Тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) онлайн режимде арнайы ағымдағы шот аша алады.
Біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шот - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті операторында тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін алушымен ашылатын ағымдағы банк шоты.
Біз, ең алдымен, қазіргі уақытта «Отбасы Банк» АҚ-ның клиенті болып табылмайтын зейнетақы қорының салымшыларына арнайы ағымдағы шоттар ашуды ұсынамыз.
Бұл үшін:
«Отбасы банк» клиенттері үшін арнайы шот онлайн-платформада біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы өтініш беру барысында ашылады. Платформа біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері бекітілгеннен кейін іске қосылады.
Сондай-ақ арнайы шотты «Отбасы Банк» АҚ сайтындағы бейне қоңырау қызметі арқылы да ашуға болады.
Арнайы шот ашу операциясы дүйсенбіден сенбіге дейін (қоса алғанда), 9:00-ден 21:00-ге дейін болады.
«Бүгін біз БЖЗҚ салымшыларына мақсаттарына бір қадам жақындап, арнайы шотты онлайн ашуды ұсынамыз. Бұл біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш берген кезде, тұрғындарымыздың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді банктің басқарма төрайымы, Ләззат Ибрагимова.
Естеріңізге сала кетейік, «Отбасы Банк» уәкілетті оператор ретінде зейнетақы жинақтары аударылатын арнайы ағымдағы шоттарды ашуға және жүргізуге, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін аударуға байланысты агенттік қызметтер көрсеткені үшін комиссия алмайды.
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
«Стоп кредит»: кредиттік алаяқтықтан қорғану
Кредит ресімдеген кездегі қателіктер мен лайфхактар
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Аңыздарды жоққа шығарамыз: коллекторлармен қалай өзара іс-әрекет етуге болады
Сақтандыру шартына қандай мәселе кіреді және оны қалай дұрыс оқу керек?