Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ азаматтардың мүдделерін қорғауды арттыру үшін банктік емес кредиттік ұйымдарға бақылауды күшейту мақсатында Агенттік 2020 жылғы сәуірден бастап халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнамалық қызметіне алаяқтық және басқа да заңсыз іс-әрекеттер мүмкіндігі тұрғысынан жүйелі мониторинг жүргізеді.
Атап айтқанда, 12 ай кезеңінде (2020 жылғы сәуір – 2021 жылғы сәуір аралығында) 15 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және екінші деңгейдегі банктерге қатысты 9 айыппұл, бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне 2 айыппұл, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға 240 жазбаша ұйғарым және 233 айыппұл қолданылды.
2021 жылғы сәуірде «Ломбард Сатуар» ЖШС-ға қатысты ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шарттарды тексеру нәтижелері бойынша жазбаша ұйғарым жасалды.
«ҚазАқша», «Квику» және «ОнлайнКазФинанс» микроқаржы ұйымдарына барлығы 583 400 теңге айыппұл салынды. Дәйексіз көрсетілгені, сондай-ақ сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асып кеткені үшін санкциялар қолданылды.
Агенттік ағымдағы жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктерге, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтарды анықтаған жоқ.
Қаржы ұйымдарының жарнамалық қызметі мониторингінің дереккөздері мыналар болып табылады:
Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның облыстық орталықтарында жүргізілді.
WhatsApp-ғы жаңа қатер және одан қалайша қорғану қажет. ҚНРДА қазақстандықтарды ескертеді
Жаңа жағдайлардағы жеке пәтер: 2026 жылы ипотекамен не болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қандай жағдайларда банк сіздің картаңызды немесе банктік шотыңызды бұғаттай алады
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң туралы