Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары мемлекеттің кепілдік беруімен толық қорғалған

time 22.07.2021
aye 8285
Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары мемлекеттің кепілдік беруімен толық қорғалған

Бүгінгі таңда Қазақстан - зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел. Мысалы, ең тиімді зейнетақы жүйелерінің бірі жұмыс істейтін Германияда зейнетақы қорлары зейнетке шығу сәтіне қарай табыстылық мөлшерлемесін 2%-дан сәл артық деңгейде уәде етеді. Чилиде басқарушы компаниялар таңдалған қордың түріне байланысты инвестициялық табысқа кепілдік береді, бірақ соңғы 3 жылдағы орташа алынған нақты табыстылықтың 2%-ынан төмен емес. Ал Австралия, Израиль, Мексика, Швеция және Норвегия сияқты елдерде үкімет зейнетақы ақшасының сақталуына ешқандай кепілдік бермейді.  

Алайда біздің елге оралайық. Зейнетақы жинақтарының сақталуына жауап беретін ең басты құжат – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы, онда мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мөлшерінде, төлемге құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына кепілдік береді. Бұл норма осы заңда 2003 жылы пайда болды, содан бері мемлекет жеке зейнетақы шоттарындағы қаражатты сақтау міндеттемесін өз мойнына алды.

Нәтижесінде, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы кірістілік жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған барлық кезеңдегі инфляция деңгейіне қатысты есептеледі. Егер салымшының жүйеде болған уақыты ішіндегі зейнетақы жинақтарының кірістілігі инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет бұл айырманы өтейді. Бұл тетік қаржы дағдарысының салдарынан зейнетақы активтерінің кірістілігі төмендеген 2009 жылдан бастап белсенді түрде жұмыс істей бастады. Нәтижесінде салымшылардың жинақтары қаржы нарықтарындағы жағдайдың қалай дамып, инвестициялық кіріске қатысты жағдайдың қалыптасып отырғанына қарамастан, сенімді қорғалған.

Мемлекеттік кепілдікті алуға кім құқылы?

Мемлекеттік кепілдікті төлеу бойынша есептесу құқығына Қазақстанның мына азаматтары ие:

1) зейнеткерлік жасқа жеткен кезде - зейнеткерлік жасқа жеткен күні;

2) бірінші немесе екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда - зейнетақы жинақтарын алу күніне;

3) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған кезде – зейнетақы жасына жеткен күнге, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған күннен бастап зейнетақы жасына толғанға дейінгі кезеңге;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар – БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу күніне;

5) ол қайтыс болған жағдайда төлем алуға құқығы бар мұрагерлер;

6) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын алып қойған, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырған - зейнетақы жасына жеткен күні, біржолғы зейнетақы төлемдері салымшының уәкілетті оператор ашқан арнайы шотына соңғы аударылған және (немесе) зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударған күннен бастап кезең ішінде жүзеге асырады.

Төлем сомасын есептеуді жүзеге асыруға құжаттарды беру үшін нотариалды сенімхат болған кезде сенім білдірілген тұлға да жүгіне алады.

Мемлекеттік кепілдікті қалай алуға болады?

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырманы есептеумен және төлеумен «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» (бұрынғы МЗТО) айналысады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы бірыңғай өтініш беру бойынша композиттік қызмет енгізілген 2018 жылдың қазан айынан бастап азаматтар мемлекеттік кепілдік алу үшін ХҚКО-ға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» порталы арқылы жүгіне алады.

Ол үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат;

алушының банктік шотының нөмірі туралы мәлімет

Шетел азаматтары келесі құжаттарды ұсынады:

  • өтініш;
  • шетел төлқұжаты;
  • банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;
  • шетел азаматының атынан оның сенімді тұлғасы өтініш беретін жағдайда, қажетті құжаттардың барлық көшірмелері нотариалды түрде куәландырылған болуы тиіс.

Көрсетілген өтініш негізінде алушыға проактивті қызмет, яғни мемлекеттік кепілдікті төлеу бойынша үнсіз келісім бойынша қызмет көрсетілетін болады.

Әрбір алушыға арнайы әзірленген әдістеме бойынша есеп жасалып, төлем адамға расымен де тиесілі болған жағдайда, ол төлемді өз банктік шотына қабылдайды. Мысал жүзінде қарастырайық. Мысалы, Сіз зейнеткерсіз және зейнеткерлік жасқа жетумен байланысты 01.06.2021 жылы зейнетақы төлемдеріне құқықтар:

  • Мемлекеттік корпорациядағы инфляция деңгейін есепке алғандағы ЖЗТ сомасы (ЖЗТ+ТБИ) 5 577 889,00 теңгені құрайды;
  • инвестициялық табысты есепке алғандағы БЖЗҚ-тағы зейнетақы жинақтарының сомасы (ЖЗТ+ИТ) 5 579 864,00 теңгені құрайды.

Мемлекеттік кепілдік бойынша төлем сомасын есептеу (ЖЗТ+ТБИ)-дан (ЖЗТ+ИТ)-ны азайту арқылы есептеледі:

5 577 889,00 – 5 579 864,00 = (- 1 975,00),

(ЖЗТ+ИТ) сомасы (ЖЗТ+ТБИ) сомасынан артық болғандықтан, мемлекеттік кепілдік бойынша төлем сомасы төленуге тиісті емес және уәкілетті орган теріс шешім қабылдайды.

Зейнеткерлік жасқа жетумен байланысты 01.06.2021 жылы зейнетақы төлемдеріне құқықтар:

  • Мемлекеттік корпорациядағы инфляция деңгейін есепке алғандағы ЖЗТ сомасы (ЖЗТ+ТБИ) 4 161 714,00 теңге.
  • инвестициялық табысты есепке алғандағы БЖЗҚ-тағы зейнетақы жинақтарының сомасы (ЖЗТ+ИТ) 4 116 178,00 теңге болғандағы екінші жағдайды қарастырайық.

Мемлекеттік кепілдік бойынша төлем сомасын есептеу (ЖЗТ+ТБИ)-дан (ЖЗТ+ИТ)-ны азайту арқылы есептеледі:

4 161 714,00 – 4 116 178,00 = 45 536,00.

Жиынтығы Сіз үшін мемлекеттік кепілдік бойынша төлем сомасы 45 536,00 теңгені құрайды.

Осылайша, біздің зейнетақы толық күйінде сақталған және инфляциядан мемлекеттік кепілдік әрі инвестициялық табыспен «қорғалған». Мысалы, 2020 жыл үшін зейнетақы активтерінің жылдық кірістілігі инфляцияның 7,5%-дық деңгейінде 10,92%-ды құрады. Нәтижесінде зейнетақы жинақтарының «таза» кірістілігі 3,42%-ды құрады.

Зейнетақы қалай жинақталатыны және ол неден тұратыны туралы Fingramota.kz келесі материалда айтатын болады.

white-arrow Тізімге