Шартқа сәйкес сақтандыру төлемдерін қалай алуға болады, неліктен олар сізге сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы мүмкін және мұндай жағдайда не істеу керек, оны Fingramota.kz -пен бірге талқылаймыз .
Ең алдымен, сіздің сақтандыру шартыңыздың мерзімі аяқталған-аяқталмағанын, оның күші жойылған-жойылмағанын тексеріңіз. Мәселен, сіз сақтандыру сыйлықақысын төлемесеңіз, осы жағдай орын алуы мүмкін. Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталса, оны ұзарту керек. Бұл алдымен сізді қызықтыруы қажет.
Сізде орын алған жағдай сақтандыру жағдайына жата ма, ол сақтандыру шартында көрсетілген бе, алдымен соны тексеріңіз. Өйткені бұл сіздің сақтандыруыңыз бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартудың ең көп тараған себептерінің бірі болып табылады. Сіз өтегіңіз келетін залал сақтандыру жағдайларынан алып тасталған санатқа жатқызылған болуы да мүмкін. Сақтандыру шартына қол қоюға ұқыпсыз және мән бермей қарау, әдетте, болашақта осындай жағымсыз салдарға әкеп соғады.
Cақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру ұйымына жазбаша хабарламаларды уақтылы жіберіңіз. Сақтандыру шартының талаптарында шағымдарды жіберу қажет мерзімдер белгіленген, сол уақыттан кешіктіріп алмаңыз. Және ешқандай жағдайда шағымыңызда көрсетілетін фактілерді бұрмаламаңыз.
Егер сіздің сақтандыру шартыңызда франшиза көзделген болса, онда өзіңіз ойлаған сақтандыру өтемінің сомасы белгіленген франшиза мөлшерінен асатынын немесе аспайтынын салыстырыңыз. Аспайтын болса не сақтандыру төлемі мен франшизаның мөлшері тең болса, онда сақтандырушы Сізге өтеуден бас тартуы мүмкін.
Егер сіз сақтандыру шартының басқа талаптарын бұзған болсаңыз, сақтандыру ұйымы сізге сақтандыру төлемінен бас тартуы мүмкін. Сондықтан, қайталап айтамыз, шарттың әр тармағын мұқият оқып шығыңыз.
ҚР Азаматтық Кодексінің 839-бабына сәйкес сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн мыналар да:
1) сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабарламау;
2) сақтанушының сақтандырушыға, сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлауы;
3) сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбауы;
4) сақтанушының залалдар келтiруге кiнәлi тұлғадан мүлiктiк сақтандыру бойынша залалдарға тиiстi өтем алуы;
5) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайын тексеруде және одан келген залалдардың мөлшерiн белгiлеуде сақтандырушыға кедергi жасауы;
6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамға талап қою құқықтарынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап ету құқығын өткiзу үшiн қажеттi құжаттарды беруден бас тартуы;
7) заң актiлерiнде көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.
Бұл ретте ҚР АК 839-бабының 6-тармағына сәйкес сақтандыру шартының талаптары бойынша, егер бұл заң актiлерiне қайшы келмейтiн болса, сақтандыру төлемінен бас тартудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.
Толығырақ "Сақтандыру" бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма