Соңғы жылдары көптеген бизнес құрылымдар онлайн-сауда индустриясын белсенді түрде дамытуда және интернет-сатудың көбірек арналарын ашуда. Бүгінгі күні, егер сізде Интернет болса, кез келген ыңғайлы жерде онлайн режимінде сіз өзіңізге ұнайтын затты сатып ала аласыз, жақындарыңызға сыйлыққа тапсырыс бере аласыз. Дегенмен, көп жағдайда киберқауіпсіздікке және төлем технологияларына қатысты, электрондық коммерция индустриясына тән тәуекелдер мен қауіптер белсенді түрде дамуда.
Онлайн сатып алу кезіндегі қажетті дербес сақтық шаралары туралы Fingramota.kz еске салады!
Онлайн сатып алудың алдында мынадай қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар:
Интернет-дүкендердің түпнұсқалығын тексеріңіздер
Киберқылмыскерлер түпнұсқа сайттарға ұқсас немесе белгілі және ірі дүкендердің немесе брендтердің ұқсас аттарын пайдаланатын жалған интернет-дүкендер жасайды. Интернет-алаяқтарға ұрынып қалмау үшін браузердің мекенжай жолындағы URL-мекенжайларды үнемі мұқият тексеріңіз, расталған SSL сертификатпен расталған қауіпсіз әрі қорғалған қосылуды (HTTPS) қолдайтын сайттарды ғана пайдаланыңыз.
Браузердің мекенжай жолында URL алдында иконка құлыпшасы болуға тиіс. Ол сайттың шифрмен қорғалған қосылуды пайдаланатынын және деректер алмасу ашық түрде болмайтынын білдіреді. Мынадай цифрларды қамтитын URL бар дүкенге сенуге болмайды, мысалы: http://66.102.7.104@65465.51456jD% – бұл алаяқтар болуы мүмкін.
Өзіңіздің байланыс құрылғыңызды пайдаланыңыз
Wi-Fi-ға қол жеткізудің қоғамдық нүктелері ерекше қауіп төндіреді. Wi-Fi арқылы интернет-кафеде және құрылғыларды сізден басқалар пайдаланатын басқа орындар арқылы көпшілік орындарда Интернет-шопингтен бас тартқан дұрыс. Көп жағдайда сол қоғамдық ашық желілерде қаскүнемдер бөтен деректерді іздеп-бағып отырады.
Өз құрылғыңыздың қауіпсіздік функцияларын пайдаланыңыз (вирусқа қарсы қорғаныс құралдарын орнату және уақтылы жаңарту, оларды мезгіл-мезгіл ауыстыратын күрделі парольдерді пайдалану, биометриялық идентифкаттау және іс-қимылды растау, компьютерде немесе мобильді құрылғыда сезімтал деректерді ашық түрде сақтамаңыз).
Онлайн-сатып алу үшін жеке картаны пайдаланыңыз
Интернетте сатып алу үшін жеке банктік карта ашыңыз, оны тек осындай сатып алулар үшін ғана пайдаланатын боласыз және ол жалақы немесе жинақ шотына тіркелмеген болады. Виртуалдық картаға ақшаны тек сатып алардың алдында ғана аударыңыз, ал қосымша қауіпсіздік үшін картаға күндізгі лимит белгілей аласыз.
Сатып алушылардан келген кері байланысқа талдау жасаңыз
Тауар туралы пікірлерді дүкеннің сайтынан ғана емес, сонымен қатар интернеттегі іздестіру арқылы да оқыңыз. Егер тауардың сапасына, жеткізу мерзіміне, осы дүкен қызметкерлерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне риза болмаған және ашулы адамдар саны көп болса, осы онлайн-дүкеннен сауда жасаудың мақсатқа сай екендігі туралы ойланыңыз. Көп пікірдің жалған болуын, тапсырыспен жасалатындығын да естен шығаруға болмайды. Нақты пікірлерді жалған пікірлерден ажырата біліңіз.
Төлем тәсілін таңдаңыз
Онлайн-дүкен неғұрлым көп төлем тәсілдерін ұсынса, соғұрлым жақсы. Егер ақшаны жеткізу кезінде немесе аудару арқылы төлеуге болса, тіптен жақсы. Алайда сіз бәрібір онлайн түрде сатып алсаңыз, онда сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін сізге электрондық поштаңызға тапсырыстың растамасы, электрондық шот не фискалдық чек келуге тиіс.
Егер сіз осы деректерді алмасаңыз, онда тауарды/қызметті ұсынатын компаниямен, жеткізушімен дербес хабарласуыңыз керек – мүмкін, техникалық іркіліс болған шығар, сондай-ақ сіздің алаяқтардың интернет-бетінде мәміле жасағаныңызға күдіктену үшін негіз болуы мүмкін.
Сондықтан Интернет желісінде кез келген қаржылық операцияларды жасаған кезде сіз екі есе қырағы болуыңыз керек.
Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды