ҚР ҚНРДА мен AAOIFI бірлескен және өзара ынтымақтастық үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

time 13.09.2021
aye 5122
ҚР ҚНРДА мен AAOIFI бірлескен және өзара ынтымақтастық үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыруды дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және Ислам қаржы институттарының бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі ұйым (бұдан әрі - AAOIFI) Қазақстанда да, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) өңірінде де исламдық банкинг және қаржы индустриясын жетілдіру жұмысын жүргізуде. Тараптар тиісті Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде өзара ақпарат алмасу, бірлескен исламдық қаржыландыру бағдарламалары мен стандарттарын әзірлеуге қолдау көрсету көзделген. Екі тараптың әрекеттері исламдық қаржыландырудың әлеуетін асыруға және ол туралы, сондай-ақ Қазақстандағы және ТМД-дағы стандарттар туралы хабардар болуды арттыруға бағытталған.

Исламдық қаржыландыру – қаржы нарығының тез өсіп бара жатқан сегменті, қазіргі кезде әлемдік көлемде 2,5 трлн АҚШ долларын құрайды, өсу әлеуеті 50%-ға дейін, яғни жақын уақыттағы екі жылда 3,8 трлн АҚШ долларына дейін өседі. Қазақстанда исламдық қаржыландыру бизнесті дамытуға, мемлекеттік және муниципалдық, сол сияқты жеке секторда қаражат тартудың балама көзі болып табылады.

Ислам банкингі клиентпен әріптестік қатынастарға және онымен тәуекелдерді бөлісуге негізделеді, мұнда қаржылық әділдік идеясы және қаржылық мәміленің барлық тараптарының мүдделерін ескеру басты назарда болады.

«ТМД аймағы көптеген мұсылман халқының, сондай-ақ үкіметтер саясатының және ислам қаржысына қолдау көрсету инфрақұрылымының арқасында ислам қаржысының тез өсіп келе жатқан маңызды шептерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті Меморандумға қол қоюға байланысты AAOIFI Бас хатшысы Омар Мұстафа Ансари мырза. «AAOIFI Агенттікпен осы Меморандумға қол қойғанына қуанышты және исламдық қаржыландыруды дамытуға және барлық қатысушылардың жобалық міндеттемелерін орындауына қолдау көрсетіледі деп үміттенеді», - деді AAOIFI Бас хатшысы 

Қазақстанда екі Ислам банкі — Al Hilal және Заман-Банк жұмыс істейді. 2020 жылдың соңына қарай олардың жиынтық активтері 81,9 млрд теңгені құрап, алдынғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,5%-ға артты. Бұл ретте соңғы үш жылдағы активтердің орташа жылдық өсімі 30,3%-ды құрайды. Дегенмен, ислам банкингінің елдің банк секторындағы үлесі төмен деңгейде — бар болғаны 0,26%. Алайда, бұл сегменттің өсуін сарапшылар өте перспективалы деп бағалайды.

«AAOIFI ислам қаржы индустриясы үшін маңызды инфрақұрылымдық мекеме болып табылады, ол осы сала үшін стандарттар мен басқару қағидаттарының сенімді жиынтығын әзірлейді», - деп атап өтті Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков«AAOIFI-мен бірлескен пайымды, бірлескен жобаларды жүзеге асыру исламдық қаржыландыруды дамытуға және еліміздің барлық қаржы секторын дамытуға тұрақты негіз қалауға мүмкіндік береді. AAOIFI-мен ынтымақтасу біз үшін үлкен мәртебе және біз бұл ынтымақтастық өзара тиімді және нәтижелі болады деп үміттенеміз», - деп қорытындылады қаржы реттеушісінің өкілі.

Агенттіктің халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметі туралы толығырақ ақпарат алу үшін – Агенттіктің Халықаралық қатынастар және интеграция басқармасы: Азиза Ғабитқызы – жетекші маман +7(727)237-11-11

Дереккөз: www.gov.kz/memleket

white-arrow Тізімге