Fingramota.kz жобасының өкілдері Алматы қаласында ҚР ТЖМ «Республикалық жедел құтқару жасағы» ММ қызметкерлері үшін қаржылық сауаттылық бойынша көшпелі шеберлік сабағын өткізді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің спикерлері Дмитрий Акмаев пен Ғаділбек Әкім сауатты қаржылық жоспарлау және жауапты кредиттеу қағидаттары, сондай-ақ қаржылық алаяқтықтан қорғау әдістері туралы айтып берді. Агенттік мамандары қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жаңалықтар туралы, оның ішінде кредиторлармен және коллекторлармен ымыраға келмеген жағдайда, қайда және қалай жүгіну керектігі туралы ақпаратпен бөлісті.

Құтқарушылар қарызды ресімдеу кезінде не нәрсеге назар аудару керек, мерзімі өткен берешекті қалай реттеу керек, онлайн-алаяқтарды, вишинг пен квишингті қалай танып-білу керек және цифрлық гигиена дегеніміз не туралы нұсқаулықтар алды. «Стоп кредит» сервисіне ерекше назар аударылды - қаржы реттеушісінің өкілдері кредиттерді ресімдеуден ерікті түрде бас тарту қызметін іске қосу үшін оны қалай пайдалану керектігін көрсетті.
Іс-шара соңында спикерлер кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке консультациялар беруге дайын екендіктерін білдірді.
Агенттік Fingramota.kz жобасы аясында өткізетін барлық оқыту іс-шаралары тегін болып табылатынын және қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер мен вебинарлар өткізуге қызығушылық танытқан жағдайда, сіз Сall-орталықтың 1459 қысқа нөміріне қоңырау шала аласыз немесе «Fingramota Online» мобильді қосымшасына жаза аласыз. Қосымшаны мемлекеттік тілде және орыс тілінде App Store және Play Market-тегі сілтемелер бойынша жүктеуге болады.
Бізге әлеуметтік желілерде жазылыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық тұрғыдан сауатты болыңыз!
Зейнетақы жинақтары: соңғы кезде не өзгерді және бұл болашақ зейнетақыға қалай әсер етеді
Қазақстандықтар қандай құралдарға инвестиция салады және қаражат салмас бұрын нені білу маңызды
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қатесіз мұрагерлік: мүлкіңізді жоғалтпау үшін нені білу маңызды
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Мұрагерлік бойынша қарыздар мен міндеттемелер: сұрақтарға жауаптар