ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы сәуірден бері халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметін алаяқтық және басқа да заңсыз әрекеттер мүмкіндігі тұрғысынан жүйелік мониторингтеуді жүргізеді.
2021 жылғы мамырда «Altyn Bank» АҚ-қа қатысты жарнамасында банк лицензиясының нөмірін және осы лицензияны берген органның атауын көрсетпегені үшін қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы қолданылды.
«Сенімді Іргетас» ломбарды», «Астана Ломбард-9» ломбарды», «Пегас люкс» ломбарды ЖШС-ге, «CreditSun» МҚҰ-ға, «MyCar Finance» МҚҰ-ға қатысты ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген шарттарды тексеру нәтижелері бойынша жазбаша ұйғарым жасалды.
«ОнлайнКазФинанс» микроқаржылық ұйымына жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін дұрыс көрсетпегені үшін 145 850 теңгеге айыппұл салынды.
Агенттік ағымдағы жылғы мамырда бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтар анықтаған жоқ.
Қаржы ұйымдарының жарнама қызметін мониторингтеу көздері мыналар болып табылатынын еске саламыз:
Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның облыс орталықтарында жүргізілді.
Ақпарат көзі: ҚНРДА сайты
Жаңа жағдайлардағы жеке пәтер: 2026 жылы ипотекамен не болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қандай жағдайларда банк сіздің картаңызды немесе банктік шотыңызды бұғаттай алады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?