«Күміс теңге» операциясы» атты балалар қаржы детективінің он екінші серияда басты кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алиша қаржылық сауаттылық туралы сиқырлы Қорған тасбақасынан викторина өткізеді. Әрине, Ақшажегіш оларды тоқтатуға тырысады, бірақ балаларға олардың достары – Ричи есімді спаниель және қолға үйретілген Галла атты сауысқан көмектеседі.
Балалар қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық жөніндегі жобасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығарылатынын еске сала кетейік.
Барлық шығарылымдар барысында біз басты кейіпкерлердің өз тергеулерін қалай жүргізгенін, ақшаның қайдан келетінін және қайда жоғалып кететінін, жеке ақшаны басқарудың, жинақтауды қалыптастырудың негізгі дағдыларын үйренгенін және алаяқтық пен қаржы пирамидаларын қалай тануға болатындығын білдік.
Балалар детективінің сюжеттік желісі квест-бродилка ойынының элементтері бар ертегі-детектив түрінде құрылғанын атап өтеміз. Тапсырмаларды, суреттерді, сұрақтарды және басқа материалдарды «Дружные ребята» және «Ұлан» редакциялары дербес әзірледі.
Жас кейіпкерлердің шытырман оқиғасы туралы толығырақ www.fingramota.kz сайтынан "Балаларға арналған қосымшалар" деген бөлімнен оқыңыздар.
Балалармен бірлесіп оқу ұсынылады!
Қаржылық кесте: баланы үйретуге тұрарлық 7 әдет
Күмәнді жеткізу: алаяқтар сатып алушылар мен сатушыларды қалай алдайды
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Шетелдік нөмірлі көлік: Қазақстанда сақтандыруды рәсімдеуге бола ма
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Бөліп төлеу: шағын төлемдер үлкен жүктемеге айналғанда
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді