Көп елдердің азаматтары меншікті қаражаты жетпеген кезде қаржы ұйымдардың көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде елдегі кредиттеу жылдан жылға өсуде. Мұның жақсы немесе жаман екенін, қашан кредит алуға болатынын, ал кредитті алмай-ақ қоюға болатынын әркім өзі шешеді.
Алайда, жалпы ұсынымдар бар, оларды басшылыққа ала отырып одан әрі жағымсыз салдарларды болдырмауға болады. Тіпті шағын кредит болса да, - бұл қаржылық міндеттеме, ол өмір сүру сапасына әсер етпей қоймайды.
Өз мүмкіндігіңізді бағалаңыз
Пандемия Қазақстанның әрбір азаматының әдеттегі өмір сүру тәртібіне өз түзетулерін енгізді. Онлайн режимде жұмыс істеу және оқу заманауи техниканы сатып алуға не ауыстыруға мәжбүрлейді. Сондықтан, дербес компьютер немесе ноутбук, смартфон және басқа техника сатып алу, сондай-ақ үйде жұмыс істеу және оқу үшін қолайлы жағдай жасау – халықтың көпшілігі үшін маңызды мәселе. Егер техникалық құрал сатып алуға ақша жетпесе, - бұл проблеманы кредиттің көмегімен шешуге болады, әсіресе, егер бұл өте қажет болса.
Бірақ мұның басқа да маңызды қыры бар, ол – қажеттілік ниеттің өсуіне алып келеді. Бұған сатушылардың, және сол сияқты банктердің әр түрлі маркетингтік тәсілдері себепші болады.
Банктер пайызсыз бөліп төлеу және тиімді акциялар бойынша әртүрлі қызмет түрлерін жарнамалайды. Мысалы, 2+1 акциялары бойынша біреуі тегін, кейінгі тауарларға айтарлықтай жеңілдіктер бар дегендей және т.б. Яғни, ол ноутбук сатып алуға келді, алайда микротолқынды пеш пен кір жуғыш машинаны ала кетті, оларды алмаса да болатын еді, өйткені үйде бар техника әлі жұмыс істеп тұрған және бұдан әрі де жұмыс істей беретін еді.
Тағы бір мысал. Кейбіреулер сатушылардың сендіруіне немесе жарнаманың ықпалына беріліп, тіпті қымбат тауар моделін сатып алуы мүмкін. Егер сізде қарапайым ноутбук сатып алуға қаражат болмаса, қымбат моделін сатып алу не үшін қажет?
Әрине, бар жақсылықты сатып алу – кез келген адамның табиғи қалауы, бірақ сіз өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді мұқият бағалап, кез келген кредит қарызға алынған ақша екенін білуіңіз керек. Сізге болашақ кірістеріңізден, тіпті пайыздармен төлеуге тура келеді. Болашақ кірістің төмендеуі алдағы айларда, тіпті алдағы жылдары өмір сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Кредитке қызмет көрсетуге кірістің үштен бір бөлігінен артық емес
Кредит бойынша берешекті өтеу беріктік сынағына айналмауы және өзіңізді және отбасыңызды спартандық өмір сүру жағдайларына айналдырмауы үшін, негізінен ірі кредиттен аулақ болу керек, атап айтқанда сіздің бюджетіңіз көтеретін ай сайынғы төлемдер мен кестелерді таңдау керек.
Мұндай жағдайда банк сізге көмектесе алады. Әдетте, банктер кірістер мен шығыстарды салыстырады, тәуекелдерді бағалайды, кредит тарихын және клиенттің басқа қаржылық міндеттемелерінің болуын зерттейді және кредитті өтеудің барынша ыңғайлы және қолайлы кестесін ұсынады. Бұдан басқа, заңда кредиттерге қызмет көрсету бойынша шығыстары кірістердің жартысынан асатын немесе жаңа кредитке байланысты асып түсетін тұлғаларға қарыздар беруге тыйым салынады.
Кредитке ең ыңғайлы қызмет көрсету үшін кредит кірісінің 25-30%-ын ұстану керек. Бұл жағдайда кредитке айтарлықтай өзгеріс болмайды және сіздің отбасылық бюджетіңіз зардап шекпейді. Алайда, бұл жағдайда да өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды мұқият талдап, аса маңызды емес қосымша шығындардан бас тартып, барлық артық қаражатты кредит бойынша қарызды мерзімінен бұрын өтеуге жұмсау керек. Қарыздық міндеттемелерден неғұрлым тез арылсаңыз, соғұрлым жақсы болады.
Кредиттің талаптары – таңдаудың маңызды өлшемшарттары
Әр банкте кредиттеу талаптары ерекше болады. Сол себепті, бұл маңызды өлшемшарт, ол бойынша банкті таңдауға болады. Мыналарға назар аударған жөн:
- жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ – бұл Сіздің жылдық көрсеткіш бойынша артық төлеген сомаңыз), ол төмен болған сайын, жақсы болады;
- кредиттеу мерзімі. Артық төлеу сомасы осыған байланысты;
- өтеу әдісі. Аннуитетті немесе сараланған. Аннуитетті әдіс барынша танымал болып табылады, оны банктер барынша пайдаланады. Алайда, сіз өзіңізге барынша ыңғайлы және тиімді өтеу әдісін талап ете аласыз;
- кез келген кезеңде айыппұлсыз және артық төлеусіз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі. Демек, кез келген сәтте ресімделген кредитті жабу мүмкіндігі болуға тиіс. Бұл ретте банкке сіз кредитті нақты пайдаланған уақыт үшін ғана артығымен төлейсіз.
Кредитті емес, бөліп төлеуді пайдаланыңыз. Әдетте, тауарлар кредитке қарағанда барынша қысқа мерзімге бөліп төлеуге беріледі. Бөліп төлеудің бір даусыз артықшылығы бар – іс жүзінде артық төлемейсіз.
Қалай болса да тұтынушылық кредиттері сіздің қаржылық әл-ауқатыңызды жақсартпайтынын түсіну қажет. Егер сіз кезекті түрде тұтынушылық кредит алу үшін банктердің көмегін жиі қолданатын болсаңыз, онда өзіңіздің қаржылық жағдайыңыз туралы ойланғаныңыз жөн.
Өзіңізді, ақшаңызды сақтаңыз, қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Ұзақ демалыс немесе шағын демалысты қалай жоспарлаған жөн
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқаруға бере алатын мерзімдер мен компания...
Бала мен қаржы: қалта ақшасын қалай онлайн басқаруға болады
Қарыз алушыларға арналған нұсқаулық: кредиттер туралы нені білу қажет
Кредитті қайдан және қанша сомаға алуға болады? Шекті сомалар белгіленді