Сақтандыру – өз мүдделеріңіз бен мүлкіңізді белгілі оқиғалардың (сақтандыру жағдайларының) орын алуынан қорғауға арналған қолжетімді құрал.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сақтандырудың екі нысаны бар: міндетті және ерікті.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін, жұмыскер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оны жазатайым оқиғадан, өсімдік шаруашылығында және т.б. міндетті сақтандыру секілді міндетті сақтандырудың түрлері тиісті заңдармен регламенттеледі.
Сақтандыру ұйымына төленуі тиіс сақтандыру сыйақыларының шарттары мен көлемдері де ҚР заңнамасымен белгіленген.
Ерікті сақтандырудың шарттары мен тәртібі азаматтық заңнамаға негізделеді және сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) мен сақтанушының арасындағы келісіммен және сақтандыру ұйымы өз бетінше әзірлеген Сақтандыру ережелері негізінде анықталады.
Сақтандыру шарты жазбаша түрде келесі жолмен жасалады:
тараптардың сақтандыру шартын жасауы;
сақтандырушы біржақты тәртіпте әзірлеген үлгілік шарттарға (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы (қосылу шарты) және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі.
Сақтандыру шартының жазбаша нысанының сақталмауы – оның жарамсыз болуына әкеледі.
Сақтандыру шартын жасар алдында, сақтанушының мүдделеріне Шарт талаптарының сәйкестігін егжей-тегжейлі зерделеген жөн, сондай-ақ қажет болған жағдайда қолайсыз оқиғалардан қорғалатынына сенімді болу үшін сақтандырушының өкілінен Шарттың күдік тудыратын қағидаларын түсіндіріп беруін өтінген абзал.
Сақтандыру шартының қандай талаптарына ерекше назар аудару керек.
Сақтандыру жағдайларының, яғни орын алатын болса сақтандыру төлемі жасалатын жағдайлардың тізімі. Сақтандырушы тек Шартта жазылған және аталған жағдайларда ғана орын алған сақтандыру жағдайлары мен тәуекелдер бойынша өтем төлейді;
Сақтандыру жағдайларынан алып тастаулардың тізімі. Сақтандыру жағдайларынан алып тастауларға – орын алған кезде сақтандырушы сақтандыру төлемін төлемеу құқығын өз құзырында қалдыра алатын оқиғалар жатады.
Франшизаның, яғни белгілі шарттарда өтелмейтін залал көлемінің болуы және мөлшері. Франшиза сақтандыру сомасына пайыздармен немесе абсолюттік көлемде белгіленеді.
Сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтанушының әрекет ету тәртібі. Сақтандыру жағдайының орын алуы туралы сақтанушыны хабардар ету мерзімдері мен тәртібі ерекше маңызды болып табылады. Егер хабардар ету мерзімі мен тәртібі бұзылатын болса, бұл – сақтандыру төлемін жасаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.
Сақтандыру төлемін жасау туралы мәселені қарау үшін қажетті құжаттар тізімі. Әдетте бұл – сақтандыру жағдайының орын алу себептері мен жағдайларын растайтын құжаттар.
Ерікті немесе міндетті сақтандырудың әрбір түріне сақтандыру жасаудың жалпы шарттарын анықтайтын Сақтандыру ережелерінде келісілетін сақтандыру шарттарымен мұқият танысып шығыңыз.
Сақтандыру ұйымының әрекеттерімен келіспеген жағдайда сақтанушы сақтандыру ұйымына, Ұлттық Банкке және оның аумақтық филиалдарына немесе сақтандыру ұйымының орналасқан жері бойншыа сотқа жүгінуге құқылы.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар орын алған жағдайда сақтанушы бірінші кезекте өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға болып табылатын және сақтандырушылардың арасындағы, сақтанушылар (пайда алушылар) мен сақтандырушылардың арасындағы өзара қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын Сақтандыру омбудсманына жүгінуі тиіс.
Бүгінгі таңда Сақтандыру омбудсманы меморандумдарға қол қойған сақтандыру ұйымдары мен олардың клиенттерінің арасындағы сақтандырудың ерікті түрлері бойынша дауларды да қарайды. Толығырақ ақпаратпен Сақтандыру омбудсманының www.insurance-ombudsman.kz сайтында танысып шығуға болады.
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?