Capital Bank Kazakhstan-ның салымшылары не істеуі керек?

time 25.06.2021
aye 3991
Capital Bank Kazakhstan-ның салымшылары не істеуі керек?

Capital Bank Kazakhstan банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиядан айырылды. Тарату процесі қалай өтіп жатқанын және салымшылар ақшасының жағдайы қалай болатынын Fingramota.kz айтып береді.

Лицензиядан айыру күніне (24.06.2021) банк активтерінің мөлшері 38,5 млрд теңгені, несие портфелі – 33,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде 30,4 млрд теңге немесе банктің несие портфелінің 89,8%-ы 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттермен ұсынылған. Банктің өтімді активтерінің мөлшері 149 млн теңгені құрайды, бұл ретте орындалмаған клиенттік төлемдер көлемі 15 млрд теңгеден асады.

Банк салымшылары қам жемесе болады: олардың теңгемен және шетел валютасындағы депозиттеріне, сондай-ақ төлем карточкалары мен банктік шоттарындағы ақшасына «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКҚ) кепілдік береді.

Банк салымшыларының, жеке тұлғаларының 99%-ның депозиттері ҚДКҚ кепілдігімен толық көлемде өтеледі.

ҚДКҚ қаражатынан кімдердің өтемақы алуға құқығы бар?

- жеке тұлғалар;

- дара кәсіпкерлер.

ҚДКҚ қандай кепілдік береді?

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі ең жоғары кепілдік берілген сома шегіндегі төлем карточкаларын қоса алғанда, жеке тұлғалардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің барлық ағымдағы шоттарындағы ақшаны қорғайды. Депозиттер бойынша есептелген, сондай-ақ капиталдандырылған пайыздарға да кепілдік беріледі.

Жеке тұлғалардың металл шоттарында сақталатын қаражатқа, банк ұяшықтарында орналастырылған ақша мен құндылықтарға, депозиттік сертификаттар кепілдік берілмейді.

Кепілдіктердің ең жоғары сомасы қандай?

Кепілдік берілетін ең жоғары сомасы валюта мен депозит түріне байланысты болады. ҚДКҚ мыналарға кепілдік береді:

-     теңгедегі жинақ депозиттері – 15 000 000 теңгеге дейін;

-    жинақ депозиттерді қоспағанда, теңгедегі өзге жинақ депозиттері бойынша – 10 000 000 теңгеге дейін;

-     шетел валютасындағы депозиттер – 5 000 000 теңгеге дейін.

Кепілдіктің әрбір жеке адамға емес, оның ақшасы сақталатын әрбір банкке қолданылатынын есте ұстаған дұрыс. Яғни, егер бір банкте бірнеше депозит ашылса, банктік/ағымдағы шоттарда ақша қалса, шетел валютасындағы депозит болса – осы банк таратылған кезде барлық салымдар барлық депозиттер бойынша сыйақымен бірге қосылады. Нәтижесінде кепілдік берілген өтеудің жиынтық сомасы – депозиттің әрбір түрі бойынша шектер ескеріле отырып, 15 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде төленетін болады. 

Салымшының шетел валютасындағы депозиттері бойынша ҚДКҚ банк лицензиясынан айырылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша өтемақы төлейді. Депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемақы сомасынан асатын қалдықты банктің тарату комиссиясы өтейді.

Кепілдік берілген өтем сомасының мөлшеріне салымдар мен шоттардағы ақша ғана емес, егер салымшының қарыз қаражаты болса, ол да әсер ететінін ерекше атап өту қажет. Мысалы, салымшының 10 000 000 теңге мөлшеріндегі жинақ депозиті бар, ағымдағы шоттарда 500 000 теңге мөлшерінде ақша қалды, сондай-ақ онда 2 500 000 теңге мөлшерінде өтелмеген кредиті бар. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, берешегі өтеледі, содан кейін ғана кепілдік берілген өтем сомасы өзара есепке жазу арқылы қалыптастырылады. Сөйтіп, өтеу сомасы 8 000 000 теңгеге тең болады.

Салымшыларға банкті тарату бойынша сот процестерінің аяқталуын күту қажет пе?

Егер бұрын банк дәрменсіз болған кезде салымшылар түрлі себептермен 3-4 айға созылуы мүмкін банкті тарату бойынша сот процестерінің аяқталуын күтуі қажет болса, 2020 жылдың басынан бастап, заңда күшіне енген өзгерістерге байланысты банк лицензиясынан айырылған сәттен бастап 35 жұмыс күнінен кейін өзінің барлық шоттарынан кепілдік берілген соманы алуына болады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген тағы бір жаңалық депозит бойынша өтеу кепілдігіне қатысты. Заңға түзетулер енгізілгенге дейін салымшы депозит балансына қосылған капиталдандырылған сыйақыны және егер бұл банк шартында көзделсе ғана ала алатын еді. Есептелген, бірақ  капиталдандырылмаған пайыздар кепілдік объектісі болған жоқ және оларды мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы өтеген. Заңға түзетулер енгізілгеннен кейін сыйақының барлық түрлері, оның ішінде капиталдандырылған және есептелген сыйақыға кепілдік беріледі және Қор оларды ең жоғары сомалар шегінде өтейді.    

Осылайша, ҚДКҚ-тан төлемдер бойынша оператор банк анықталғаннан кейін барлық салымшылар кепілдік берілген сомалар шеңберінде өз қаражатын таяудағы бір жарым-екі айда ала алады.

 

Capital Bank Kazakhstan-ға қатысты қандай әрекеттер жасалады?

Агенттік Төрағасының 2021 жылғы 24 маусымдағы №206 бұйрығымен банктің тарату комиссиясы тағайындалған уақытқа дейін әрекет ететін, банк басқармасының барлық органдарының уәкілеттігін қабылдаған уақытша әкімшілік тағайындалды. Уақытша әкімшіліктің басшысы ретінде Агенттік қызметкері – Шолпан Тоқсейітова тағайындалды. Уақытша әкімшіліктің құрамына сондай-ақ ҚДКҚ өкілдері кірді.

2021 жылғы 25 маусымнан бастап ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды есепке алмағанда, клиенттердің және банктің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылды. 

Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес, тараптардың келісімі бойынша банктің қаржылық жағдайын нашарлатпайтын өзгерістер енгізуді қоспағанда, банк бұрын жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес.

Салымшыларға арналған бірнеше пайдалы деректер:

- Кепілдік өтемдерін лицензиядан айыру процесінен бастап банк -агент (ол арқылы өтініштерді қабылдау және өтемдерді төлеу жүзеге асырылатын әрекет етуші банк) ар қылы беруге дейінгі төлеу уақыты  жүзеге асырылатын әрекет етуші банк) 35 жұмыс күнінен аспайды.  

- Егер депозиттегі және банктік шоттардағы сомалар ҚДКҚ ең жоғарғы кепілдік сомаларынан артық болса, жеке тұлға-банк клиенттері кредиторларының банктік шоттары бойынша талаптары кезекке сәйкес жүзеге асырылады.

- Депозит бойынша есептелген сыйақы да бұдан әрі ҚДКҚ арқылы қорғалатын болады, бірақ ең жоғарғы кепілдік сомасының шегінде.

white-arrow Тізімге