Егер сіз кредит алуға бел бусаңыз, оны ресімдеу және қаржы ұйымдарымен іс-әрекеттесудің негізгі қағидаларынан басқа, оның сомасы жөнінде де ойлану қажет.
Fingramota.kz-пен толығырақ қарастырайық.
Кірісіңіз жоғары және кредиттік тарихыңыз тамаша болғанның өзінде де кредитті өзіңіз қалаған, кез келген сомаға ала алмайсыз. 16 тамыздан бастап кредиттерге белгілі бір шектеулер қойылады.
Айтпақшы, кез-келген соманы алуға болады. Алайда, оны тек банктен және кепілмен ала аласыз. Жаңа қағидаларға сәйкес кепілді банктік қарыздар бойынша шектеулер болмайды және кредиттің мөлшері сіз банкке ұсынатын кепілдің құнына ғана байланысты болады.
Ал кепілсіз қарыздар бойынша шектеулер нақты белгіленген – 2200 АЕК, ол 2024 жылы 8 122 400 теңгені құрайды. Одан көп сома беруге банктің құқығы жоқ.
Микроқаржы ұйымдарында шектеулер бұдан да қатал. Кепілсіз микрокредиттің ең жоғары сомасы банкке қарағанда екі есе аз – 1100 АЕК немесе 4 061 200 теңге. Кепілді микрокредиттерге де шектеулер бар.
Ломбард кепілмен 8 000 АЕК-ке дейін немесе 29 536 000 теңге бере алады. Ал МҚҰ 20 000 АЕК-ке дейін немесе 73 840 000 теңге. Бұл ретте, мұндай ірі микрокредиттер негізінен бизнесті дамытуға берілетінін атап өтеміз, ал кепілзатқа кәсіпкердің жылжымалы және жылжымайтын мүлігі қойылады.
Кредиттер сомасын шектеу практикасы әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді.
Мәселен, АҚШ-та арнайы құрал – «кредиттік желі» қолданылады. Банк қарыз алушының ықтимал кірісін бағалайды және әдетте 5 жылдағы ықтимал табыстан аспайтын лимитті белгілейді.
Көршілес Ресейде банктер кепіл алу негізінде 30 млн рубльге (шамамен 160 млн теңге) дейін бере алады. Ал МҚҰ кепіл болған кезде жеке тұлғаларға небәрі 1 млн рубльге (5,2 млн теңге) дейін және заңды тұлғаларға 5 млн рубльге (26 млн теңге) дейін береді.
Әрине, кредит сомасы бойынша заңнамалық шектеулер қойылмайтын елдер де бар. Бірақ ол уақытта мұндай шектеулерді әдетте кредиторлардың өздері, яғни өздеріне тәуекелдерді қабылдағысы келмейтін банктер мен МҚҰ енгізеді.
Ал Қазақстанда шектеулерді ірі сомаға кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруді тежеу және азаматтардың борыш жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін енгізді.
Барлық жаңа өзгерістер ресми түрде тіркелді - Агенттік Басқармасының «Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2024 жылғы 16 тамыздағы № 61 қаулысы қабылданды.
Қаулы Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 19 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін қабылданды.
Осы Заңмен енгізілген жаңа өзгерістер жөнінде біздің Fingramota.kz сайтымыздан оқыңыздар.
Кредиттік шарт жасамас бұрын не білу керек
Қаржылық қажеттіліктеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз.
Кредит, егер дұрыс мақсатқа пайдаланылса, өте ыңғайлы қаржы құралы болып табылады. Қарыз алу туралы шешім қабылдай отырып, алдымен барлық тәуекелдерді бағалап алыңыз. Кредитті ресімдеу алдында:
Борыш жүктемесі коэффициенті туралы ұмытпаңыз! Қарыз бойынша ай сайынғы төлем сіздің кірісіңіздің 50%-нан аспауға тиіс. Кредит бойынша ай сайынғы төлемді төлегеннен кейін сізде бір ересек адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінен және отбасының әрбір кәмелетке толмаған мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысынан кем емес мөлшерде қаражат қалуы керек.
Қарыз мақсатын және өтеу әдістерін анықтап алыңыз.
Кредиттер әр түрлі:
Кредиттер сондай-ақ қарыздың ең жоғары сомасымен, сыйақы мөлшерлемесімен, кепілдің болуымен немесе болмауымен ерекшеленеді.
Кредит шартына қол қоймас бұрын, кредитті өтеудің ыңғайлы әдісін таңдау керек. Атап айтқанда:
- негізгі қарызды тең үлеспен өтеуді білдіретін сараланған әдіс. Негізгі қарыз тең үлеспен өтелуі есебінен ай сайынғы төлем ай сайын азаяды, ал пайыздар қарыздың қалдығына есептеледі. Егер сіз мерзімінен бұрын өтеуді жоспарласаңыз, бұл тиімді;
- кредит берудің бүкіл мерзіміне созылған ай сайынғы төлемдер тең аннуитеттік әдіс. Яғни берешекті өтеу кредиттеудің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Негізгі қарыз бойынша төлемдер ұлғаяды, ал сыйақы бойынша төлемдер азаяды, тиісінше басында төлемдердің негізгі сомасы сыйақыны өтеуге кетеді.
Бірнеше қаржы ұйымының ұсыныстарын салыстырыңыз.
Кредит ресімдегіңіз келетін бірнеше кредит ұйымының сайттарына мониторинг жүргізіп, олардың өнімдерін талдаңыз.
Ең жақсы нұсқаны таңдап, банк менеджерінен кредиттеудің барлық шарттарын нақтылаңыз: қарыз сомасы, төлемдердің мерзімі мен мөлшері, кредит алу немесе мерзімінен бұрын өтеу кезінде комиссиялар бар-жоқтығы, барлық пайыздармен және төлемдермен кредиттің толық құны қандай болады, артық төлем қанша болады және басқа да маңызды мәселелер.
Fingramota.kz қаржы сауаттылығын арттырайық!
Ұзақ демалыс немесе шағын демалысты қалай жоспарлаған жөн
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Бала мен қаржы: қалта ақшасын қалай онлайн басқаруға болады
Кредитті қайдан және қанша сомаға алуға болады? Шекті сомалар белгіленді
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқаруға бере алатын мерзімдер мен компания...
Қарыз алушыларға арналған нұсқаулық: кредиттер туралы нені білу қажет