Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (МША) қаржылық қолжетімділікті және қаржылық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыс тобының өкілдері банк ұйымдарының төрт бөлімшесінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті аспектілердің болуы тұрғысынан мониторинг жүргізді.
Атап айтқанда, кіре беріс алаңының қолжетімділігі талданды: ыңғайлы және жабдықталған пандустардың, көздері нашар көретін адамдарға арналған арнайы жолдардың болуы, қызметкерді шақыру батырмасы және көмек көрсету процесі. Сонымен қатар, банкоматтар мен терминалдарды МША түрлі санаттарының қолдана алу мүмкіндігі тұрғысынан технологиялық құрылғыларға талдау жүргізілді.
Мониторингке қозғалысы шектеулі, көздері нашар көретін топтағы мүгедектердің өкілі, сондай-ақ Қ. Иманалиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы Вениамин Алаев, жұмыс тобының хатшысы Дмитрий Акмаев және банк ұйымдарының өкілдері қатысты.
Мониторинг шеңберінде Алматы қаласындағы әр түрлі банк ұйымдарының 4 бөлімшесіне талдау жасалды, сәйкессіздіктер тізімі жасалды және бірқатар ұсынымдар әзірленді. Бұған дейін банк ұйымдарының өздері бұл бөлімшелерді МША қажеттілігіне бірден-бір сай келетін бөлімшелер деп анықтағанын айта кету керек.
Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар
Дербес деректеріңіз жария болған жағдайда не істеу керек: қорғану амалдары
Жаңа цифрлық қалқан eGov Mobile онлайн алаяқтардан қорғануға көмектеседі
Дропперлік және money mule схемалары: басқаның ақшасы сіздің проблемаңызға айналған кезде
Қаржы алаяқтарынан қарт адамдарды қалайша қорғауға болады: жаңа қағидалар мен ұсынымдар
Аңыздарды жоққа шығарамыз: коллекторлармен қалай өзара іс-әрекет етуге болады
Депозиттен ақшаны мерзімінен бұрын алу: салымшылар бұл туралы не білуі керек