Инвестор бағалы қағаздарға меншік құқығын қалай растай алады?

time 31.03.2022

Қор биржасындағы сауда-саттыққа қатысу арқылы инвесторлар ретінде әрекет етіп жүрген қазақстандықтар күн санап артып келеді. Брокерден шот аша отырып, көбі өз ақшасы мен бағалы қағаздарын қалай қауіпсіз сақтауға болатындығы жайлы ойланады. 

Бағалы қағаздарды есепке алу жүйесі туралы инвестор нені білуі қажет. Бөлінген қосалқы шоттар дегеніміз не және олардың омнибус-шоттардан қандай айырмашылығының бар екенін Fingramota.kz-ке Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің Төрағасы Еділ Медеу айтып береді. 

 Қазақстанда бағалы қағаздарды есепке алуды кім жүргізеді?

Қазақстандағы бағалы қағаздарды орталықтандырылған есепке алу және сақтаумен «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (Орталық депозитарий) айналысады. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңына сәйкес, ол қаржы реттеушісінің лицензиясынсыз депозитарлық және тіркеу қызметін жүзеге асырады.

Бағалы қағаздар нарығындағы Орталық депозитарийдің рөлін түсіну үшін банктік жүйемен ұқсастығын тексеріп көруге болады. Қазақстанда ол екі деңгейлі: бірінші деңгейдегі банк, яғни банктердің банкі – Қазақстанның Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі коммерциялық банктер бар. Бағалы қағаздар нарығында да солай: бағалы қағаздарды бастапқы есепке алуды жүргізетін бағалы қағаздардың жоғары деңгейдегі номиналды ұстаушысы – Орталық депозитарий және бағалы қағаздарды қайталама есепке алуды жүргізетін және тікелей инвесторлармен жұмыс істейтін бағалы қағаздардың төменде тұратын номиналды ұстаушылары бар. Соңғылары - бұл номиналды ұстаушы ретінде қызмет жүргізетін брокерлер және кастодиандық қызметті жүзеге асыратын, яғни клиенттердің бағалы қағаздарын есепке алу мен сақтау құқығына ие банктер.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың, мысалы, қолма-қол ақшадан ерекшелігі оларды ұстап көруге не қалтаға немесе сейфке салып қоюға болмайтынын түсіну қажет. Олар материалдан жасалмаған, яғни бағалы қағаздарды номиналды ұстау құқығына ие болатын Орталық депозитарий, кастодиан-банктер немесе брокерлік компаниялардың есепке алу жүйелерінде жазбалар – цифрлық кодтар түрінде ұсынылған.

Инвестор жеке шоттан үзінді-көшірмені қалай ала алады?

Ол үшін инвестор онда активтің түрі, атап айтқанда мұның қандай бағалы қағаз екені, оның бірегей нөмірі мен үзінді-көшірме берілетін күндегі жағдай бойынша саны көрсетілетін жеке шоттан үзінді-көшірме алу үшін өзіне қызмет көрсететін делдалға, яғни брокерге немесе кастодиан-банкке жүгінуі керек.

Депозитарлық қызметтің шеңберінде Орталық депозитарий бөлшек инвесторларға тікелей қызмет көрсетпейді. Оның негізгі клиенттері брокерлік ұйымдар мен кастодиан-банктер болып табылады. Солай бола тұра, инвестор белгілі бір себептер бойынша өзінің шотынан үзінді-көшірмені делдалдарсыз, өзі алғысы келетін жағдайда, ол сұрату беру арқылы Орталық депозитарийге тікелей жүгінуге құқылы болады. Ол үшін оған депозитариймен іскерлік қарым-қатынастар орнату, яғни KYC («Know Your Customer» – «Өз клиентіңді біл») адамның жеке басын верификаттау немесе растау рәсімінен өту керек.

Инвесторды қорғау қалай қамтамасыз етіледі?

Инвесторлардың бағалы қағаздарға меншік құқығын есепке алудың дұрыстығы және сақтау бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттарды бөлу есебінен қамтамасыз етіледі.

Түсінікті болу үшін біз тағы да банктермен ұқсастықта қарастырамыз. Сіз банктік шотқа немесе депозитке қаражат салған кезде, банк оны өз ақшасы ретінде және клиент алдындағы кредиторлық берешек ретінде көрсетеді. Клиенттердің барлық ақшасы банктің бухгалтерлік балансына түседі.

Бұл жүйе брокерлерде қалай жұмыс істейді? Клиент брокер арқылы бағалы қағаздарды сатып алғанда, брокер бұл активтерді өз балансында көрсетуге құқылы емес. Брокер оларды меншікті активтер мен клиенттің активтеріне бөлуі керек. Сонымен қатар, клиенттің бұйрығынсыз брокердің клиенттік активтерді пайдалануға құқығы жоқ. Клиенттің активтерін: оның ақшасы мен бағалы қағаздарын қорғау шоттарды бөлу есебінен қамтамасыз етіледі.

2021 жылдың шілдесіне дейін Қазақстандағы брокерлер номиналды ұстау есебінде шоттарды бөлуге тиіс болумен қатар, депозитарийде әрбір клиентке жеке шот – өзінің жеке шоты шеңберінде қосалқы шот ашты. Іс жүзінде бұл Орталық депозитарий клиенттің барлық бағалы қағаздарын көреді және жүгінген жағдайда оның активтеріне меншік құқығын растай алады дегенді білдіреді. Клиент пен брокер үшін бөлек шоттар бағалы қағаздарды есепке алудың дұрыстығына байланысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

2022 жылғы ақпанда Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген қосалқы шоттардың саны қаңтармен салыстырғанда үштен біріне өсті. Наурыз айының басында 293 мыңнан астам қосалқы шот ашылды, оның 99%-ы – жеке тұлғалардың атына.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістердің нәтижесінде «омнибус-шоттар» сияқты шоттар пайда болды. Басқаша айтқанда, олар номиналды ұстауға арналған шоттар деп аталады. Орталық депозитарий брокердің бір жеке шоты және бір жалпы номиналды ұстау шоты бар екенін көреді, ал бұл клиенттік шоттың ішінде не бар: активтер кімге тиесілі, қандай мөлшерде екенін және т.б. ол көрмейді.

Бейнелеп айтқанда, омнибус-шот брокердің немесе кастодиан-банктің клиенттеріне тиесілі бағалы қағаздардың ортақ «қоры» түрінде ұсынылған. Омнибус-шоттарды енгізу брокерлер мен Орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды есепке алу шығыстарын едәуір қысқартады, брокерлік қызмет көрсетудің тиімділігін арттырады және операциялық және клиенттік шығыстарды төмендетеді, бұл нәтижесінде қор нарығындағы жеке инвесторлар санының өсуіне ықпал етуге тиіс.

Осылайша, отандық инвесторларда таңдау пайда болды – бағалы қағаздардың есебін Орталық депозитарий деңгейінде бөлуге, яғни клиенттің жеке қосалқы шотын жүргізуге не өзінің бағалы қағаздарын Орталық депозитарийдегі брокердің омнибус-шотында сақтауға мүмкіндік беретін брокерден шот ашу. Бірақ бұл жағдайда да, басқа жағдайда да брокер өзінің есеп жүйесінде өз клиенттеріне тиесілі бағалы қағаздарды бөлуге міндетті болады.

Айта кету керек, Қазақстанда омнибус-шоттарды енгізу халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Шетелде 90% жағдайда барлық брокерлер клиенттік бағалы қағаздардың есебін омнибус-шоттарда жүргізеді. Бұл әр клиент үшін активтерді жеке қосалқы шотта бөлуден әлдеқайда арзан.

Өз кезегінде, шетелдік орталық депозитарийлер брокерлердің клиенттерін ешқашан көрмейді. Олар брокерлердің шоттарындағы бағалы қағаздардың жалпы санын көреді, ал бұл бағалы қағаздардың қай клиентке тиесілі екенін көре алмайды. Бұл ретте жеткілікті қаражаты бар жекелеген клиенттер шетелдік депозитарийден депозитарий олардың шотын жеке жүргізуі үшін шотты бөлуді сұратуы мүмкін, бірақ бұл үшін қомақты активтер болуы қажет және ол үшін комиссия да жоғары болады.

Инвестордың жеке шотынан бағалы қағаздар «жоғалып кетуі» мүмкін бе?

Бағалы қағаздар нарығы бойынша қолданыстағы заңнама инвесторлардың құқықтарын сенімді қорғайды. Брокерлер көбінесе клиенттердің активтерін олардың бұйрығынсыз пайдалануға құқылы емес. Бұрын өз клиенттерінің бағалы қағаздарын оларды хабардар етпей пайдаланған нарықтың барлық жосықсыз қатысушылары ұзақ уақытқа лицензиясынан айырылды.

Брокермен жасалған шартта қандай шот ашылады: омнибус-шот немесе қосалқы шот?

Иә, бұл міндетті. Сондықтан инвестор оның бағалы қағаздары бұдан әрі омнибус-шотта ескерілетініне немесе олардың бөлінетініне, яғни оның Орталық депозитарийдегі қосалқы шотында жеке ескерілетініне ерекше назар аударуға тиіс.

Бөлінген шотты жеке инвесторға пайдалану кезінде оның брокерлік шотындағы бағалы қағаздардың болуын қайта тексеру, мысалы: Орталық депозитарийге тікелей жүгінген.

Шетелдік брокер арқылы жұмыс істейтін инвесторларға қиынырақ болады. Олардың бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын жалғыз құжаты осы брокердің үзінді көшірмесі болып табылады.

Қазақстандық инвесторлар үзінді көшірме алу үшін шетелдік орталық депозитарийге жүгіне алмайды, өйткені, бұрын айтылғандай, шетелдік депозитарийлер брокерлердің клиенттері кім екенін көре алмайды. Сондықтан шетелдік брокерде лицензияның болуын тексеру өте маңызды. Осы брокер тіркелген елде қаржы реттеушісінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуын дәл тексеру қажет. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе LEI кодының болуы сияқты басқа құжаттар брокерлік қызметпен айналысу құқығын растай алмайды. Бұл жосықсыз инвестициялық делдалдың немесе қаржы пирамидасының құрбаны болмауға көмектеседі.

Instagram әлеуметтік желісіндегі @ Fingramota.kz аккаунтында 2022 жылғы 24 ақпанда Е. Медеудің қатысуымен «Бағалы қағаздарды есепке алу: Бағалы қағаздар бойынша меншік құқығын кім және қалай растайды» тақырыбында тікелей эфир өткенін есіңізге саламыз. Сіз эфир тақырыбы бойынша сұрақтарды пост астында немесе «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы қоя аласыз.

 

Мұқият болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

white-arrow Тізімге