Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?

time 18.12.2024
aye 552
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?

Сақтандыру - бұл өзіңізді, денсаулығыңызды және мүлкіңізді (үй, пәтер, бағалы заттар) әр түрлі тәуекелдерден қорғау мүмкіндігі. Сақтандыру арқылы адамдар өздерін жайлырақ сезінеді, себебі олар қиын жағдайда барлық мәселелерді жалғыз шешудің қажеті жоқ екенін біледі.

Жастарға арналған «OYLA» ғылыми-танымдық журналының қаржылық сауаттылық бойынша желтоқсан айындағы арнайы шығарылымында біз сақтандыру дегеніміз не, балаларға арналған қандай сақтандыру өнімдері бар, сондай-ақ сақтандыру полисін қалай дұрыс рәсімдеу керектігі туралы айтып береміз. Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі түсті иллюстрациялар, коллаждар  осының бәрі жас қаржыгерлерге материалды тез игеруге көмектеседі.

Балаларды не үшін сақтандыру қажет?

Біріншіден, негізгі мақсат үшін, атап айтқанда баланың өмірі мен денсаулығын сақтандыру үшін, екіншіден, белгілі бір мақсатқа, мысалы, жоғары оқу орнына түсуге белгілі бір ақша жинау үшін.

Ата-ананың өзі белгілі бір жасқа дейін ұлына немесе қызына қандай сома қажет болатынын анықтайды және сақтандыру компаниясының көмегімен ақша жинай бастайды. Бұл пайдалы және ыңғайлы. Жинақтаушы сақтандыру біз бұрын айтқан инвестициялар құралдарының бірі ретінде әрекет етеді. Бірақ бұл қаржы құралына инвестициялау қысқа мерзімде – 1-2 жыл ішінде жүзеге асырылмайтынын түсінуіңіз керек, бұл ұзақ мерзімді инвестициялар. Баланың шотына тұрақты түрде қанша ақша салу қажет болатынын сақтандыру компаниясы есептейді. Сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда, сақтандыру компаниясы шарт талаптарына сәйкес соманы төлейді.

Әр түрлі тәуекелдерге байланысты балаларға арналған жеке сақтандыру бар: жарақаттар, аурудың белгілі бір түрлері, жәндіктердің шағуы (кейбір компаниялар, мысалы, кене шағуынан сақтандыруды ұсынады).

Сақтандыру компаниясымен шарт жасамас бұрын, нарықтағы барлық ұсыныстарды зерделеп, сақтандыру ұйымдарының талаптарымен танысып, «иә» және «қарсы» жақтарын өлшеп, содан кейін ғана асықпай, шешім қабылдаған жөн.

«OYLA» журналындағы балаларға арналған арнайы парақтар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы шеңберінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде шығарылатынын еске саламыз.


Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде оқыңыздар.

white-arrow Тізімге