БЖЗҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес салымшылар алаяқтардың тарапынан фишингтік шабуылдарға ұшырап жатқаны жайында шағымдана бастаған. БЖЗҚ мәліметтеріне сәйкес алаяқтардың хаттарында белсенділігі күдік тудыратын күмәнді сайттарға жасалған сілтеме көрсетілген зейнетақы жинақтарын нысаналы пайдалану туралы мақұлдау жіберілуде.
Фишинг-алаяқтар дегендер кім, күмәнді сілтемелері бар осындай хаттарды алған кезде салымшы қандай шара қолдануы керек және нені білуі керек? Қауіпсіздік шаралар туралы Fingramota.kz айтып береді.
Ағылшын тілінен аударған кезде «фишинг» «балық аулау, алдап қармаққа түсіру» деген мағынаны білдіреді. Алаяқтар фишинг сайттар мен клон-сайттар сияқты құралдарды пайдалана отырып, e-mail хабарлар, қалқымалы терезелер, таргеттелген жарнама арқылы пайдаланушылардың конфиденциалды деректерін алуға тырысуда.
Қауіпті сілтемелермен жүру арқылы пайдаланушылар зиянды қосымшаларды ашады, солар арқылы алаяқтарға жеке төлем деректеріне (банк карталарының логині мен құпия сөзі, есептік жазбалар) жол ашып береді.
Бұл қалай іске асады: мысалы, Сізге танымал банктер мен ірі компаниялардың атынан түрлі акциялар, бірегей қаржылық қызметтер, ұтыс ойындары және тағы басқалар туралы ақпарат бар электрондық хат келді. Әдетте, мұндай электрондық хабарламаларда түрлі сілтемелер көрсетіледі, олар бойынша пайдаланушы дербес деректерді енгізуі немесе банк операцияларын жасауы қажет. Мұндай алдамшы амалдарға сенбеңіз, бұлардың артында интернет-алаяқтар тұр! Олар Сіздің шотыңыздағы ақшаны бірнеше секунд ішінде жоқ қылады.
Егер Сіз интернет-алаяқтардың қақпанына түссеңіз, не істеу керек:
Назар аударыңыз! Өзіңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде ЭЦҚ бере отырып, картадағы немесе шоттағы барлық қаражатыңыздың қолма-қол ақшаға айналу, сондай-ақ сіздің атыңызға күмәнді мәмілелер ресімделу, мәселен, пәтер қайта ресімделуі немесе сіздің тұрғын үйіңізге бөтен адамдардың тіркелу қаупі бар.
Алаяқтар пайдаланушылармен хат алмасатын және олардың сеніміне кіретін алаяқ боттар құра отырып, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде де белсенділік көрсетеді.
Интернет – алаяқтар бір ғана мақсат – пайдаланушының дербес деректерін (ЖСН, төлем картасының немесе шотының деректері, SMS-хабарламамен келетін код және керек десеңіз ЭЦҚ) алуды және оның ақшасын алу жолын көздейтінін біліңіз.
Дропперлер дегеніміз кім және бұл неліктен қауіпті
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?
Аңыздарды жоққа шығарамыз: коллекторлармен қалай өзара іс-әрекет етуге болады
Сақтандыру не үшін қажет және сақтандыруда қандай тәуекелдер болуы мүмкін?