ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде «Асан мен Үсеннің шытырман оқиғалары немесе ақша қалай пайда болды және оны жоғалтып алмау үшін не істеу керек» атты балаларға арналған қаржылық қосымшаның бесінші шығарылымы шықты.
Осы шығарылымда біздің басты кейіпкерлеріміз Асан мен Үсенге алғашқы сақтандыру полистерін ресімдейді. Балалар балаларды сақтандырудың қандай түрлері бар екенін, олардың артықшылықтары қандай екенін, қандай жағдайлар сақтандыру деп танылатынын және сақтандыру жағдайы орын алса не істеу керектігін біледі.
Шығарылым жас қаржыгердің дәптерімен, пайдалы ақпарат қоржынымен, «Алтын монета» балалар ойын бөлмесімен, «Сақтандыру шартын қалай жасауға болады» танымдық комикспен және «Сақтандырылған өмір» тақырыбындағы бродилка ойынымен сүйемелденеді.
Әр шығарылым сайын егіз ағайындылардың қаржылық сауаттылығы жақсарып келеді. Екінші сынып оқушылары қаржылық сауаттылық әлеміне сапарларын негізгі ұғымдардан бастады, банк бөлімшесіне барды, дебеттік карталарды ашты, білім беру депозиті туралы білді, тіпті сақтандыру шарттарын жасасты.
Толығырақ «Балаларға арналған бөлімнен» оқыңыздар
Қалта ақшадан алаяқтарға дейін: қазіргі заманғы оқушы нені білуге тиіс?
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Бизнес-жоспар құрған кезде нелерді ескеру қажет
Кликфрод және клик фермалар – алаяқтықтың жаңа түрі
Қазақстанда азаматтардың банкроттығы: ол қалай жұмыс істейді және қандай жаңалықтар енгізілді
Жаңа жағдайлардағы жеке пәтер: 2026 жылы ипотекамен не болады