Push-хабарламалар: алаяқтар шабуылының бір түрі

time 1.08.2022
aye 6141
Push-хабарламалар: алаяқтар  шабуылының бір түрі

Заманауи алаяқтар дамыған IT-технологиялар мен әлеуметтік инженерия әдістерін қолданып қана қоймай, маркетинг құралдарын да қолданады. Мәселен, олар Push-арналары арқылы жан-жаққа спам-жарнамалар жібереді.

Ол не екені және алаяқтықтың бұл түрінен қалайша қорғану қажеттілігі жөнінде Fingramota.kz айтып береді.

Push-жіберілім деген не?

Бұл сіздің құрылғыңыз  тынығу режимінде тұрса да экран бетіне қалқып шығатын қысқа хабарламалар. Көп жағдайда адамдар өз карточкасы бойынша операцияларды бақылап отыру үшін оларға қызмет көрсететін банктердің Push-хабарламаларына жазылады.

Алайда сіздің телефоныңызға банктен Push-хабарламалар, егер сізде:

 - интернет болмаса;

 - сол қаржы институтының мобильдік қосымшасы орнатылмаған болса келмейді.

Push-хабарламаларды сіздің смартфоныңызда орнатылған басқа мобильді қосымшалар да жібере алады. Алайда, тек сіздің рұқсатыңызбен.  Бұл ретте, сіз бір рет «Push-хабарламалар алуға келісім беру» батырмасына бассаңыз болды, сіз түрлі спамдарға, оның ішінде алаяқтық, бөгде ресурстардан тұрақты түрде келіп тұратын жіберілімдерге автоматты түрде жазылатыныңызды білген жөн.

Мобильді күнтізбелермен алаяқтық

Түрлі сайттарда, әсіресе ойын-сауық сипатындағы және байланысы қорғалмаған (HTTPS-тің орнына HTTP және мекенжай жолында құлып белгісі жоқ) киберқылмыскерлер белсенді қолданатын бір жасырын функция қолданылады. Бұл - күнтізбеге шақыруларды автоматты түрде қосу және түрлі оқиғалар туралы хабарландырулар. Мәселен, сіз қорғалмаған сайтқа кіріп, кездейсоқ жіберілімге жазылдыңыз делік,  мобильді күнтізбеңізге спамерлер шабуыл жасады. Нәтижесінде сізге Push-хабарламалар түрінде зиянды сілтемелермен күн сайын немесе сағат сайын мезі қылатын жарнама келуі мүмкін.

Кеңес: Әрқашан да ұқыптылық танытып, құрылғыңыздың экранының бетіне шығатын түрлі хабарламаларға басуға асықпаңыз, абай болыңыз.  Сізге не ұсынып жатқанын мұқият оқып шығыңыз. «Күнтізбеге іс-шараны қосу қажет пе?». Бірден кері қайтарыңыз, кері жағдайда сіз спам-жіберілімдердің нысанасына айналасыз. Ол үшін гаджеттің теңшеуінде «Күнтізбе» тармағын таңдап, хабарламаларды өшіріп тастау қажет, олармен бірге қосылуға мүмкіндік алған күдікті есептік жазбалар да жойылады.

Толығырақ «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінен оқыңыз.

white-arrow Тізімге