Алдағы уақытта өтетін « ҚазМұнайГаз »-дың IPO- н а дейін мүлдем аз уақыт қалды. « Самұрық-Қазына » ҰӘҚ м ұнай және газ өндіру операторының акцияларын қор биржасына шығаруды жоспарлап отыр. Қазақстан халқын ың компанияның тең иесі болуға, оның акцияларын сатып алуға және одан аздап та болса пайда табу мүмкінді гі бар.
Алаяқтар да қарап қалмай, қазақстандықтардың сенгіштігін пайдаланып, олжаға кенелу жолдарын қарастыруда. Әлеуметтік желілерде мезі еткен жарнама арқылы олар «IPO шеңберінде» ірі қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу бойынша онлайн-қызметтер ұсынуда, алайда ақша қолға түскен соң олар іздерін суытып, жоқ болады.
Нағыз инвестициялық делдалдарды жалған брокерлерден қалай ажыратуға болатыны жөнінде Fingramota.kz. айтып береді.
IPO деген не?
IPO (Initial Public Offering) – биржада акциялар орналастыру арқылы акционерлік қоғамның акцияларын инвесторлардың шектеусіз тобына алғашқы жария ұсыну. IPO-ның нәтижесінде компания акциялары биржадан тыс айналыста болатын жеке компаниямен салыстырғанда жария компанияға айналады, оның есептілігі – айқын, ал оның шығарған бағалы қағаздары инвесторлардың кең аясы үшін қол жетімді болып келеді.
«Самұрық-Қазына» АҚ-қа кіретін мемлекеттік стратегиялық компаниялардың IPO-сы 2021-1025 жылдарға арналған Жекешелендіру жоспарының аясында өткізіледі. Таяудағы үш жылда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мемлекеттік қордың құрылымына кіретін бірнеше компанияның акцияларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жерде, ерекшелігі, аталған компаниялардың акциялары қатардағы қазақстандықтар үшін қол жетімді болмақ. Алайда, азаматтар бағалы қағаздарды тек Қазақстанның қор нарығында заңды түрде жұмыс істейтін инвестициялық делдалдар арқылы сатып ала алады.
Жалған брокерлер деген кімдер?
Олар алаяқтар – жеке адамдар немесе жосықсыз қызмет белгілері бар компаниялар. Олардың қолында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ.
Бала мен қаржы: қалта ақшасын қалай онлайн басқаруға болады
Жаңа қағидалар: коллекторлар бұдан былай борышкерлермен қалай жұмыс істейді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қауіпті SMS: алаяқтар азаматтарды алдау үшін мәтіндік хабарламаларды қалай пайдаланады
Дропперлер дегеніміз кім және бұл неліктен қауіпті