Кейбір адамдар кредиттің қолжетімді екеніне қуанса, енді біреулер артық төлем мен жоғары пайыздар үшін оны мүлдем ұнатпайды, алайда сіз кредит жайлы қалай ойласаңыз да – ол жай ғана қаржы құралы. Және осы құралды сауатты пайдалануды үйренген жөн.
Fingramota.kz өзіңіздің нақты мүмкіндіктеріңізді қалай дұрыс бағалауға және қалтаңызға салмақ тудырмайтын етіп ресімдеу керектігі туралы айтып береді.
Мақсат және нақты мүмкіндіктер
Кредит – сіздің өміріңізді тез арада жақсартуға, мысалы, қандай да бір қажетті техника, автокөлік немесе тіпті пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін өнім. Және ең бастысы, сіз алдағы уақытта кредитті өтеу үшін төлейтін ақша сіздің өміріңізді қиындатып жібермеуі керек.
Кредит ресімдейтін уақытта оның мақсатын түсіну өте маңызды. Яғни, біз қарыз қаражатын не үшін алып жатқанымызды және оны қайда жұмсайтынымызды түсінуіміз қажет. Сіздің нақты не сатып алатыныңызға қарай мақсаттар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болады. Сондай-ақ, мақсаттар орынды, демек қаржылық тұрғыдан сауатты және асығыс шешім қабылданған, яғни орынсыз болады. Бірақ ең бастысы, мақсатсыз кредит – бұл қиын салдарларға әкеп соқтыратын қарыз.
Мысалы, ақша қажет болып, сіз бір миллион теңге сұрадыңыз делік, ал банк сізге екі миллион бере алатыны хабарлайды! Әрине, сіз қосымша бір миллионды қайда жұмсауға болатынын табасыз. Алайда, егер сіз асығыс шешім қабылдап, осы ақшаны бірден алып алатын болсаңыз, бұл әрекетіңіз мүлдем тиімсіз болады.
Ал егер сізге қосымша қаражаты расымен де қажет болып қалса, қаржы ұйымына қайтадан жүгінгеніңіз жөн болады. Әдетте, сізге белгілі бір соманы алдын ала мақұлдаған болса, оны кейінірек пайдалана аласыз. Оған дейін барлығын мұқият жоспарлап алуға уақытыңыз болады!
Әсіресе жастар арасында ең көп тараған мақсат – соңғы үлгідегі смартфон сатып алу. Трендтен қалмау жиі жағдайда қаржылық жағдайға теріс әсер етеді. Бұл жерде мәселе тіпті кредит сатып алу фактісінде де емес, мәселе адамдардың басым көпшілігінің соңғы модельдегі смартфондар мүмкіндігінің тек 30%-ын ғана пайдалануында. Бұл кез келген техникаға да қатысты: компьютерлер мен ноутбуктер, камералар және тіпті тұрмыстық техника.
Егер сіз оны қолдансаңыз және ол сізге көмектесіп, өміріңізді жеңілдететін, жақсырақ, тиімдірек ететін болса ғана мұндай затты кредитке алу ақылға сыйымды. Егер сіз мәртебе үшін, бренд қуып, айналаңызды мойындату үшін болса – бұл, әрине, біреулер үшін өте маңызды. Бірақ мұндай заттарды кредитке алмаған абзал.
Келесі талданатын нәрсе – өз мүмкіндіктеріңіз. Біріншіден, заң бойынша сіз барлық кредит бойынша ай сайынғы табысыңыздың 50%-дан аспайтын бөлігін ғана беруге құқылысыз. Егер сіздің кредит жүктемеңіз өте жоғары және кірісіңіздің жартысына жақын болса, кредиторлар, қаржы ұйымдары сізге жаңа кредит бермеуі керек.
Екіншіден, сіз қандай да бір қажеттілікті кредитпен өтеген кезде, біраз уақытқа дейін басқа бір нәрседен бас тартуға тура келетінін есте ұстаған жөн. Бұл сіздің әл-ауқатыңызға әсер етпеуі үшін, сіз отырып, жеке немесе отбасылық бюджетті есепке алуыңыз қажет, әрине онда ай сайынғы кредит төлемі міндетті түрде ескерілуі керек. Ең бастысы –кредиттің не үшін төленетінін, яғни неден бас тартатыныңызды түсіну. Бұл жерде қосымша, әсіресе тұрақты келіп түспейтін кірісті кредитті өтейтін ақша ретінде қарастырудың қажеті жоқ. Ол кенеттен жоғалып кететін жағдайды елестетіп, жоспарды ең жағымсыз сценарийге сүйене отырып жасаңыз. Содан кейін, егер бәрі жақсы болса, кенеттен жоспарланбаған қиындықтар туындайтын жағдайға қарағанда, сізге әлдеқайда оңай болады.
Кредиттің мақсаты туралы тағы бір ереже бар. Ешбір жағдайда қарыз қаражатын тысқары жобаларға, бағалы қағаздарға, криптовалюталарға инвестициялауға болмайды. Ондай құралдар жоғары кіріс түсіреді деп уәде еткенмен, оған кепілдік бермейді. Қарыз қаражаты тәуекелге ұшырамауы керек. Яғни, «қазір кредит алып, инвестицияға саламын, 2 есе пайда табамын» деген жағдай жұмыс істемейді. Егер кредит бизнесті дамыту үшін алынса, ол сіздің бизнесіңіз болуы керек және алған ақшаның сізге одан да көп ақша әкелетінін және оның қалай болатынын нақты түсінуіңіз керек.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Кредит ресімдеген кездегі қателіктер мен лайфхактар
Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады
Satbayev University -де қаржылық сауаттылық бойынша семинар өтті
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт