Қазақстандағы әрбір автокөлік иесінде КҚИ АҚЖМС міндетті автосақтандыру шарты болуы тиіс. Бұл заңның талабы. Егер сақтандыру шарты болмаса, көлік жүргізуге тыйым салынады. КҚИ АҚЖМС немесе көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру – бұл сақтандырудың міндетті түрі, оның талаптары барлық сақтандыру ұйымдарында бірдей және заңмен реттеледі.
КҚИ АҚЖМС сақтандыруы автокөлік иесінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы (ЖКО) кезінде туындаған азаматтық-құқықтық жауапкершілігін өтейді. Сақтандыру төлемдері зардап шеккен адамның пайдасына жүзеге асырылады. Осылайша, егер сіздің кінәңізден ЖКО орын алса, онда мұндай сақтандыру ЖКО-да зардап шеккен адамдарға келтірген залалды өтейді. Алайда, ол сіздің машинаңыздың зақымдануына төлем жасамайтындығын түсіну керек.
Өз кезегінде, азаматтардың мүлкіне келтірілген зиянды, оған тиесілі автокөлікті қоса алғанда, сақтандыру сақтандырудың ерікті сыныптары шеңберінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарттары және сақтандырудың ерікті сыныптары бойынша сақтандыру төлемдерін алу тәртібі келісім-шарт тараптарының келісімі бойынша сақтандыру келісім-шарттарымен айқындалады.
Көлік иесі, міндетті сақтандырудан басқа, өз автокөлігін ұрлануға, айдап әкетуге, бүлдіруге, көлік тұрағында бір заттың түсуінен зақымдануға, үшінші тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне немесе дүлей апаттарға байланысты тәуекелдерден сақтану үшін ерікті сақтандыруды сатып алуға құқылы. Мұндай сақтандырудың болуы шартта көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде өтемақы алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, автокөлікті залалдан ерікті сақтандырудың қолданыстағы келісім-шарты болған кезде және ЖКО кезінде үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеумен байланысты емес сақтандыру жағдайы басталған кезде ғана автокөлігіне келтірілген залалды өтеуді сақтандыру ұйымынан алуға болатынына автокөлік иелерінің назарын аударамыз.
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт