«Сақтандыру шартын оның барлық ерекшелігін зерделемей жасадым. Сол кезде мен үшін сақтандырудың болуы маңызды болды, ал шарттың талаптарына аса мән бермедім. Кейінірек мен мүлдем келіспейтін мәселелердің бар екенін байқай бастадым. Мысалы, сақтандыру сомасының мөлшері. Өкінішке орай, артқа шегінерге жол жоқ, шарт жасалып, оған қол қойдым», - деп Алматы қаласының тұрғыны студент Артур Бондаренко өз тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ ол осындай жағдайда қалуы мүмкін жалғыз адам емес. Біздің көпшілігіміз сақтандыру шартын жасағанға дейін оның талаптарын мұқият оқи бермейміз, оның талаптарымен таныспай және сақтандыру оқиғасы басталған кезде өкініп қалатындай не болатынын және ақша жоғалуы мүмкін екенін түсінбей қол қоямыз.
Сақтандыру шарты, онда қандай мәселелер қамтылған және оның қандай талаптарына назар аудару керек - Fingramota.kz әңгімелейді.
Cақтанушы сақтандыру ұйымына (сақтандырушыға) сыйлықақы төлейді, ал сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға қажетті төлемдерді жүргізуге өзіне міндеттеме алады.
Білгеніңіз маңызды! Егер сіз сақтандыру шартын жасағыңыз (сақтандыру полисін ресімдегіңіз) келсе, онда, ең алдымен өзіңіз таңдап алған сақтандыру компаниясының лицензиясымен танысып, білу ұсынылады. Есіңізден шығармаңыз, сақтандырушылар өз қызметтерін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген лицензия болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.
Сақтандыру ұйымдарының тізімімен Агенттіктің «www.gov.kz» сайтында «Қызмет» – «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде танысуға болады.
Сақтандыру туралы шарт сақтандырушы жөнінде, сонымен қатар сақтанушы жөнінде, сондай-ақ олардың арасында жасалған мәміленің мән-жайы кіретін ақпаратты қамтиды.
Клиенттің аты-жөні мен сақтандыру компаниясының атауынан басқа, құжатқа заңнамаға сәйкес Тараптардың барлық қажетті деректемелері енгізіледі:
Шартта міндетті түрде:
Сондықтан сақтандыру шартына қол қоймас бұрын оның мазмұнына, оның құрамына не кіретініне, онда қандай маңызды мәселелер көрсетілетініне назар аудару қажет.
Сақтанушы шарттың барлық талаптарын зерттемей, құжатқа қол қоятын жағдайлар жиі болады. Кейіннен ол шартта өзі келіспейтін тармақтар бар екенін түсінеді. Мысалы, бұл сақтандыру сомасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері болуы мүмкін.
Сондықтан сақтандыру шартын жасамас бұрын, оның сіздің мүдделеріңізге сәйкестігі жөніндегі талаптарын егжей-тегжейлі зерделеңіз. Сақтандырушының өкілінен қолайсыз оқиғалардан қорғалғаныңызға сенімді болу үшін күмән тудыратын шарттың ережелері туралы түсініктеме беруін сұраудан тартынбаңыз.
Шартқа оның барлық талаптарымен келіспейінше қол қоймаңыз.
Мысалы, азамат жазатайым оқиғаға тап болды болды және ол сақтандыру шартын жасады. Егер ол орын алған оқиға туралы сақтандырушыға хабарлай алмаса, мысалы, ауруханада жатса, онда бұл дәлелді себеп.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде мынадай әрекеттер алгоритмін орындау қажет:
- Сақтандыру компаниясын шартта белгіленген мерзім ішінде жазбаша өтінішіңізді ұсыну арқылы барынша жылдам хабардар етіңіз.
- Сақтандыру шартында көрсетілген әрекеттердің біртіндеп орындалуын қадағалаңыз.
- Сақтандырушыға барлық растаушы құжттарды, материалдарды дайындап беріңіз. Бұл сақтандыру жағдайына қатысты туындайтын даудың алдын алу үшін қажет.
Сақтандыру төлемін тек қана сақтандыру компаниясына қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін және шарттың барлық талаптарын сақтаған жағдайда ала аласыз.
Сақтандыру шарты нақты тәуекелдер мен нақты төлемдерді көрсетуі қажет. Сақтандыру компаниясын таңдауда өте мұқият болыңыз. Ол сенімді әрі оның сақтандыру төлемдерінің тетігі реттелген болуы шарт.
Сақтандыру ұйымдары заңнама талаптарын бұзғаны үшін оларға тиісті шаралар, атап айтқанда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген негіздер бойынша айыппұл өндіріп алу түріндегі шаралар қолданылатынын есіңізде сақтаңыз.
Егер сізге сақтандыру қызметтерін көрсету және қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде құқықтарыңызды қорғау мәселелері бойынша кеңес қажет болса, Сіз кез келген уақытта Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне аласыз.
Өзіңізді, денсаулығыңызды сақтаңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?