Егер сіз өз кредитіңізді өтеуді кейінге қалдырсаңыз және ол бойынша мерзімін кешіктіру пайда болса, кредитор коллекторларды, яғни мерзімі өткен берешекті қайтару бойынша мамандарды тарта алады.
Коллекторлық агенттіктер өз қызметін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы, сондай-ақ нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау бойынша қызметтер көрсету болып табылатын кредиттік ұйымдармен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.
Берешегіңізді сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге тырысыңыз.
Мұны қалай жасауға болады?
Коллектор сізбен хабарласып, мысалы, сіздің мерзімі өткен берешегіңіз сатып алынғанын хабарлағаннан кейін, күнтізбелік 30 күн ішінде сізге банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгіну қажет.
Өз өтінішіңізде сіз берешектің туындау себептері, осы өтінішхатты негіздейтін расталған мән-жайлар мен фактілер туралы мәліметтерді жария етуге тиіссіз. Сондай-ақ, білімі, кірістер мен шығыстардың деңгейі, отбасы құрамы, тұрғылықты жері, мүліктің болуы және кредитор сұрай алатын басқа да ақпарат туралы дәйекті ақпарат беру қажет.
Коллекторлық агенттік өтінішті алғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде оны кредиторға жіберуге міндетті.
Кредитор жазбаша өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде шартты өзгертудің ұсынылған талаптарын қарайды және коллекторлық агенттікті:
- шартқа ұсынылған өзгерістермен келісу;
- шарт талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары;
- мұндай бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Коллекторлық агенттік кредитор қабылдаған шешімді алғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде ол туралы борышкерді хабардар етеді.
Коллекторлық агенттіктермен даулы мәселелер туындаған жағдайда, сіз Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасының https://stop-collector.kz / сайтында өтінім қалдыра аласыз, +7707 573 00 00 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыз немесе Қазақстан коллекторларының қауымдастығына +7776 508 33 00 телефон нөмірі бойынша өтініш жасай аласыз.
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?