Онлайн-кредиттер Қазақстанда күннен-күнге танымал болып келеді, оның өзіндік себебі де бар – оларды оңай әрі жылдам ресімдеуге, ал ақшаны бір тәуліктің ішінде, тіпті бірнеше сағатта алуға болады. Алайда басқа кредиттер сияқты кредиттің бұл түрінің де күңгірт тұстары бар.
Онлайн-кредиттер жайлы нені білу керектігі және оларды ресімдеу арқылы тығырыққа тірелмеу үшін не істеу керектігі туралы Fingramota.kz-пен бірге анықтаймыз.
Онлайн-кредитті кәмелеттік жасқа толған кез келген қазақстандық азамат аз ғана құжаттар топтамасымен ала алады. Клиенттерді осы нәрсе қызықтырады, олар өздерінің уақыттарын үнемдейді және бөлімшеге келіп, менеджерге кезекке тұруға дайын болмайды (дегенмен кейбір банктерде соңында бөлімшеге келуге тура келеді). Онлайн-кредиттер ресімдеу тетігі оңай: банкті таңдау, оның сайтында не мобильді қосымшасында өтінімді толтыру және маман сізге қайта хабарласу үшін өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдыру керек. Кейде бұл талап етілмейді және барлығы қоңыраусыз – банк құрған алгоритм арқылы жүргізіледі. Клиент толыққанды сауалнаманы толтырады, өзінің дербес деректерін енгізеді, қажет болған жағдайда өзіне қызмет көрсететін банктен берілген үзінді көшірмені қоса береді және шешімді күтеді. Ақша оң шешім шығарылғаннан кейін дереу немесе келесі күні түседі.
Онлайн-кредиттердің түрлері
Онлайн-кредиттердің бірнеше түрі бар:
Сондай-ақ, банктің бағдарламасына қарай – автокредит, бизнес-кредиттер, тұтынушылық кредит және т.б. сияқты қарыздың неғұрлым мамандандырылған түрлері бар.
Назар аударыңыз! Күмән туғызатын сайттардан кредит беру жөніндегі қосымшаларды жүктемеңіз - әрдайым кредиттік ұйымның ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген лицензиясының бар-жоғын www.gov.kz. сайты арқылы тексеріңіз. Тексермеген жағдайда сіз қаржылық алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін!
Онлайн-кредиттердің артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары:
Кемшіліктері:
Онлайн-кредиттер ресімдеген кездегі қауіпсіздік қағидалары
Егер де сіз онлайн-кредит алуға бел бусаңыз, өзіңіздің нақты кірістеріңізді артығымен көрсетпеңіз және кредит ұйымын алдамаңыз. Банк немесе микроқаржы ұйымы сізге кредитті мақұлдауы мүмкін, ал төлем бюджетіңізге салмақ түсіруі мүмкін.
Онлайн-кредиттер ресімдеген жағдайда барлық жағдайда қолданылатын қағиданы ұмытпаған жөн, яғни ақша шотқа уақтылы келіп түсуі үшін, берешекті уақтылы, тіпті төлем күніне бес-жеті жұмыс күні қалғанда төлеген дұрыс. Солай сіз өзіңізді қауіптен сақтап, кредитті өтеудің балама тәсілдеріне уақытыңызды жұмсамайтын боласыз.
Егер сіз төлем мерзімін қалай да кешіктіріп алған болсаңыз, кредитордан жасырынудың қажеті жоқ, дұрысы – оған хабарласып, кешіктіру себебін түсіндіріңіз. Олай болмаған жағдайда, төлеу мерзімдерін елемесеңіз, банк немесе микроқаржы ұйымы сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы болады. Мұның бәрі сіздің кредиттік тарихыңызға әсер етеді және банк сізге кредит шұғыл түрде керек болып, табысыңыздың көп болғанына қарамастан, тәуекелге барғысы келмей, болашақта сізге қарыз бермеуі де мүмкін. Бұдан басқа, сіздің банктегі шотыңызды бұғаттап тастауы мүмкін, ал оған келіп түсетін қаражаттың барлығы борышты төлеуге ұсталып, күнделікті керек-жарақтарыңызға ақша қалмауы мүмкін.
Төмен пайыздық мөлшерлемелер мен қомақты соманы уәде ететін маркетологтар мен еліктіретін жарнамаларға сенбеңіз. Кез келген қарыз қаражаты, оның ішінде онлайн-кредиттің қай кезде болмасын қарыз екенін, оны сіз бірнеше есе артығымен қайтаруға міндетті екеніңізді естен шығармаңыз.
Кредит ресімдей отырып, жұмысыңыздан айырылған немесе күтпеген шығындар болған жағдайда, сіздің қарызды уақытында төлей алуыңыз және кредиттік тарихыңызды бұзбау үшін өзіңізге кемінде 6 айлық жалақы мөлшеріндегі қаржылық қауіпсіздік жастықшасын қамтамасыз етіңіз.
Кредиттік жауапкершілігіңізді Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды