Біздің серпінді әлемде еңбек нарығы үдемелі жылдамдықпен өзгеруде және көптеген жұмыс іздеушілер өздерінің қалауына сәйкес келетін ғана емес, сондай-ақ олардың таланттарын ашатын жұмыс табуға тырысады. Алайда, бұл жолда олар үйіп-төгіп уәде беріп, жұмыс іздеушілердің сенімін пайдаланып, соңында ақшасыз және жұмыссыз қалдыратын алаяқтарға тап болуы мүмкін.
Алдауды қалай тануға болатыны және алаяқтардың арбауына түспеу үшін не істеу керектігі туралы Fingramota.kz-пен бірге қарастырамыз!
Ақшасын төлесең – жұмыс болады!
Алаяқтықтың ең көп таралған түрлерінің бірі – «кепілдік берілген» жұмысқа орналасу үшін алдын-ала төлемді талап ету.
Алаяқтар әр түрлі алаңдарда, көбінесе әлеуметтік желілерде қызықты жұмыс орындары туралы хабарландыру жариялайды, себебі ресми сайттар жұмыс берушілерді үйлестіреді және бірнеше шағымнан кейін аккаунтты бұғаттай алады. Ықтимал құрбандардың қызығушылығын арттыру үшін бос жұмыс орнында күнделікті немесе апта сайынғы төлем, жұмысы үшін сыйлықақылар мен бонустар және жылдам мансаптық өсу көрсетіледі.
Әңгімелесу әдетте мұндай жағдайларда онлайн немесе телефон арқылы өтеді – себебі алаяқтар кеңсені жалға алуға және өздерін белгілі бір жерге байланыстырғысы келмейді. Сонымен қатар, жұмыс іздеушіге ол барлық өлшемшарттар бойынша сәйкес келеді, алайда жұмысқа шығу үшін міндетті түрде ақылы оқудан және/немесе сертификаттаудан өтуі керек деп айтады. Сонымен қатар, медициналық тексеру қажет, оны кез келген жерден емес, белгілі бір медициналық орталықтан алуға немесе «өзінің» дәрігерінен медициналық анықтама сатып алуға болады.
Кейбір жағдайларда әлеуетті «жұмыс беруші» тіпті тікелей «кепілдік жарнасы» немесе тіпті лауазымға ресімдеу үшін белгілі бір төлемнің қажеттілігі туралы айтады. Әрине, мұндай жағдайларда алаяқтар төлемді алғаннан кейін бірден жоғалып кетеді, байланыс деректерін бұғаттайды және байланысқа шықпайды.
Сізге көптеген сауалнама мен пікіртерімді толтыру ұсынылатын жағдайлар да болады. Шығу кезінде сізге «жұмыс берушілер базасына» қол жеткізу үшін белгілі бір сома енгізу ұсынылады. Сіздің қатысуыңызбен арнайы кеңесші әлеуетті жұмыс берушілерге қоңырау шалып, сізді барлық жағынан жарнамалайды.
Сонымен қатар, олар сізге керемет резюме жасауға көмектеседі және әңгімелесуде өзіңізді қалай ұстау керектігіңіз туралы көптеген кеңес береді. Мұндай компаниялар өздерін «жұмыспен қамту агенттіктері» деп атайды және олардың пайдасы, сіз түсініп отырғандай, аз. Олардың міндеті, бұрын сипатталған барлық жағдай сияқты, баяғы қандай да бір сылтаумен әлеуетті қызметкерден көп болмаса да, алайда айтарлықтай ақша алу.
Мұндай кеңселердің істері бір арнаға қойылған. Кеңселерде күн сайын ондаған адам отырады, олар үнемі бірдеңе жазады, әңгімелесу өткізеді және маңызды-мыс компания екенін көрсету үшін қызу жұмыс әрекетін жасайды. Түскен қаражат тіпті оларды кейіннен тоқтату немесе жою мақсатында интернеттегі жағымсыз пікірлерді үнемі мониторингтеу үшін мамандарды жалдауға жеткілікті.
Зая кеткен уақыт пен ақша
Алаяқтардың тағы бір схемасы он жылдан астам уақыт бұрын пайда болды, бірақ әлі де өзекті. Алаяқтар жұмыс іздеушіні әңгімелесуге немесе тіпті дереу шартқа қол қоюға шақырады және жолай шағын қызмет көрсетуді сұрайды. Мысалы, басшыға арзан, бірақ пайдалы бір нәрсе сатып алу. Екінші өтініш басқаша болады – терминалда жолда телефон шотын толтыру. Айтпақшы, мұндай шоттарға электронды әмияндар тіркеулі мүмкін екенін еске саламыз.
Сіз зая кеткен уақытыңызға өкінесіз, ал толтыру сомасы аз болады-әдетте 2 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін болады дегенге есеп құрады. Әсіресе, алаяқтар әдетте өздерін шынайы компаниялар ретінде таныстырады және сізді шынымен бар мекенжайға шақырады.
Кейбір шебер ойластырылған схемаларда алаяқтар тым артық кетіп жатады. Мысалы, әңгімелесуге тек корпоративтік түстегі киіммен келу керектігін, осылайша сіздің ұйымға деген бейілділігіңізді көрсететініңізді алға тартады және мәселен, жасыл түсті көйлек табуды ұсынады.
Бұл жерде сіздің әңгімелесуге және пайдасы жоқ дүниелер сатып алуға біраз уақыт пен ақша жұмсайтыныңыз есепке алынады. Сонда сіз аз мөлшердегі ақшамен біршама оңай қоштасып, оны алаяқтарға аударып жіберуіңіз әбден мүмкін.
Сақ болыңыз! Мұндай тәсіл кейде шетелде жұмыс істеуді ұсынатын кезде қолданылады. Алаяқтар құжаттар, виза, жақсы түйіндеме және т.б. ресімдеу қажеттілігін сылтауратып, өздеріне қаражат аударуды сұрайды. Төлемді алған соң мерзім созыла береді, ал алданған адамға түрлі күтпеген жағдайлардың орын алғанын айтып, тағы да ақша төлеуді ұсынады.
Ресми ресімделмей жұмыс істеу
Жұмыс беруші жоғары жалақы төлеуге уәде береді, алайда «сынақ мерзіміне» немесе «сенімге» сілтеме жасай отырып, еңбек шартын жасамайды. Жұмыс іздеп келген адам жұмыс істей бастайды, ал бірнеше аптадан кейін жұмыс беруші жоқ болып кетеді немесе жұмыс сапасына шағымданып, төлем жасаудан бас тартады.
Мұндай схема фрилансерлермен іс-қимыл кезінде де қолданылады. Мысалы, сізге өз дағдыларыңызды көрсету үшін жобаның бір бөлігін орындауды ұсынады. Жұмысты жібергеннен кейін сізге ақы төлеуден бас тартады не көз жеткізу үшін тіпті тағы бір бөлігін орындауды да өтінеді. Тәжірибелі фрилансерлер сутамғы белгілерін немесе автор ғана өшіре алатын арнайы «құпия жолдаулар» қоюды үйреніп алған. Алайда, жұмыс іздеу алаңдарында мұндай жосықсыз жұмыс берушілер әлі де кездеседі.
Бұдан басқа, мұндай әңгімелесу және ресми түрде жұмысқа орналастырудан бас тарту бір ғана қарапайым мақсатқа бағытталуы мүмкін – алаяқтар сіздің жеке деректеріңізді және тіпті жұмыстардың үлгілерін жинайды. Болашақта бұл материалдардың барлығы сізге қарсы, оның ішінде таныстарыңызды да азғырып, ақша алуға әрекет жасаған кезде қолданылуы мүмкін.
Бейресми ресімдеудің тағы бір кең таралған схемасы – табысты жұмыс берушілер кейпін танытатын қаржы пирамидалары. Сізге кіру жарнасын төлеуді және барынша көп «әлеуетті әріптестеріңізді» шақыруды ұсынады. Жұмыс туристік қызметтер, косметика, автомобиль бизнесі және басқа да көптеген схемалар түрінде болуы мүмкін, олар туралы толығырақ Fingramota.kz сайтынан оқи аласыз.
Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін бірнеше қарапайым қағидаларды сақтау керек:
1. Жұмысқа тұрғаныңыз үшін ақы төлемеңіз! Жұмыс беруші құжаттарды ресімдегені үшін немесе жұмысқа кепілдік бергені үшін ешқашан ақша талап етпеуге тиіс.
2. Компанияны тексеріңіз. Өтінім бермес бұрын компания туралы пікірлерді оқып, заңды мекенжайы мен байланыс деректерін тексеріңіз.
3. Аса тиімді ұсыныстарға сыни көзқараспен қараңыз. Егер жұмыс тәжірибесі болмаса да, бос орынға үлкен еңбекақы береміз десе, сақтықпен қарау керек.
4. Әңгімелесуді мессенджерлер арқылы өтуге келісім бермеңіз. Маңызды жұмыс берушілер әңгімелесуді офисте немесе жазбасы бар ресми бейнеплатформаларында өткізеді.
5. Жұмысқа тұру кепілдігінсіз жеке деректерді ұсынбаңыз. Алаяқтар сіздің деректеріңізді кредиттерді ресімдеу немесе алаяқтық схемалары үшін қолдануы мүмкін.
6. Қол қоймай тұрып шарттарды тексеріңіз. Талаптарын оқымай құжаттарға ешқашан қол қоймаңыз.
Жұмысқа орналасу саласындағы алаяқтық – жас мамандар да, тәжірибелі жұмыс іздеушілер де тап болатын кең таралған құбылыс. Қаскөйлер адамдардың сенгіштігін, олардың тез арада жұмыс табуға және ақша табуға деген ниеттерін пайдалана отырып, түрлі схемаларды қолданады. Сондықтан, бастысы – мұқият болыңыз, ақпаратты тексеріңіз және күмәнді талаптарға келіспеңіз. Ақшаңызға, уақытыңызға және дербес деректеріңізге сақ болыңыз және өз қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Интернет-дүкендердегі алаяқтық: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады
Қаржылық күнтізбе: жыл бойы шығындарды ақылмен жоспарлау және шектен шықпау?
Кредит ресімдеген кездегі қателіктер мен лайфхактар
«Стоп кредит»: кредиттік алаяқтықтан қорғану
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?