Қазіргі уақытта заманауи технологиялардың дамуымен кредиттерді ресімдеу рәсімі барынша қолжетімді және ыңғайлы болды. Алайда, сонымен қатар сіздің атыңызға қарыз ресімдеу үшін ұрланған дербес деректерді қолдана алатын немесе онлайн-банкингтегі есептік жазбаға рұқсатсыз қолжетімділікті ала алатын алаяқтардың да белсенділігі қатар өсуде. Азаматтарды осындай қылмыстық схемалардан қорғау мақсатында Қазақстанда банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік беретін «Стоп кредит» мемлекеттік қызметі енгізілді.
«Бірінші кредиттік бюро» АҚ деректері бойынша қазіргі уақытта кредиттер мен микроқарыздарды ресімдеуге ерікті түрде тыйым салуға өтінім беріп, 1,6 млн қазақстандық осы мүмкіндікті дербес қолдана алды.
Fingramota.kz бұл сервистің артықшылықтарын еске салады.
«Стоп кредит» дегеніміз не?
«Стоп кредит» — бұл eGov.kz порталындағы және е-GOV mobile мобильді қосымшасындағы тегін мемлекеттік қызмет, оның көмегімен азаматтар өз атына қолданылу саны мен мерзімі бойынша шектеулері жоқ, яғни бірнеше рет шектеусіз уақытқа кредиттер мен микроқарыздар беруге уақытша тыйым сала алады. Сондай-ақ, пайдаланушы кез келген уақытта кредиттер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қарыз алушының кредиттік тарихында кредиттерден ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған кезде кредит берілген жағдайда, банктер мен МҚҰ-ның кредит бойынша берешекті есептен шығару міндеті бойынша заңнамалық түзетулер қолданысқа енгізілді. Яғни, егер азамат кредит алудан ерікті түрде бас тартуды белгілесе, онда осы кезеңде оның атына заңсыз кредит ресімделсе, онда кредитор – банк немесе МҚҰ кредит пен микроқаржы бойынша берешекті есептен шығаруға міндетті болады.
«Стоп кредит» қызметін қалай пайдалануға болады
Қызметті смартфон арқылы пайдалану үшін сізге:
- eGov.kz порталында авторизация жасап, «Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;
- қажетті жолды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;
- қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысу қажет.
Осы қызметті компьютер арқылы да қосуға болады:
- өзіңіздің логин және құпиясөзіңізді пайдалана отырып, ЭЦҚ көмегімен egov.kz сайтына кіріңіз;
- барлық міндетті жолды толтырыңыз және ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз.
Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушыға:
- «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдау;
«Стоп кредит» сервисі неден қорғайды?
Өзіңіздің жеке деректеріңізді (паспорт, ЖСН, карта нөмірі, CVV-код) ешкімге бермеңіз.
Кредиттік тарих бюросы арқылы кредит тарихыңызды үнемі тексеріп отырыңыз.
Өзіңізге, ақшаңызға сақ болыңыз және Fingramota.kz-пен қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
QR төлемдері: ол қалай жұмыс істейді және қауіпсіз бе
Интернет-дүкендердегі алаяқтық: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады
Қаржылық күнтізбе: жыл бойы шығындарды ақылмен жоспарлау және шектен шықпау?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Кредит ресімдеген кездегі қателіктер мен лайфхактар