Fingramota.kz «Stop-алаяқтық» акциясын қолдайды

time 18.10.2024
aye 950
Fingramota.kz «Stop-алаяқтық» акциясын қолдайды

Биыл 18-19 қазанда бүкіл ел бойынша ҚР Ішкі істер министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қаржы ұйымдарымен бірлесіп ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өткізетін «Stop-алаяқтық» ақпараттық акциясы өтуде.

Күн сайын алаяқтар заманауи цифрлық технологиялар мен адамдарға әсер етудің психологиялық әдістерін қолдана отырып, алдаудың жаңа схемаларын ойлап табады. Олар туралы және зиянкестерден қорғау әдістері туралы толығырақ біздің қаржылық сауаттылық бойынша www.fingramota.kz сайтымызда «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерде баяндап береміз.

Алаяқтардың тұзағына түспеу үшін не істеу керек? Цифрлық гигиенаны сақтаңыздар!

Сақ болыңыздар! Күдікті хабарламалар мен қоңырауларға сенбеңіздер, күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және бейтаныс адамдардың нұсқаулары бойынша қосымшаларды жүктемеңіздер. Дербес деректеріңізді, әсіресе картаның толық деректемелерін, оның жарамдылық мерзімін, код сөзін, сырт жағындағы үш таңбалы кодты, сондай-ақ SMS және push хабарландырулардың кодын жария етпеңіздер.

Fingramota.kz! сайтындағы ақпаратпен бөлісіңіздер! Достарыңыз бен жақындарыңызға алаяқтық схемалар туралы айтыңыздар, сонда олар да өздерін қорғай алады.

Еgov.kz сайтында «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін орнатыңыздар.

Интернеттегі қаржылық алаяқтардың құрбаны болмас үшін мынадай цифрлық гигиена ережелерін сақтаңыз:

- Жеке басын куәландыратын құжаттың фотосуретін әлеуметтік желілерде жарияламаңыз және мессенджерлер арқылы, әсіресе бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Конфиденциалды деректерді жоғалту көп жағдайда оларды үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануына әкеледі;

- Карточканың толық деректемелерін, әсіресе артқы жағындағы үш таңбалы кодты, SMS-тегі кодты және өзге де дербес ақпаратты айтпаңыз;

- Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз, белгісіз дереккөздерден лицензияланбаған қосымшаларды жүктемеңіз;

- Телефонға ресми емес дүкендердің қосымшаларын орнатпаңыз және конфиденциалдылық теңшеулерін мұқият қадағалаңыз;

 - Күрделі комбинацияларды ойлап тауып, құпия сөздерді жиі өзгертіңіз және әрқашан антивирусты қолданыңыз. Сіздің гаджетіңізге алаяқтық шабуылдар жасалған жағдайда оларды сенімді бұғаттайтын антивирустық бағдарламаны жаңартуды ұмытпаңыз;

- Сыртқы USB-тасымалдағышқа маңызды файлдардың сақтық көшірмесін үнемі жасап отырыңыз. Бұл опция теңшеулер конфигурациясын, барлық қосымшалар мен жеке ақпаратты сақтау үшін жасалған. Мұндай функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және гаджет жоғалған немесе бұзылған жағдайда оны жаңасына көшіруге көмектеседі.

Егер сіздер алаяқтарға тап болсаңыздарбұл туралы құқық қорғау органдарына міндетті түрде хабарлаңыздарбанкке қоңырау шалып,  карталарыңыз бен шоттарыңызды бұғаттаңыздар. 

white-arrow Тізімге