Коллекторлық агенттік бұл жеке және заңды тұлғалардан берешектер өндіріп алуға маманданған ұйым. Банктер мен микроқаржы ұйымдары коллекторлық агенттіктерді берешекті сотқа дейін өндіріп алу үшін тартады немесе оларға мерзімі өткен кредит бойынша талап ету құқығын сата алады.
Егер сізбен коллекторлар байланысқан болса, не істеу керектігі жөнінде Fingramota.kz. айтып береді.
Коллекторлық қызметті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өткеннен кейін ғана жүзеге асыруға болады. Компания коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілуі керек, оны реттеушінің www.gov.kz веб-сайтында «Қаржы нарықтары» бөлімінде тексеруге болады.
Коллекторлық агенттіктердің қызметі «Коллекторлық қызмет туралы» ҚР Заңымен, басқа да заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен реттеледі және кредитормен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде жүзеге асырылады. Агенттіктің коллекторлық агенттіктердің қызметіне қатысты барлық заңнамалық түзетулері, ең алдымен, борышкер мен коллектор арасында өркениетті қатынастар құруға және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Қарыз алушымен жұмыс істеу кезінде коллектор өзара іс-қимыл қағидаларын сақтауға тиіс: әрбір байланыс кезінде өзін таныстыруы, коллекторлық агенттік пен кредитордың атауын, берешектің сомасы мен құрылымын, сондай-ақ міндеттемелерді орындамаудың салдарын хабарлауы керек. Бұл ретте коллектордың банктік шотты бұғаттауға, борышкердің мүлкін тізімдеу жүргізуге және тыйым салуға, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде осы мүлікті сатуды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Бұл жеке сот орындаушыларының құзыретіне кіреді.
Коллекторларға не істеуге болмайды?
Заңның шеңберінен аспау үшін коллекторлардың:
- коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не осы тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге;
- коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға;
- борышкерге, оның өкіліне, үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;
- коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;
- коллекторлық агенттік кредитор болып табылатын жағдайларды қоспағанда, берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;
- коллекторлық агенттік кредитор болып табылатын жағдайларды қоспағанда, берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;
- коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге құқығы жоқ.
Борышкер коллекторлардан неліктен жасырынбағаны жөн?
Егер қарыз алушы банктік қарыз шартының талаптарын бұзса, борышкер болып қалады, микрокредит беру туралы шарт бір күн болса да төлем мерзімін кейінге қалдыруға жол береді.
Борышкер кредитордан берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуды және реттеуді жүзеге асыратын коллекторлық агенттік туралы мәлімет алуға, коллекторлық агенттіктің талаптарын толық немесе ішінара даулауға, оның ішінде сотқа жүгінуге құқылы. Дегенмен, кредит бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушының қарыздарды өндіріп алушылармен сөйлесуден қашпағандары, керісінше олармен диалог жүргізгендері дұрыс.
Төлем мерзімін алғашқы өткізіп алғаннан кейін қарыз алушының барлығын түзетуге мүмкіндігі бар екенін есте ұстаған жөн: қарыз алушы мерзімін өткізіп алған сәттен бастап 20 күн ішінде банктер мен микроқаржы ұйымдары оған мерзімін өткізіп алуы, оны өтеу қажеттілігі және қарыз алушының қарызды қайта құрылымдауға өтініш беру құқығы туралы хабарлауы керек. Бұл Қазақстанда 2021 жылғы 1 қазаннан бастап әрекет ететін азаматтардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша проблемалық берешекті реттеу тәртібін талап етеді. Егер қарыз алушы тарапынан мерзімін өткізіп алған төлемді өтеу бойынша тиісті шаралар қабылданбаса немесе қарызды қайта құрылымдауға өтініш берілмесе, қаржы ұйымы қарызды коллекторға өндіріп алу үшін беруі мүмкін.
Сотқа дейін келіссөздер кезінде қарыз алушыға берешекті реттеуге және берешекті қайтару тәртібі мен мерзімдерін ұсынуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін коллекторлық агенттік оны хабардар еткен күннен бастап 30 күн ішінде шарт талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен қарызды өндіріп алушыларға жүгінген жөн.
Өтініште берешектің туындау себептері туралы мәліметтерді ашып көрсету, ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайы, тұрғылықты жері және мүлкінің бар-жоғы туралы шынайы ақпарат беру қажет. Коллекторлық агенттік өтінішті алғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде оны кредиторға жіберуге міндетті, соңғысы оны 15 күн ішінде қарайды да өзінің жазбаша жауабын – ұсыныстармен келісетіндігі-келіспейтіндігі туралы жауапты береді. Коллекторлық агенттік кредитор қабылдаған шешімді алғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде ол туралы борышкерге хабарлайды.
Коллекторлық агенттік тарапынан өзара іс-қимыл жасау қағидалары бұзылған немесе жосықсыз әрекеттер қолданылған жағдайда, қарыз алушы ұйымның заңнама талаптарын сақтауы бойынша тексеру жүргізетін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағыммен жүгінуге құқылы. Егер коллектордың тарапынан
Қысым көрсету, қорқыту және қорлау фактілері белгіленген болса, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Коллекторлық агенттіктермен даулы және шиеленісті мәселелер туындаған жағдайда, борышкер Қазақстан Коллекторларының Ұлттық Палатасының https://stop-collector.kz/ сайтында өтінім қалдырып, +7707 573 00 00 телефон нөмірі арқылы байланыс жасауына немесе Қазақстан Коллекторларының Қауымдастығына +7776 508 33 00 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады.
Ағымдағы жылғы 3 мамырда Fingramota.kz-тің Instagram-дағы ресми аккаунтында осы тақырып бойынша Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасының Өтініштерді өңдеу блогының басқарушысы Шухрат Иминовпен тікелей эфир өтті. Эфирдің жазбасы мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.instagram.com/reel/C6gZxKpikd6/?igsh=eHFiNmVwdWEzcXJy.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма