ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде «Асан мен Үсеннің шытырман оқиғалары немесе ақша қалай пайда болды және оны жоғалтып алмау үшін не істеу керек» атты балаларға арналған қаржылық қосымшаның алтыншы шығарылымы шықты.
Бұл шығарылымда біздің басты кейіпкерлеріміз Асан мен Үсен жоғары білімнің және болашақ мамандықты таңдаудың маңыздылығы туралы біледі. Сондай-ақ балалар білім беру депозиті туралы, оның болашақта не ұсынатынын және оған мемлекет кепілдігінің бар-жоғы туралы білетін болады.
Алтыншы шығарылымда жас қаржыгердің дәптері, пайдалы ақпарат қоржыны, «Алтын теңге» деген балаларға арналған ойын бөлмесі, «Білім алу туралы бала күніңнен ойла» оқыту комиксі және «Білім беру депозиті» деген тақырыпқа кезбе ойын бар.
Әр шығарылым сайын егіз балалардың қаржылық сауаттылығы жақсарып келеді. Екінші сынып оқушылары қаржылық сауаттылық әлеміне сапарларын негізгі ұғымдардан бастады, банк бөлімшесіне барып үлгерді, дебеттік карталар ашты, енді олар білім беру депозиті туралы бәрін біледі.
Балаларға арналған қаржылық қосымшалар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде шығады. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде оқыңыздар.
Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады
Инвесторға салық декларациясын қалай тапсыруға болады: қадамдық нұсқаулық
Депозит: салымды қалай таңдау, жинақтарды қалай қорғау керек және кірісті жоғалтып алмау үшін не іст...
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қаржылық кесте: баланы үйретуге тұрарлық 7 әдет
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді