Цифрландырудың дамуымен фриланс-қызметтерге деген қажеттілік те артты. Қашықтан отырып жұмыс істеу форматы өте ыңғайлы, пайдасы да көп, себебі жолға уақыт кетпейді, түскі асқа және басқа да шығындарың болмайды.
Дегенмен фрилансерлердің қызметін алаяқтар айналып өтпеді, себебі олардың жұмысы көбіне «сенім білдіру» қатынастарына құрылады. Өзіңізді қаскүнемдерден қорғауға бола ма – Fingramota.kz-пен бірге талқылап көрелік.
Сонымен, сіз фрилансер болып қосымша ақша тапқыңыз келді, бір қарағанда, талаптары да ұтымды, ерекше бір дағдыларды қажет етпейтін жұмысты да таптыңыз делік. Ұсыныс, әрине, қызығарлықтай. Осы бос орынға ниет білдіріңіз.
Мұндағы гәп неде? Алаяқтардың расында ең кең тараған схема «бастаған кезде ақы төлеу» болып табылады. Мысалы, олар алдымен оқыту курсынан өтуді, таратылатын материалдарды сатып алуды, сайттарында ақылы түрде тіркелуді немесе аздаған алдын ала төлем төлеуді ұсынады. Жалған жұмыс берушілер оның орнына жұмысқа тұрғызуға және жақсы жалақы алуға кепілдік береді.
Кеңес: Сіз ақша төлеу үшін емес, сізге ақша төлеу үшін жұмыс істеп жүрсіз! Егер жұмыс беруші жұмысты бастамай тұрып алдын ала ақы төлеуді сұраса, оның адалдығына күмән тудыруға болады. Ол компания туралы пікірлерді өздерінің сайтынан ғана емес, жалпы интернеттен оқыңыз. Көңілі толмай, опық жеген көптеген үміткерлердің пікірлерін табарыңыз сөзсіз.
Тест тапсырмалары
Кейде тапсырыс берушілер фрилансерлердің кәсіби деңгейлерін бағалау үшін олардан тест немесе сынақ тапсырмаларын сұрайды. Мысалы, сізге эксперименттік тапсырманы орындау ұсынылуы мүмкін: мақала жазу, сайт дизайнын жасау, ақпараттық графика жасау және т. б.
Мұндағы гәп неде? Егер сізден үлгіні емес, тапсырманы толығымен орындауды талап етсе, алаяққа тап болып қалған жоқсыз ба, соны ойлау қажет. Кейбір жосықсыз тапсырыс берушілер сенгіш тәуелсіз қызметкерлердің есебінен жақсы пайда тауып отырады. Шын мәнінде, болашақ жұмыс берушіге сіздің құзыретіңізді бағалау үшін портфолиоңыз бен осыған дейін жасаған жұмыстарыңыздың сілтемесі ғана қажет.
Кеңес: «Он екі орындық» романындағы: «Ақша таңертең, орындықтар кешке» танымал оралымын есіңізде сақтаңыз. Қызметтеріңіз үшін келісілген төлем жасалмастан бұрын бүкіл тапсырысты беруге асықпаңыз немесе еңбегіңізді ешкім иеленіп алмас үшін жұмысыңызды сутамғы белгілерімен шифрлаңыз.
Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?
Бейтаныс нөмірлерден спам-қоңыраулар: оларды қалай болдырмауға болады