Банктерде және микроқаржы ұйымдарында азаматтардың қарыздары бойынша мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі

time 6.12.2021
aye 6986
Банктерде және микроқаржы ұйымдарында азаматтардың қарыздары бойынша мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі

Қарыздар мен микрокредиттерді өтеумен байланысты қиындықтарға тап болған қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап банктер мен МҚҰ үшін азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеудің міндетті тетігі заңнамалық түрде енгізілді.

Проблемалық берешекті реттеу рәсімін бастау үшін қарыз алушы кредиторға, яғни банкке немесе МҚҰ-ға тиісті өтінішпен жүгінуге тиіс. Өтініште растайтын құжаттар қоса беріле отырып, ТАӘ, ЖСН, байланыс деректері, қарыз туралы мәліметтер, мерзімін өткізіп алудың туындау себептері көрсетілуге тиіс.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қарыз алушылар өтініштерді жазбаша да, қашықтан да, яғни ресми интернет-ресурстар және кредитордың электрондық поштасы арқылы банктер мен МҚҰ-ның бөлімшелеріне бармай-ақ бере алады.

Қосымшада электрондық түрде өтініш беруге қажетті банктер мен       МҚҰ-ның мекенжайлары мен байланыс деректері  көрсетілген.

Өтініш пен растайтын құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік        15 күн ішінде банктер мен МҚҰ борышкердің қаржылық және әлеуметтік жағдайын жеке тәртіппен талдайды.   Көрсетілген мерзімде қарыз алушыға банктің немесе МҚҰ-ның қарызды қайта құрылымдау талаптарымен келісетіні туралы хабарлануға тиіс.

Кредитор қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша келіскен кезде банктер мен МҚҰ келесі күнтізбелік 15 күн ішінде қарызды немесе микрокредитті өтеудің жаңа кестесін қабылдай отырып, қарыз немесе микрокредит шартының талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге міндетті.

Банктік қарыз немесе микрокредит шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайда, қарыз алушы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуі керек.

Қарыз алушының өтініші негізінде Агенттік қаржы ұйымына қатысты құжаттамалық тексеруге бастама жасайды, оның шеңберінде кредитордың проблемалық берешекті және қарыз алушылардың құқықтарын реттеу процесіне қойылатын заңнамалық талаптарды сақтауына талдау жүргізетін болады.

Агенттікке азаматтар мынадай тәсілдермен жүгінулеріне болады:

  1. Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы (https://egov.kz/cms/ru), «Электрондық өтініштер» сервисінде «Онлайн қызметке тапсырыс беру»-ді таңдау қажет және растайтын құжаттарды қоса бере отырып өтініш мәтінін толтырыңыз.
  2. eOtinish (https://eotinish.kz/) электрондық сервисінің көмегі арқылы. Өтініш беру eGov қосымшасы арқылы жүзеге асырылады,  «Өтініш беру» сервисінде «Өтініш»-ті таңдаңыз және өтініш мәтінін толтырыңыз.
  3. Агенттіктің мекенжайы бойынша жазбаша нысанда: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй;
  4. Агенттіктің өңірлік өкілдер басқармасына, мекенжайларын мына сілтемеге өту арқылы табуға болады:    https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/about/structure/185/1?lang=kk.

white-arrow Тізімге