Қаржы реттеушісі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде қандай жұмыстар атқаруда?

time 14.12.2021
aye 7266
Қаржы реттеушісі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде қандай жұмыстар атқаруда?

Агенттік қаржы ұйымдарының клиенттері құқықтарының бұзылуына жол берілмеуін бақылау арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіп, оларды қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржылық сауаттылықты арттыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін қадағалап ден қою шараларын қабылдауда.  

2021 жылы Агенттікке шамамен 27 мың өтініш келіп түсті, оның шамамен 66%-ы екінші деңгейдегі банктердің жосықсыз әрекетімен байланысты, өтініштердің 30%-ы МҚҰ тарапынан бұзушылықтарға қатысты және 3%-ы коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттеріне қатысты. Өтініштердің көпшілігінің мәні проблемалық берешекті реттеу, оның ішінде берешекті қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру рәсімдері арқылы реттеу, қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту жөніндегі ұсыныстарды қарау мәселелері болып табылады.  

Агенттік жүргізген құжаттамалық тексерулер нәтижелері бойынша 93 қаржы ұйымына және 21 коллекторлық агенттікке жалпы сомасы 25,5 млн теңге болатын 92 ұсынымдық сипаттағы қадағалап ден қою шарасы, 54 жазбаша ұйғарым және 87 әкімшілік жаза қолданылды. 

Азаматтарға тікелей консультативтік көмек көрсету мақсатында Агенттік азаматтарды қабылдау жүргізіп отырады, сондай-ақ кері байланыс платформасы табыс қызмет етуде.  Call-орталық іске қосылған 2021 жылғы 24 мамырдан бастап ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша азаматтардан 5770 қоңырау келіп түсті және өңделді. «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы пайдаланушылардан  2500-ден астам сұрақтар келіп түсті. 5 мыңға жуық қаржылық қызметтерді тұтынушылармен кездесулер ұйымдастырылды, оларға проблемалары бойынша толық түсініктемелер берілді, құқықтық қолдау көрсетілді.

Агенттіктің жәрдемдесуімен банктер мен МҚҰ 6 мыңнан аса азаматтың қарызын қайта құрылымдады. Агенттік атқарушылық іс жүргізу рәсімдері шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады. Агенттік мамандары 1 305 сот отырысына қатысты, оның ішінде 1 100 шағым-талап бойынша шешім қарыз алушылардың пайдасына шығарылды.

Бұдан басқа 2022 жылғы 23 қыркүйекке дейін Агенттік Алматы қ. Әкімдігімен, банк омбудсманымен, 18 банкпен және 9 қоғамдық бірлестікпен бірлесіп Меморандум жасасты, ол жалғыз жылжымайтын мүлікті сатуды және ХӘОТ жататын азаматтарды баспанасынан шығаруды тоқтата тұруды көздейді.

Коллекторлардың тарапынан жасықсыз әрекеттердің алдын алу үшін Агенттік коллекторлық агенттіктер қауымдастықтарымен бірлесіп Коллекторлық агенттіктер қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау туралы меморандум жасасты, Коллекторлық агенттік қызметкерінің кәсіби этикасының үлгілік кодексі бекітілді.

Тұтынушылық кредиттеудегі тәуекелдерді барынша азайту үшін Агенттік банктер мен МҚҰ үшін, қарыз алушылардың төлем қабілетін міндетті түрде бағалау жөніндегі талапты енгізді, кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым белгіленді, азаматтардың борыш жүктемесі қарыз алушы кірісінің 50%-нан аспайтын деңгейде шектелді.

Ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап банктер мен МҚҰ үшін міндетті, азаматтардың кредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібі заңнамалық деңгейде енгізілді. Енді банктер мен МҚҰ проблемалық қарыз алушылардың қаржылық жағдайын жеке тәртіппен бағалауға және мерзімі өткен берешекті қайта құрылымдау талаптарын айқындауға міндетті болады.

Сонымен қоса, Мәжіліс депутаттарының ұсыныстары бойынша мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі заң жобасына төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда жеке тұлғалардың кредиттері бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу жөніндегі түзету енгізілді. Бұл норма тұтынушылық қарыздар бойынша төлеу мерзімі өткен жағдайда азаматтардың кредит берешегінің өсуін шектеуге мүмкіндік береді.

2020 жылғы мамырда Үкімет Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдады.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 2021 жылы Агенттіктің ресми ресурстарында 570-тен астам ақпараттық материал мен Агенттік басшыларының және мамандарының сұхбаттары жарияланды. Солардың негізінде баспа және телевизиялық БАҚ-та 1 500-ден аса материал жарық көрді. 

white-arrow Тізімге