Агенттікте зейнетақы аннуитетінің артықшылықтары туралы айтылды

time 24.02.2021
aye 2236
Агенттікте зейнетақы аннуитетінің артықшылықтары туралы айтылды

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтар зейнетақы жасына жеткенде зейнетақы төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алуға құқылы немесе зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда өмірді сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитетін сатып алу арқылы төлемдер ала алады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдер зейнетақы жинақтары біткенге дейін жүзеге асырылады, ал өмірді сақтандыру компаниясынан төлемдер алдын-ала нақты белгіленген мөлшермен өмір бойы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, зейнетақы аннуитеті бойынша тер адамдар 55 жасқа, әйелдер 52 жасқа толғаннан бастап төлемдер жасалынады.

Өмірді сақтандыру компаниясы зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерді сақтанушының бүкіл өмірі бойы ай сайын жүзеге асырады және жыл сайын төлемдерге 5% пайыздан кем емес индексациялау қолданады. Сонымен қатар, зейнетақы аннуитеті шартында кепілдендірілген төлем мерзімін орнатуға болады, бұл опция сақтанушы қайтыс болған жағдайда зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерді мұрагерлерге беруді қамтамасыз етеді.

Осы жылдың 2 қаңтарында Мемлекет басшысы қол қойған экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы заңмен зейнетақы аннуитеті сияқты сақтандыру өнімімен қамтамасыз ету ережелеріне елеулі түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер зейнетақы аннуитетін азаматтар үшін қол жетімділігін, әрі тартымдылығын арттыруға әсер етті.

Негізгі өзгертулерді атап өтейік:

- біріншіден, зейнетақы аннуитеті бойынша ең төменгі төлем мөлшерінің минималды зейнетақыдан ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% пайызына дейін өзгеруі, бұл аннуитеттің құнын шамамен 40% пайызға төмендеткен;

- екіншіден төлемдері кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті енгізілді. Бұл сақтандыру өнімі бойынша азаматтар 45 жастан бастап зейнетақы аннуитетіның шартын жасай алады, ал төлемдерді ересектер 55 жастан бастап, әйелдер 52 жастан бастап ала бастайды.

Осы жылдан бастап зейнетақы аннуитетінің құны айтарлықтай төмендеді. Егер 2020 жылы 55 жасқа толған ер адамдар үшін зейнетақы аннуитетінің шартын жасау үшін жеткіліктілік сомасы шамамен 11 миллион теңгені құраса, осы жылдан бастап бұл көрсеткіш 6,7 миллион теңгеге дейін төмендеген. Ал 52 жастағы әйелдер үшін жеткіліктік сомасы шамамен 15 млн. теңгеден 9,0 млн.теңгеге төмендеген. Төлемдері 55 жастан басталатын кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін 45 жастан алу үшін ер адамда кемінде - 6,1 миллион теңге, ал әйелде - 7,7 миллион теңге болуы керек.

Осылайша, зейнетақы аннуитеті - бұл зейнетақы қорының салымшысына жас және еңбекке қабілетті кезінде зейнетақы төлемдерінің баламалы көзін құруға және зейнетке шыққанда өзін тұрақты төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зейнетақы жоспарының бір түрі болып табылады.

Айта кету керек, экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы Заң шеңберінде қабылданған түзетулерге сәйкес, зейнетақы қорының салымшыларында зейнетақы аннуитеті бар болған жағдайда, олар өздерінің міндетті зейнетақы жарналарынан жиналған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін немесе ем қабылдау үшін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруына беру үшін қолдана алады.

Осы жылы зейнетақы аннуитеті өнімдерінің желісін кеңейту мақсатында зейнетақы аннуитеті шартына бір адам емес, ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар қосылып алатын бірлескен аннуитеттерді енгізу жоспарлануда. Бірлескен аннуитет бойынша ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар өздерінің зейнетақы жинақтарын біріктіру арқылы төлемдерді араларында бөліп алуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер ерлі-зайыптылардың бірінде өмірді сақтандыру компаниясынан аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде керісінше жеткілікті болса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы екеуіде өмірлік төлемдер ала алады.

Қазіргі уақытта сақтандыру нарығында 9 өмірді сақтандыру компаниясы бар, олардың қызметі лицензия негізінде жүргізіледі және мемлекетпен бақыланады. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры есебінен зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерге кепілдік беріледі, бұл өмірді сақтандыру компаниясы банкроттық жағдайында зейнетақы аннуитеті бойынша үзіліссіз төлемдерді және сақтанушылар алдындағы міндеттемелерді орындаудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні 61 мыңға жуық адам өмірді сақтандыру компаниясымен жалпы сомасы 283 млрд теңгені құрайтын зейнетақы аннуитеті шарттарын жасаған, осылайша өздерін зейнетке шыққанда өмірлік төлемдермен қамтамасыз еткен.

Ақпарат көзі: ҚНРДА сайты

 

 

white-arrow Тізімге