Қор нарығы: инвестор ол туралы не білуі керек

time 7.12.2021
aye 5904
Қор нарығы: инвестор ол туралы не білуі керек

Әрбір қаржылық тұрғыдан сауатты адам өз ақшасын ақылға салып қайда салуға болатындығы туралы ойланады. Біреу депозиттер ашады, біреу қымбат металдарға немесе жылжымайтын мүлікке инвестиция салады. Ал кейбіреулерде бағалы қағаздар нарығы басымдыққа ие.


Қор нарығы - бұл өзінің ерекше заңдылықтары бар бүтін бір әлем, сондықтан оны түсіну үшін архитектурасын танып-білу қажет. Fingramota.kz толығырақ айтып береді.
 
Қор нарығы - бұл капитал нарығының құрамдас бөлігі, бұл бағалы қағаздар нарығы.  Іс жүзінде ол жоқ - бұл бағалы қағаздармен сауда жасауға мүмкіндік беретін әрекеттер мен тетіктердің жиынтығын білдіретін абстрактілі ұғым.
Инвесторлар бұл сауда-саттықты арнайы ұйымдастырылған сауда алаңында - қор биржасында өткізеді. Биржа - бұл сауда мәмілелерін жасауға арналған орын беретін және бағалы қағаздарды сатып алушылар мен сатушыларды біріктіретін ұйым. Әр қор биржасының нақты мекенжайы, ережелері мен жұмыс кестесі бар.  Қазақстанда негізгі қор алаңы Қазақстан қор биржасы (KASE) болып табылады.
 
Кейбір азаматтар қор биржасын  валюта және тауар биржаларымен шатастырады.
Форекс – бұл валюталық биржаның немесе валюта нарығының түрлерінің біреуі, оның тауары валюта болып табылады. Мәні бойынша, Форекс биржасында «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» қағидаты бойынша бағадағы айырманың есебінен пайда алу үшін бір валютаны басқасына ауыстыру жүргізіледі.
Тауар биржалары, Қазақстанда тіркелгені 19,  бірақ оның 9-ы ғана тұрақты ай сайынғы негізде және 6 – кезеңмен сауда-саттық жүргізеді, еркін бәсекелестік қағидаты бойынша тұрақты жұмыс істейтін көтерме нарықтар болып табылады және оларда белгіленген қағидалар бойынша  сапалы біртекті және жеңіл өзара ауыстырылатын тауарларға  сату-сатып алу мәмілелері жасалады, мысалы, бұл ауыл шаруашылық тауарлары, тас және қоңыр көмір, мұнай өнімдері, битум және басқасы болуы мүмкін. Тауар биржасының негізгі функциясы – оның барлық қатысушылары үшін қызмет ететін бағдар – баға индикаторларының нарығымен қамтамасыз ету.
 
Инвесторлар үшін акциялар, облигациялар, туынды қаржы құралдары (фьючерстер, опциондар, форвардтар) сияқты бағалы қағаздар, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары ұсынылады.

Қор нарығында сауда жасамас бұрын, өзіңіз үшін үш маңызды факторды анықтауыңыз керек: қор нарығының құралдарына қанша қаражат салуға дайынсыз, қанша уақытқа және Сіз үшін не маңызды – үнемдеу және көбейту немесе тәуекелге бару және тез ақша табу.
Жинақтардың үштен бір бөлігін ғана қор нарығының құралдарына қиналмай жіберуге болады деп саналады, өйткені ол жерде тәуекелдер бар және оларды инвестор өз еркімен қабылдайды. Кез келген инвестиция – бұл өте қауіпті бизнес. Мұны әрқашан есте сақтау керек. Қор нарығына бармас бұрын «оң», «терісін» таразыға салыңыз.  

Толығырақ “Бағалы қағаздар нарығы” бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге