Ағымдағы жылғы қарашада ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде өткен халықтың өтініштерін мониторингтеу және талдау call- орталығы және «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы түскен негізгі сұрақтардың мерзімі өткен берешекті сотқа дейін реттеудің жаңа тәртібінің тақырыптарына қатысты екендігін көрсетті. Сондай-ақ азаматтар банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл бойынша сұрақтарды белсенді түрде қойды.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасауға арналған коммуникациялардың барлық ықтимал арналарын пайдаланады.
Қаржы реттеушісінің, қаржы ұйымдарының қызметі, реттелетін субъектілер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халыққа арналған ақпараттың қолжетімділігін және толық болуын арттыру мақсатында Агенттікте 2021 жылғы 24 мамырдан бастап +7 727 237 1000 нөмірі бойынша call- о р талығы жұмыс істейді.
Қаржылық қызметті тұтынушылар call – орталығы арқылы өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша консультациялар, қолданыстағы заңнама нормаларына түсіндірулерді ала алады. Сонымен қатар call – орталығының көмегімен шұғыл сипаттағы мәселелерді қаржы және өзге де ұйымдармен тікелей жедел шешу мүмкін болды. Қарашада Агенттіктің call – орталығына азаматтардан 1682 қоңырау келіп түсті. Оны іске қосқан сәттен бастап барлығы 5,7 мыңнан астам қоңырау өңделді.
Халықтың қаржы реттеушісімен жедел өзара іс-қимылы және кері байланысты нығайту мақсатында Агенттікте 2020 жылғы 25 маусымнан бастап «Fingramota Online» мобиль дік қосымшасы жұмыс істейді. Қарашада осы мессенджер арқылы пайдаланушылардың 100 -ден аса сұрағы өңделді, іске қосылған сәттен бастап 5 мыңнан астам сұрақ түсті.
Сұрақ: Коллекторлық агенттіктердің өкілдерімен берешекті сотқа дейінгі тәртіппен қалай реттеуге болады?
Жауап: «Коллекторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес борышкер және (немесе) оның өкілі өздеріне (өзіне) коллекторлық агенттік хабарлаған күннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгінеді.
Жазбаша өтініште борышкердің жазбаша өтінішін қарау және оның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін өз қаражатының жеткілікті екендігін айқындау үшін кредиторға қажетті банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішхатқа негіз болған берешектің туындау себептері, басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтер ашылады, сондай-ақ білімі, кірістер және шығыстар деңгейі, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы анық ақпарат, өзге де мәліметтер беріледі.
Коллекторлық агенттік өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде оны кредиторға жіберуге міндетті.
Кредитор борышкердің жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шартты өзгертудің ұсынылған талаптарын қарайды және коллекторлық агенттікке жазбаша нысанда:
- банктік қарыз шартына немесе микрокредит беру туралы шартқа ұсынылған өзгерістермен келіскені;
- банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары;
- банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, бас тарту туралы хабарлайды.
Коллекторлық агенттік кредитор қабылдаған шешімді алғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде ол туралы борышкерге хабарлайды.
Сұрақ: Коллекторлық агенттіктер берешек туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге құқылы ма?
Жауап: «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында коллекторлық қызмет құпиясы коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор, берешек туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талап тары туралы кез келген мәліметтер мен өзге де мәліметтерді қамтиды деп көзделген.
Борышкерге қатысты коллекторлық қызмет құпиясы борышкердің өзіне, борышкердің жазбаша келiсiмi, оның ішінде банктік қарыз шартын жасасу кезінде - банк құпиясын ашуға немесе микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде микрокредит беру құпиясын ашуға берген жазбаша келісімі негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ «Коллекторлық қызмет туралы» заңның 11- бабының 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкiн.
Осылайша, коллекторлық агенттіктер үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға және оларға микрокредит құпиясын/банктік құпияны құрайтын мәліметтерді тек борышкердің берген жазбаша келісімі негізінде, оның ішінде банктік қарыз шартын/микрокредит шартын жасасу кезінде ғана ашуға құқылы.
Сұрақ: Кредитордың берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және коллекторлық агенттікке реттеуге берген кезде сыйақы есептеуге құқығы бар ма?
Жауап: Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезеңінде кредитордың берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін қарыз немесе микрокредит беру және оған қызмет көрсетумен байланысты сыйақы, комиссиялар мен өзге де төлемдер төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге айыпақы (айыппұл, өсімпұл) есептеуге құқығы жоқ.
Жауап: Коллекторлық агенттіктермен даулы және тартысты мәселелерді сотқа дейінгі реттеу үшін сіз Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасына (бұдан әрі – ҚҰКП) жүгіне аласыз. Бұл ұйым коллекторлармен өзара әрекеттесу кезінде сізге көмектеседі және шешім нұсқаларын ұсынады.
Коллекторлық агенттіктердің банк заңнамасын және заң талаптарын сақтауын тексеру үшін сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне аласыз.
Сұрақ: Қандай жағдайларда сақтандырушы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберінде сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы?
Жауап: Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабында регламенттелген.
Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) қажеттi қорғану және аса қажеттілiк жағдайда жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi;
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:
Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздемелер болған жағдайда, сақтандырушы осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген өтінішті және барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш иесіне сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толығымен немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді бас тарту сбептерінің уәжді негіздемесімен бірге жазбаша түрде жолдауы тиіс.
Сақтандырушы сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан болған жағдайларда сақтандыру төлемiн төлеуден бас тартуға құқылы:
1) ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивтiк улану әсерi;
2) әскери қимылдар;
3) азаматтық соғыс, түрлi сипаттағы халық толқулары, жаппай тәртiпсiздiк немесе ереуiлдер.
Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген зақымдалған көлік құралы үшін төленбейді.
Сақтандырушы Заңның 29-бабында көзделген негіздемелер бойынша сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға құқылы емес.
Сұрақ: Балам менің смартфоныма бір ойынды жүктеп алды, ол мезгіл сайын геодеректерге кіруге рұқсат сұрайды. Менің телефонымда мобильді банктік қосымшалар орнатылғандықтан уайымдаймын. Осындай ойындар, қосымшалар арқылы алаяқтықтың қандай да бір тәсілдері бар ма, алаяқтар оларды қалай пайдалана алады?
Жауап: Геодеректер мен басқа да жеке ақпаратты жинай алатын және осылайша сіздің әрекеттеріңізді қадағалайтын «ақылды» қосымшалар бар. Тағы да, балалар өздері түсінбестен, мұндай қосымшаларды сіздің жағдайыңыздағыдай өзінің немесе ата-анасының телефонына жүктеп алуы мүмкін. Бұл құпия ақпаратты «жинаушылар» сіздің қайда тұратыныңызды, жұмыс істейтіндігіңізді, балаңыздың қайда оқитынын, көбірек уақыт өткізетін жеріңізді, демалатын жеріңізді, әдетте онлайн сатып алатын заттарыңызды және тағы басқаларды оңай анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, қаскүнемдерге сіздің және балаларыңыздың қызығушылықтарыңызды білу қиын болмайды. Кейбір қосымшалар кибералаяқтарға пошта қызметтеріне, әлеуметтік желілерге қол жетімділікті қамтамасыз етеді, бұл өте қауіпті. Сондықтан гаджетке әртүрлі қосымшаларды орнатпас бұрын абай болыңыз.
Барлық қосымшалар үшін геолокация функциясын бірден өшіріп, күмәнділерді мүлдем жойған дұрыс. Фотосуреттердегі, қосымшалардағы және әлеуметтік желілердегі жазбаларды жариялау кезінде орналасқан жері туралы ақпаратты өшіріңіз. Қосымшаның орналасқан жерді қадағалап жатқанын білу қиын емес. Мұны телефон параметрлерінде тексеруге болады. IOS-та «Параметрлер» бөліміне, содан кейін «Құпиялылық» және «Орындар қызметтері» бөліміне өтуіңіз керек. Android-та «Параметрлерге» өтіп және бұдан әрі «Орны» және «Қолданбалар рұқсаттары» бөлімдеріне өту керек.
Гаджетке антивирустық бағдарламаны орнатыңыз және оны үнемі жаңартып отырыңыз. Қосымшалар мен бағдарламаларды орнатпас бұрын оларды вирустарға тексеріп алыңыз. Мұқият және абай болыңыз!
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды