Алаяқтар қаржы пирамидаларының әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы ұсынуда

time 21.10.2021
aye 10828
Алаяқтар қаржы пирамидаларының әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы ұсынуда

Қаржы пирамидаларының құрбаны болған азаматтар қаржылық алаяқтардың әрекеттерінен қайтадан зардап шегуі мүмкін. Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, оның мәні – қаражатын түрлі қаржы пирамидаларына салған азаматтарға ақшаны қайтарып алуға көмек көрсету, - деп хабарлайды Fingramota.kz.

Атап айтқанда, алаяқтар қаражатты қайтарып алу бойынша қызмет ұсынады, кейде сомалары қаржы пирамидасына салынған ақшадан артық болады. Қаскүнемдер «аса жоғары өтемақы сомасын төлеуді» «заңгерлердің ақысы», «салық» төлеу және басқа да «міндетті төлемдермен» түсіндіреді.

Нәтижесінде азаматтар қаржы пирамидасына салған қаражаттан бірнеше есе артық қаражат жоғалтады әрі тиісінше ешқандай өтемақыға ие болмайды.

Ресей Федерациясының Салымшылар мен акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі федералды қоғамдық-мемлекеттік қоры осыған ұқсас сызбаны анықтады. Қор сайтын (https://fedfond.ru/) толығымен көшіріп алған жалған Азия салымшылар мен акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қор алаяқтардың сайтында (https://fedfond.com/) Қордың атынан «Questra World» және «Asset Management» қаржы пирамидаларының қызметінен «өтемақы» алу мүмкіндігі туралы ақпарат орналастырылған.

Бұл ретте Қор тізілімінде аталған компаниялар жоқ және оларды болашақта да енгізуге болмайды, өйткені тізілімге Ресей Федерациясының аумағында ғана әрекет еткен ұйымдар енгізіледі. Өтемақыларды да қор РФ азаматтарына ғана төлейді.

Осыған байланысты қаржы пирамидаларының әрекетінен зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына өтемақы төлеу мүмкіндігі туралы бүкіл ақпарат дәйексіз болып табылады.

Егер сіз Ресей Федерациясының Салымшылар мен акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі федералды қоғамдық-мемлекеттік қоры және Азия салымшылар мен акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қор атынан өтемақы төлеу туралы ұсыныс алсаңыз, аталған ақпаратқа сенбеңіз және құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

 

Қаржылық сауаттылы ғыңызды   Fingramota.kz-пен  бірге  арттырыңыз!

white-arrow Тізімге