Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 46 қаулысымен банк және микроқаржы қызметі мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) мына жағдайларда кредит беруден бас тартуға міндетті болады:
егер адам алдын ала кредит/микрокредит алудан ерікті түрде бас тартса;
егер қарыз алушы әскери қызметке шақырылса;
егер клиенттің бұған дейін ешқашан кредиті болмаған және ол онлайн режимде кепілсіз ірі сомаға (банкте 150 АЕК-тен, МҚҰ-да 75 АЕК-тен жоғары) қарыз алғысы келсе.
Бұл жағдайда қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға жеке өзі баруы қажет.
Жасы 21-ден төмен және 55-тен асқан адамдарға кепілсіз тұтынушылық кредиттер/микрокредиттер тек олардың келісімі болған жағдайда ғана беріледі.
Яғни сіздің растауыңызсыз ешқандай шарт жасалмайды.
Онлайн берілетін кепілсіз тұтынушылық кредиттерге “ойлану кезеңі” енгізіледі:
егер қарыз сомасы 150–255 АЕК аралығында болса — кемінде 8 сағат күту қажет;
егер сома 255 АЕК-тен жоғары болса — кемінде 24 сағат күту қажет.
Бұл уақыт қарыз алушыға бәрін қайта ой елегінен өткізіп, қажет болған жағдайда кредиттен бас тарту үшін беріледі.
Ақша тек қарыз алушының келісімінен кейін ғана аударылады.
Яғни банк немесе МҚҰ қарызды қарыз алушы толық келісімін берген соң ғана есепшотқа аударады.
Осылайша, аталған өзгерістер азаматтарды ойланбай қабылданған шешімдерден, жүктелген кредиттерден және қарызға батыратын қателіктерден қорғауға бағытталған.
Басқарманың қаулысының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Күмәнді жеткізу: алаяқтар сатып алушылар мен сатушыларды қалай алдайды
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Шетелдік нөмірлі көлік: Қазақстанда сақтандыруды рәсімдеуге бола ма
Алматының ірі жоғары оқу орындарының студенттері үшін қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер өтеді
Бөліп төлеу: шағын төлемдер үлкен жүктемеге айналғанда
Абайлаңыз: кредит! Алаяқтық схемаларды қалай анықтауға болады?
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді