Заманауи әлемде көп нәрсе онлайнға өтуде: көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың көпшілігін сіз үйден шықпай-ақ алуыңызға болады. Ол үшін банктік қосымшаға қолжетімділік және интернетке қосылатын гаджет болуы керек.
Онлайн-банкинг – бұл банктік қосымша арқылы өз шотыңыздағы ақшаны қашықтан басқару тәсілі. Оны мобильді банкинг деп те атайды. Ол ересектерге және балаларға балалардың банк картасы болған кезде (оны қалай ресімдеуге болатыны туралы біз өткен шығарылымда айтып бердік) қолжетімді.
Жастарға арналған «OYLA» ғылыми-танымдық журналындағы 𝙁𝙞𝙣𝙜𝙧𝙖𝙢𝙤𝙩𝙖.𝙠𝙯 арнайы бетінің қыркүйектегі шығарылымында біз мектеп оқушыларының өздерінің қажеттіліктері үшін онлайн-банкингті қалай пайдалана алатыны туралы айтып береміз.
Балаларға арналған банктік қосымшаның функционалы ересек адамдардікі сияқты ауқымды емес. Сонымен бірге банктер ата-аналар бақылауын көздеген: ата-аналар шотта қанша қаражат бар екендігін көруіне және ол бойынша үзінді-көшірмемен танысуына болады. Яғни, баланың қанша және не үшін ақша жұмсағанын, сондай-ақ кімге ақша аударғанын немесе кімнен ақша алғанын көруіне болады.
Ал мектеп оқушыларына онлайн-банкингтің көмегімен өз шығындарын тексеру ыңғайлы: өз бюджетін жоспарлауға, алдына қаржылық мақсаттар қоюға және ақшаны – велосипедке, скутерге, жаңа киімге, жақындарына сыйлық алуға және т.б. жинауға болады.
Депозитті қалай ашуға болады? Кешбэкті қалай алуға болады? Сонымен бірге баланы киберқауіпсіздік негіздеріне қалай үйретеміз? Ата-аналар мен балалар үшін пайдалы мақала сіздерді OYLA журналының қыркүйектегі шығарылымында күтеді!
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде сілтемесі
Фишинг, дипфейктер және QR-код: интернет-алаяқтар арасында қандай схемалар кең тараған
Жинақ күні: ақша жинауды және қаржылық мақсаттарға жетуді қалай үйренуге болады
Міндетті автосақтандыру: 2024 жылы ең жоғары төлем мөлшері қандай
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қызылорда облысы кенішіндегі көшпелі дәріс
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт