Ағымдағы жылдың маусым айында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін міндетті түрде көрсету тұрғысынан банктер мен микроқаржы ұйымдарының жарнамалық хабарларына мониторинг жүргізді, соның нәтижесінде ақпаратты тарату кезінде сыйақы мөлшерлемесі туралы деректерді көрсетпегені және дұрыс көрсетпегені үшін банк пен МҚҰ -ға айыппұл салынды. Тағы сегіз МҚҰ жазбаша ұйғарым алды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2021 жылғы 24 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Заңның 5-бабы МҚҰ-ның жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (бұдан әрі – ЖТСМ) көрсетуге міндетті болатын тармақпен толықтырылды.
Мәселен, «Робокэш.кз» микроқаржы ұйымы жарнама орналастыру кезінде ЖТСМ көрсетпегені үшін жазбаша ұйғарым алды. ЖТСМ дұрыс көрсетпегені үшін «Кәусәр Несие» МҚҰ» ЖШС-ға 145 850 теңгеге айыппұл салынды. Жарнамалық ақпаратты тарату кезінде сыйақы мөлшерлемесін көрсетпегені үшін «Altyn Bank» АҚ-қа (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) осы сомаға айыппұл салды.
Сондай-ақ, ай сайынғы мониторинг нәтижелері бойынша микрокредит бойынша сыйақының шекті мәнінен асып түскені үшін жазбаша ұйғарымдарды: «Мега Кредит» МКҰ» ЖШС, «Деньги говорят» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Kredit Seven Kazakhstan (Кредит Севен Казахстан)» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Lending and Financy technologies» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Взаймы» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «ФинтехФинанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Creditum» микроқаржы ұйымы» ЖШС алды.
Маусым айында қаржы реттеушісі бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтарды анықтаған жоқ.
Мыналар қаржы ұйымдарының жарнамалық қызметін мониторингтеу көздері болып табылады:
- Агенттікке қаржы және өзге ұйымдар ұсынған құжаттар және ақпарат, оның ішінде Агенттіктің сұратуы бойынша;
- жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер, құжаттар және ақпарат;
- қаржы және өзге ұйымдардың сайттары;
- Facebook, Twitter, Instagram, «ВКонтакте», Telegram әлеуметтiк желілері;
- қаржы және өзге ұйымдардың мобильдік қосымшалары;
- теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспа басылымдарындағы жарнамалар, сондай-ақ сыртқы жарнама.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау, сондай-ақ банктік емес кредиттік ұйымдарды бақылауды күшейту мақсатында азаматтардың мүдделерін қорғауды арттыру үшін Агенттік 2020 жылғы сәуірден бастап халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнамалық қызметіне алаяқтық және басқа да заңсыз іс-әрекеттердің мүмкіндігі тұрғысынан жүйелі түрде мониторинг жүргізуде. Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын және Қазақстанның облыс орталықтарын қамтиды.
Дереккөзі: ҚНРДА
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды