерделеуде, ал қарызды қайтару парыз. Алайда бала кішкентай болғанымен мұнда барлығы үлкендерше және алдамайтындай болуы тиіс.
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Әлем жұлдыздары үнемділік пен ақша жинау туралы
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар