МБА және ХЖШТ үшін қаржылық қызметтердің қаржылық қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі жұмыс тобының қызметі шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі МБА және ХЖШТ үшін жеке және қашықтан қызмет көрсету бойынша ұсынымдар жобасын әзірледі, оған сондай-ақ қаржы ұйымдарында сенім білдірілген адамды тағайындау қағидалары кіреді.
Ұсынымдар жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (бұдан әрі – Заң жобасы) заңды бастамалар шеңберінде әзірленді. Қазіргі уақытта Заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда.
Ұсынымдар жобасында МБА және ХЖШТ үшін қаржы ұйымдарының нақты және ақпараттық қолжетімділігін жетілдіру, «Мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектелген басқа да топтарына қызмет көрсету жөніндегі қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптар» ҚР СТ-3844-2023 ұлттық стандартына сәйкес МБА және ХЖШТ клиенттерімен өзара іс-қимыл бойынша қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ алаяқтық әрекеттер салдарынан қаржылық шығындар тәуекелдеріне әкеп соғатын операцияларды болдырмау мақсатында МБА санатындағы клиенттің сенім білдірілген адамды тағайындауы көзделеді.
Ұсынымдар жобасымен мынадай сілтеме арқылы танысуға болады: https://fingramota.kz/ru/post/rekomendacii-po-lichnomu-i-distancionnomu-obsluzhivaniyu-lyudej-s-invalidnostyu-i-malomobilnyh-grupp-naseleniya-v-finansovyh-organizaciyah
Ұсынымдар жобасы бойынша ұсыныстарды komek@finreg.kz электрондық мекенжайына 2025 жылғы 20 наурызға дейінгі мерзімде жіберуді сұраймыз.
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады
Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қаржылық қолжетімділікті арт...
Satbayev University -де қаржылық сауаттылық бойынша семинар өтті
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт