FF ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде «Асан мен Үсеннің шытырман оқиғалары немесе ақша қалай пайда болды және оны жоғалтып алмау үшін не істеу керек» атты балаларға арналған қаржылық қосымшаның төртінші шығарылымы шықты.
Бұл шығарылымда біздің басты кейіпкерлеріміз Асан мен Үсен банк жүйесінің тарихымен танысады, банктер қандай өнімдер мен қызметтерді ұсынатынын және қаржылық реттеуші кім екенін біледі.
Әр шығарылым сайын егіз балалардың қаржылық сауаттылығы жақсарып келеді. Екінші сынып оқушылары қаржылық сауаттылық әлеміне саяхатын негізгі ұғымдардан бастады және банк бөлімшесіне барып үлгерді, қажетті қаржылық терминдерді біледі. Барлық қызықты нәрселер тек алда!
Балаларға арналған қаржылық қосымшалар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде оқыңыздар
«Құпия Санта» желіде: алдаудың жаңа схемасы
Қазақстанда азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейі өсуде
Қазақстандықтар кредиттерге қалай қарайды – Fingramota.kz пікіртерімі
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң туралы
Қазақстандықтар алаяқтықты қалай танып-біледі: екі жылдық зерттеу барысында не өзгерді
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады