ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгіну арқылы азаматтар ақпараттық-анықтамалық сипаттағы консультациялар ала алады және қаржы реттеушісінің қызметіне қатысты мәселелерді жедел шеше алады.
Қаржы реттеушісінің өкілдері өтініш берушілердің әрбір өтінішін қарайды және банк, сақтандыру, микроқаржы салаларындағы заңнама нормаларына, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролардың қызметіне, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына жан-жақты түсіндірмелер береді. Қажет болған жағдайда қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері қарыз алушылар үшін банктердің, МҚҰ немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыра алады.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.
Тұтынушылар сонымен қатар Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла алады. Өтініш берушілерді жеке қабылдау кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/15240?lang=ru.
Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне қалай жазылуға болады?
Ол үшін:
Өңірлердің тұрғындары тұрғылықты жері бойынша Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына жүгіне алады.
Өтініш берушінің мәселенің мәні баяндалмаған қабылдау туралы өтініші қараусыз қалдырылады.
Қосымша кеңес алу үшін Агенттікке «1459» нөмірі бойынша (жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) немесе «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы хабарласа аласыз.
Авто-айлакерлік: жолдағы алаяқтар қалай жұмыс істейді және сақтандыру неге сіздің қорғаныңыз бола ал...
Қазақстан азаматтарды қаржылық алаяқтардан қалай қорғайды
Қарыз тұзағынан шығудың жаңа мүмкіндігі: Finkelisim платформасы кредиттерді реттеу тәсілін қалай өзг...
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Алдымен өзіңе төле»: неге бұл қағида бәріне бірдей жұмыс істемейді
Проблемалық кредиттер: банк және микроқаржы омбудсмандарына жүгініңіз