
Түрлі жағдайларды сақтандыруға болады, солардың ішінде негізгілеріне тоқталайық:
автокөлікті ұрлау, оның бұзылуы, жазатайым жол көлік апатына тап болу — автокөлікті сақтандыру;
созылмалы аурудың өршуі, жарақат, улану және т.б. — денсаулықты сақтандыру;


Сақтандыруды рәсімдеу үшін мұндай қызметті көрсетуге рұқсат алған сақтандыру компаниясымен келісімшарт жасау қажет. Лицензияны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі береді. Оның бар-жоғын қаржы реттеушісінің www.gov.kz сайтындағы «Қаржы нарықтары» бөлімінен («Сақтандыру секторы» бөлімшесі) тексеруге болады.
Бүгінде сақтандыру компаниясымен келісімді оның веб-сайты немесе мобильді қолданбасы арқылы бір дегеннен рәсімдей аласыздар.
Сақтандыруды рәсімдеу барысында бірнеше терминдер кездесуі мүмкін. Соларды түсіндіре кетейік.

Сақтанушы — сақтанғысы келетін жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандырушы — сақтандыру компаниясы.
Сақтандыру оқиғасы — сақтандырушы сақтанушыға ақша төлеуге міндетті болатын оқиға.
5 миллионнан астам қазақстандық «Стоп-кредитті» іске қосты: сервис алаяқтық қарыздардан қорғауға қал...
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Алданбауға тырысыңыз: маркетологтар мен алаяқтар сіздің эмоцияларыңызда қалай ойнайды