2022 жылғы 16 мамырда Қазақстанда жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасы басталды. Мемлекет азаматтарға автокөлікті жылдық 4%-бен және бастапқы жарнасыз сатып алуға мүмкіндік берді. Бағдарлама операторы болып «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ белгіленді.
«Жеңілдікті» автокредитті рәсімдеу алдында азаматтар нені білу керектігін Fingramota.kz айтып береді.
Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) қолданыс мерзімі – 30 жыл, қаржыландыру сомасы 100 млрд теңгені құрайды, олар бағдарламаның қолданыс кезеңінде қайтарымды-револьверлік негізде пайдаланылатын болады.
Бағдарлама бойынша отандық өндірістегі Hyundai, Kia, Chevrolet, JAC, Lada сияқты жаңа жеңіл автокөліктерді кредитке алуға болады.
Маңызды өлшемшарттардың бірі – таңдалған автокөліктің құны. Көліктің бағасы 15 млн теңгеден аспауға тиіс. Бұл ретте автокредиттің ең жоғары сомасы 10 млн теңгені құрайды. Кредиттеу мерзімі – 7 жылға дейін. Қарыз теңгемен беріледі. ЕДБ әлеуетті автокөлік иелерінің төлем қабілеттілігін тексереді.
Оларда қарызды беру мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе көзделеді. Бұл бағдарламаның міндетті шарттарының бірі болып табылатын қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет.
Бюджеттік автомобильдер қандай талаптармен беріледі?
Біріншіден, автомобильді өз талғамыңыз бен таңдаған түсіңізге сәйкес алуға құқылысыз, алайда таңдаған көлігіңіз отандық өндірушінікі болуға тиіс.
Екіншіден, банкке өтінім бергеннен кейін, егер таңдаған автомобиліңіздің маркасы мен моделін өзгерткіңіз келсе, оны өзгерте алмайсыз.
Үшіншіден, кезегіңізді өзгертіп немесе кезектегі орныңызды басқа адамның атына қайта тіркей алмайсыз.
Төртіншіден, егер қатысудан бас тартсаңыз, электрондық кезектен автоматты түрде шығып қаласыз және сіздің орныңызға кезекке басқа тұрғысы келетін адамдар қосылады.
Бесіншіден, жеңілдікті автокредиттеуге екі жылда бір рет қана қатыса аласыз. Сондықтан, бағдарламаға қатысуға келісім бермес бұрын, алдымен оның «тиімді» және «тиімсіз» жақтарын зерделеп, содан кейін ғана шешім қабылдаңыз.
Егер нарықтағы ұсыныстарды салыстыратын болсақ, банктер беретін стандартты, коммерциялық автокредиттер кезінде сыйақы мөлшерлемесі жылдық 20%-дан асуы мүмкін, онда міндетті түрде бастапқы жарна төлейсіз, ол шамамен 20%-ды құрайды. Жеңілдікті автокредит оның номиналды мөлшерлемесі мен жарнасының болмауын ескерсек, қолжетімді және тиімді ұсыныстардың бірі болып табылады. Оның артықшылығы автомобильді ресми кірісі жақсы және кредиттік тарихы жағымды кез келген азаматтың сатып алуында болып табылады.
Бағдарламаға қатысатын қарыз алушы мыналарды сақтауы қажет:
Толығырақ «Сақтандыру» бөлімінен оқыңыздар
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды